Өлім шыққан жерге көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қайғының бір қиялы түсті ойға,
Жайылды шымырлатып өне бойға.
Адамзаттың басына іс түспесе,
Адамға сөз келе ме бекер жайға.
Ажал тура келіпті қоймауына,
Қара жер алып кірді қойнауына.
Ата-баба асылдың бәрін жалмап,
Қара жер қанша алса да тоймауында.
Адам ата, Хауа ана—түп анамыз.
Жалғанды бүйтіп жүріп жұбатамыз.
Содан бізге қалыпты мирас болып,
Өлгенге көңіл айтып жұбатамыз.....
Өлеңдер
Толық

Жұбату (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Қияғы бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Шудасы бүтін түйе жоқ,
Кекілі бүтін бие жоқ.
Жанып бітпес көмір жоқ,
Жабырқамас көңіл жоқ.
Батпайтын күн жоқ,
Атпайтын таң жоқ.
Отырсаң ойлап, әлемде
Өлмейтін жан жоқ.....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кеттің бе енді, кеттің бе,
Бұл дүниеден өттің бе?
«Жесірлік» деген сұм тағдыр,
Басымды бүркеп жеттің бе?
Өлсемші, Алла, өлсемші,
Мені жұртым көмсеңші.
Арысым қалып, мен өліп,
Ел-жұртпен бірге жүрсеңші.
Жан үнім шықты-ау сызылып,
Арманым сөнді-ау үзіліп.
Бір ауыз тіл қатсаңшы,
Елің тұр тұтас тізіліп.
Машина мынау қаптаған,
Қара жерді таптаған.....
Өлеңдер
Толық

Естірту, тоқтау, көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аққу ұшып көлге кетті,
Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ,
Бәріміз баратын жерге кетті.
Арғымақтың тұяғы
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
Тозбасты ұста соқпас,
Өлместі құдай жаратпас.
Өлмейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Өлмесе, ата-бабаларымыздың....
Өлеңдер
Толық

Соңғы хат

"Ол замандарда, біз xат жазушы едік, қазіргідей телефон деген жоқ," - деп бастады әңгімесін, Марат ағам.
"Қателеспесем, 94 жылдың күзі. Мектептегі қатарласым, басқа сыныптағы Әлияға іштей ғашық болып жүрген кезім еді. Оныншы сынып оқып жатқан шағымыз. Мен де көркі өзіне сай жігіт болдым ау, шамасы. Себебі, оның да маған көңілі барын сезетінмін. Хат жазып көңілімді білдіруге бел будым. Бірінші xатты жазу мен үшін, сірә, "Абай жолын" жазып.....
Әңгімелер
Толық

Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Білім саласы: Әлеуметтік орта
Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» (сюжеттік - рөлдік ойын)
Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру.
3. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жолақ сызықты жол, буклет.
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Туған жер (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.
Қарғама, жалғызыңды-ай!

Туған ел, амандасам жас-кәріңе,....
Өлеңдер
Толық

Жұмабай Арман (Тәуелсіздік)

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Оны бізге ешкім тегін бермеді.
Желтоқсанның ызарында қиналып
Қазақ елі Тәуелсіз боп өрледі.

Талай боздақ жігіттер де қыздар да
Көз жұмды ғой сол бір....
Өлеңдер
Толық

Жұмабай Арман (Фаризаға)

Батыстың қастерлі ақын қызы
Өлеңі дариға ақиық батыл қызы
Өлеңімен жүрекке нұрын сепкен
Фариза атты қазақтың батыр қызы

Қазағымның намысқойы, ұлтжандысы
Мейірбан, елін сүйген......
Өлеңдер
Толық