Төлеубек Аралбай Мұхамеджанұлы (1950 жылы 18 наурыз)

Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай (1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.
Әкесі - Аралбай Мұхамеджан, марқұм, теміржолшы болған. Анасы - Аралбаева Бәтіш, марқұм, үй шаруасымен айналысқан.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының драма және кино режиссурасы факультетін бітірген (1996), драма және кино режиссері.
1964 жылдан 1970 жылға дейін - Абай атындағы Семей облыстық Қазақ драма театрының актері.
1972 жылдан 1974 жылға дейін - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы студияның актері.
1976 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
«Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Айдаһар жылы» (Мылқау Қытай) кинофильмінде, «Шегіртке» (Әлихан) телесериалында, «Азияшыл» фильмінде рөлдер орындаған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық