Бала - ата-ана бейнесінің айнасы

Барлық ата-аналар сыпайы, тілалғыш және ақылды балалар армандайды, олар бақытты, ашық балалық шағы бар. Онда отбасындағы кішкентай және тілазар,бұзық балалар қайдан пайда болады? Айта кету керек, ата-анасына бағынбайтын бала жоқ, тек ата-ана баласын тыңдап үйрену керек. Себебі ата-ананың бала сөзін түсінбеуі бүлдіршіннің қырсықтығына алып келеді. Ата-анасы тәрбие беруде қателіктер жасайтын немесе олармен ешқандай қарым-қатынас жасамайтын балалар,көбінесе қырсық әрі айтқанынан қайтпайтын болып өседі,себебі,олар тек өзінікінің дұрыс деп біледі,оларды ешкім түзетуге тырыспаған.. «Ата-анасын білгіңіз келсе, олардың баласына көз салыңыз» деген ой дұрыс айтылған деп ойлаймын. Бала жетілгеннен кейін,ата-ананың мінез-құлқы......
Шығармалар
Толық

Жарқын елдің шамшырағы –жас маман

Адамзат баласының даму тарихы тамырымен тереңге байлап кете бермек. Сонау тас дәуірінен бергідегі сақтарға дейін, одан қалса бүгінгі айбыны асқар,тәуелсіз, егемен ел Қазақстанның күнінде де адамзат баласының бармасына ортақ бір қабілет, бір сезімі бар. Ол – білімге құштарлық, бір нәрсені білуді, тануды қалау сезімі.Қай заманда, қай дәуірде болмасын адам білім іздейді, ізденіске талпынады. Дәл осы білім қуу жолында адамның арқа сүйер жаны мұғалім екені сөзсіз. Бұл мамандықтың қашан пайда болғаны белгісіз. Ол бар еді, бар бола бермек. Тіпті, ұстаздық әлеммен бірге жаратылғандай. Сонау Ескендір Зұлқар....
Шығармалар
Толық

Бүгінгінің тойындағы дарақылық...

Той – халықтың қазынасы. 30 күн ойын, 40 күн тойын тойлаған, жиған тергенін дүбірлі тойда ғана шашатын қазақпыз. Ұлттық тәрбие бесігі бола білген қазақтың тойында әдет-ғұрып пен салт-дәстүр сақталып, мазмұны мен маңызы ерекше болған. Ал қазір ше? Қазіргі тойлар – есепсіз ысырап пен мақтан үшін жасалып жүр десем артық......
Шығармалар
Толық

Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан өзіне қажетті тұсты таңдап, жүзеге асыру үшін іргелі іске өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет. Себебі, бұл – бідің еліміз, біздің ұлтымыз және біздің болашағымыз үшін қажетті бастама, қажетті құндылықтар екендігін айтты. Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге....
Шығармалар
Толық

Қан майданда бірлікпен келген Жеңіс!

9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өтетін ерекше мереке. Жеңіс күні бір уақытта қуанышты,әрі қайғылы . Қуаныштысы , себебі Кеңес әскерлері нацистік Германияны жеңді, ал көңіл көңшітері өйткені жеңіс бізге өте қымбат бағамен берілді. Еске алайық соңғы оқиғалар, соғыс, жеңіске жетуге қалған санаулы күндер…
Тарихқа шолу
Кеңес әскерлерін жеңіске деген қадамы 1945 жылдың қаңтарында, Польшаға және шығыс Пруссияға шабуылдан басталды. Кеңес Одағының әскері біртіндеп германдық бөлімдерді уақытынан бұрын......
Шығармалар
Толық

Әдебиет | Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм

Зерттеудің мақсаты:
Мұқағали ақынның Отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларын зерттеу, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Мұқағали ақынның ақындық әлеміндегі Отанға, туған елге, жерге арналған өлеңдеріндегі ойларды қосымша ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге, ақындық кредосын (ойының түп қазығын) табу, зерттеу.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық дүниесіне шолу, соның ішінде Отан тақырыбында, халқына, туған жеріне деген махаббат сезімдеріне толы өлеңдерін саралау.
Екінші кезең: Мұқағали туралы естеліктерді жинау, газет - журналдардан «Ақынның өмірде зерттегені - алдымен өзін зерттегені»деген тақырыпқа сәйкес материалдар іздеу. Отан, туған жер туралы шығармаларына, поэмаларына, аудармаларына, прозалық шығармаларына шолу жасау. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Банк ісі | Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерімен шығарылатын банктік карточкалар

Кіріспе.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының төлем системасының ұйымдастырылуы жетілдіріліп келеді. Төлем системасындағы есеп айырысу операциялары экономикадағы ақша массасы мен оның қозғалысын реттеуге және оған бақылау жасауға ықпал етеді. Есеп айырысу операциялар банктік операциялар ішінде ең көп қолданылады. Төлем құралдары ішінен артынан шыққан банктік карточкалар қазіргі таңда кең өріс алуда. Төлем карточкалардың көптен қолдануы «көлеңкелі» экономика көлемінің азаюына және ақша айналымыныңбір бөлігінің легалдандыруына ықпал етуі мүмкін. Бұл пікірді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төрағасы Ануар Сайденов айтқан болатын. Банктік карточкаларды қолданудың ыңғайлығы мен оның мүмкіндіктері , оны жетілдіріп дамуына және басқа төлем құралдарынан озып кетуіне ықтимал. Осы мақсаттарда клиенттерге осы төлем нысаны бойынша қызметтер кеңейте түседі. Ал бәсекелестікті қолдау үшін жүргізілетін есеп айырысу операциялары бойынша тарифтер төмендетіліп, түрлі жеңілдіктер жасалып отыр. Бұл банктік карточкалардың төлем системасында нығая түсуіне ықпалын тигізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Оғызнама Сыр бойында туған шығарма

Екінші, осы «Оғызнама» шығармасы қай дәуірде туған асыл мұра? Үшінші, «Оғызнама» дастанын бірсыпыра зерттеушілер «аңыздық дүние» деумен келеді. Неге бұлай бұрмаланып айтылады? Төртінші бұл дастан негізінен бүгінгі ұрпаққа ауызша жеткен бе, әлде жазбаша түрде түскен бе, кезінде хатқа түскен бе? Бесінші, сол дүниені эпостық шығарма деп айта аласыз ба? Алтыншы, «Оғызнама» дастанындағы Оғыз қаған деген кім, тарихи тұлға ма, әлде аңыздық кейіпкер ме? Жетінші, осы дастанның негізі арқауы – Оғыздар қайдан шыққан, олардың өмір сүрген жері, заманы қайсы? Міне, осылай тізбектелген өзекті сұрақтарды тіркей беруге болады.
Бірақ, осы сауалдардың көбіне қазіргі таңға дейін әлі тұжырымды, толық жауап қайтарылған емес. Адалына көшсек, «Оғызнама» дастаны түркі тілдес халықтардың мұрасы екенін шет ел ғалымдары ашып, айтып берді. Осы зерттеу еңбекке ғылыми түрде жауап қайтаруды мақсат еттік......
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Сыр сүлейлерінің шығармалары Нұртуған жырау

Тақырыбы: Сыр сүлейлерінің шығармалары. Нұртуған жырау (презентация түрінде)
Мақсаты:
• Өз заманының шындығын, ақиқатын, сыншылдығын жырлап келген, қоғамның келеңсіз тұстарын өткір сынаған, сырдың сүлейі атанған Нұртуған жыраудың өресі биік құнды дүниелерін, тәрбиесі мен тағылымы мол шығармаларын келешек ұрпаққа насихаттау, үлгі ету.
Міндеттері:
• Нұртуған жыраудың құдіретті сөз өнерінің барша қасиеті бойынан табылатын тума талант, дарабоз дарын иесі екендігі туралы түсінік беру;
• Талант иесінің туындыларының дүниеге келуі ұлт өнері үшін, оның келешегі, бүгінгі тарихы мен болашағы үшін ерекше құндылық екендігін таныту.
Зерттеу жұмысына қолданған әдіс - тәсілдерім:
• Сұрақ - жауап
• Талдау
• Пікірлесу
Жобаның жоспары:
• Кіріспе
Сырдың сүлейлері
• Негізгі бөлім
1. Нұртуған жырау өмірі
2. Нұртуған жыраудың қасиеттері
3. Нұртуған жырау шығармалары
4. «Нұртуған мектебі»
5. Мен билетин - Нұртуған жырау ( сұхбат)
• Қорытынды .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер

Зерттеу мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау.....
Ғылыми жобалар
Толық