Төлеубек Аралбай Мұхамеджанұлы (1950 жылы 18 наурыз)
Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай (1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.
Әкесі - Аралбай Мұхамеджан, марқұм, теміржолшы болған. Анасы - Аралбаева Бәтіш, марқұм, үй шаруасымен айналысқан.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының драма және кино режиссурасы факультетін бітірген (1996), драма және кино режиссері.
1964 жылдан 1970 жылға дейін - Абай атындағы Семей облыстық Қазақ драма театрының актері.
1972 жылдан 1974 жылға дейін - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы студияның актері.
1976 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
«Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Айдаһар жылы» (Мылқау Қытай) кинофильмінде, «Шегіртке» (Әлихан) телесериалында, «Азияшыл» фильмінде рөлдер орындаған.
Рөжиссерлік-қойылымдық жұмыстары: Ы. Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Ә. Әмзеұлының «Қара кемпірі», В. Смеховтың «Али-Баба және 40 қарақшысы». «Абылай хан» (Бұхар жырау), «Мөлдір махаббат» (Жақыпбек), «Гамлет» (Клавдий), «Өмірзая» (Ес), «Ғасырдан да ұзақ күн» (Едігей), «Мен ішпеген у бар ма?» (Абай), «Ай тұтылған түні» (Дәруіш), «Үміт үзгім келмейді» (Мейірбек), «Сағыныш пен елес» (Хайретдин) спектакльдерінде ойнаған.
Марапаттары
1995 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағымен марапатталған.
1998 жылы «Астана медалі»;
2006 жылы «Құрмет ордені» нің иегері.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті. (ғылыми атағы);
2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі.
2017 жылы президент жарлығымен Парасат орденімен марапатталды.
Жеке қасиеттері
Діни көзқарасы - «Жан дүниесімен құдайға сенуші». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақтылық, экономикалық өркендеу, мәдени мұраларды жаңғырту». Хоббиі - автокөлік. Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, М. Жұмабаев, Ш. Айтматов, М.А. Булгаков, А.П. Чехов, Н.В. Гоголь, А.С. Пушкин.
Жеке өмірі
Үйленген. Жұбайы - Аралбаева Гүлмарам Аптыбайқызы (1955 жылы туған), дәрігер, педиатрия жөніндегі бас дәрігердің орынбасары.
Қыздары - Әсел (1981 жылы туған), әкімшілік соттың бас маманы; Салтанат (1991 жылы туған).
Немерелері - Ақбаян (2002 жылы туған), Айтбай (2003 жылы туған), Әмина (2006 жылы туған), Ратмир (2007 жылы туған)

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?