Ақшақар

Ақша қар, ақша қар,
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды
Алақаныма толасың.
Тақпақтар
Толық

Қазақтың салт - дәстүрлерін құрметтеу - борышым

 Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің.....

Шығармалар
Толық

Менің ұстаздық борышым

Еліміздің ертеңгі мен бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев

Мен үшін мұғалім мамандығы – ең асыл мамандық. Барлық мамандықтың мамандығы. Мұғалім мамандығын таңдау үшін жүректің батырлығы, жауапкершілік және заман талабына сай болу керек.

Уақыт озған сайын, жаңа техника мен технология да дамып келеді. Осыған орай, біз болашақ ұрпақты табысты етіп тәрбиелеуіміз керек. Табысты тұлға қандай болу керек? Еңбеккор, алдына мақсат қойып, оған ұмтылатын, адамгершілігі мол, жауапкершілігі бар және бәсекеге қабілетті болу керек. Заман талабына сай тәрбие беруде біз адамгершілікті де ұмытпауымыз керек. Халықта.....
Шығармалар
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Адамның дене мүшелері (тырнақ, шаш, ауыз, бет, тіс, бас, тіл, саусақ, кіндік, құлақ, көз бен мұрын)

Қолымда он жүзігім ал шығармай,
Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай.
Төрт торы, екі сала жұмбағым бар,
Мұны тапқан мені алсын мал шығармай.
Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі

Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Сол таудың ортасында екі өзен.
Астында бұлағы бар, алды кезең.
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ,
Адамзат көргенің жоқ ондай өзен.
Сол таудың етегінде жалғыз құдық,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл тас жібереді бәрін қиып.
Адамның басы, беті, аузы, тісі

Еңкейсем еңкейеді,
Шалқайсам шалқаяды.
Көлеңке
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Математикалық

Мұрат мектепке жаяу барады. Жолдың төрттен біріне келгенінде мешіттің жанынан, үште біріне келгенінде балабақшаның жанынан өтеді. Мешіттің жанына келгенде сағат 7.30, ал балабақшаға келгенде 7.35 болады. Әли үйден сағат нешеде шығады және мектепке нешеде барады?
Мешіт пен балабақша арасы, жолдың 1:3 – 1:4 = 1/12-і. Мұрат бұл ара-қашықтықты 5 минутта жүріп өткеніне қарағанда, жолдың толығын 12х5=60 минутта жүреді. Демек үйден 7:15-те шығып, мектепке 8:15-те барады.

Дастархандағы ыдыста бірнеше алма бар еді. Анасы мұның үстіне бірнеше алма қосып 2 есеге көбейтіп қойды. Үйге кірген үлкен баласы 8 алма алып кетті. Алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп алма қосып қойды. Даладан келген екінші баласы да 8 алма алып кетеді. Дастархандағы алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп қояды. Үшінші баласы келіп, 8 алма алып кетеді. Нәтижеде дастарханда ешқандай алма қалмайды. Ең бастапқыда дастарханда қанша алма бар еді?
Ең бастапқыда “у” алма бар еді делік. [(2y - 8) x 2 - 8] x 2 - 8 = 0 теңдеуін құрып есептегенде у=7 шығады.

Қыр басындағы үйіне 9 минутта барып келетін велосипедтегі адам төбеге көтерілу үшін, төменге түсетін уақытынан бес есе артық уақыт жұмсайды. Бұл адам төбеге қарай қанша минут жол жүреді?
9/6х5=7,5 минут
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Алыстағы Махаббатым

Содан 9 жылдан соң Қостанай облысынан Шымкент қаласына Махаббатпен кездесуге бардым. Бул кездесуді мен коптен кутіп едім... Ол кезде мен Махаббаттын көзінен тек қана қуанышты кордім. Менім өмірімнің қуанышты шағы тек қана сол Махаббатпен бірге болÒ
ған шақтарым. Ол кезде менен откен бақытты жан жоқ еді...
Махаббат хикаялары
Толық