Қолға үйретілген құстардың ішінде ең кең тарағаны - тауық. Еті де бүгінгі күні сұранысқа ие. Дүкен сөрелерінде сиыр, қой, жылқы еттерімен қатар тұрады. Бағасы жағынан қалта көтерерліктей. Ет саудасымен айналысатын сатушылар құс етінің ішінде кең тарағаны әрі өтімдісі тауық еті деп айтады. Етінің құрамында.......
АҚШ-тағы Индиана университеті Орталық Еуразияны зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман 40 жыл бойы қазақ және өзбек тілдерін зерттей келе «шала қазақтарды» сынауға болмайды деген тұжырым жасады.
Бұл туралы «Мой городқа» сілтеме жасап, NUR.KZ хабарлады.
«Мен «шала қазақтар» деген ұғымнан хабардармын. Менің бірнеше «шала қазақ» достарым бар. Олар өз тілінде сөйлеуге тырысқан сайын, айналасындағылар саусағын шошайтып, сынға ала бастайды. Олар тығырыққа тірелген. Бір шетінен өз тілдерін үйренгісі келеді, екінші шетінен сол үшін көпшіліктің мазағына қалады. Ал мен, Америкадан келген профессор, қазақша қате сөйлеп бастасам, шала қазақ емес, керісінше, қазақша сайраған адам болып шығамын. Олай болмауы керек», — деп ағынан жарылды Фиерман сұхбатында.
Уильямның ойынша, мұндай «шала қазақтардың» қалыптасуына КСРО кезіндегі саяси қуғын-сүргін мен қазақ тілінің үш рет жазу емлесін ауыстыруы себеп болған.
«Репрессия — орыстандыру саясатының бір бөлігі болды. Бұдан бірінші кезекте....
Еркелету тек ер мен әйелдің арасында ғана емес, ата-ана мен баланың, жалпы үлкен -кіші арасында болатынын да ескеріп өткім келді. Сонымен, қазақтар балаларын қалай еркелетеді? Қазақтар сый-құрметті үлкендерге алғашқы буынға -еке, -аға, -ке, -а, сияқты жалғаулар қосу арқылы: Мәке, Сәке, Тәке, Бәке, Нұраға, Мұқа, Бауке – деп білдіретінін белгілі. Бірақ, кішілерге сүйіспеншілікті, жылылық пен мейірімді қалай жеткізген? Осыған жауапты, аталарымыздың малшылық пен аңшылық кәсібінен іздеп, қазағымның қазіргі еркелету сөздеріне қатты әсер екетенін байқауға болады. Ботам, ботақаным.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Құрметті ұстаздар, түлектер және ата-аналар, ең алдымен барлығыңызды да бүгінгі мерекелі күнмен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер!
Мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған біздің ұл-қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы отыр. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты.....
Қазақстанда Start-up жобаларды қолдау қоры пайда болады. Қорды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрады. Бұл туралы «АЛМЭКС» Холдингілік тобы» АҚ Басқарма Төрағасы Мәжит Есенбаев баспасөз-конференциясы барысында хабарлады.
«Біз start-up жобаларды қолдау жөніндегі қор қалыптастырмақшымыз. Жиынтықтап алғанда бұл қор шамамен 10 миллион доллар болмақшы. Өздерінің арынды идея-тілектері бар, алайда оларды жүзеге асыратын қаражаты жоқ жастарды қолдағымыз келеді. Мұндай қаражат болады, және ол қаражатты жастарға беруге дайынбыз», – деп мәлімдеді Мәжит Есенбаев.....