Психология | Мінез туралы жалпы ұғым

Мінез туралы жалпы ұғым
Әр адам сыртқы дүниесінің сансыз тітіркендіргіштеріне өз елінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-катынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кей де оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераметінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды ор қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Меншiк капитал туралы түсiнiк

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Менеджмент туралы жалпы түсінік

Кіріспе
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар туралы түсінік

Кіріспе
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтанған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды айтады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Алланың сынағы.....

Аязды күн......
Жүректерді жылатқан биязы күн.
Қайғылы күн.......
Бес бүлдіршін өліп кеткен қараңғы түн.
Ақшаның жетегіне ерген ата анасы,
Қайғыдан қан жұтқан түн.
Бәрі кетті...
Өлеңдер
Толық

Рухани жаңғырудың – қоғамдағы рөлі

Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған болатын.
Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынуымен басталды. Үшінші жаңғыру Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек – бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр.
Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың......
Шығармалар
Толық

Ұлттық ойын: Соқыртеке

«Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.

Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың, не жігіттің көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:

Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ.
Қайда кеттің қалқа жан,
Жетектейтін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас,
Қала бермек көзім боп,.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Сен тұр сен шық

«Сен тұр, сен шық!» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды 4—5 адам бірігіп ойнайды. Қалғандары көрушілер қатарында болады да, кезектері келгенде ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойынға қатынасушылардың бәрі де саусақтарын столдың үстіне салып, өздері столды қоршап отырады. Ойынды алғаш бастайтын ойыншы тек сол жақ қолын ғана салады. Оң жақ сұқ саусағымен столдағы саусақтарды санап шығады:— 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15... Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның санау сөздерін айта береді. 1. Бірім-бірім, 2. Екім-екім, 3. Үшім-үшім, 4. Төртім-төртім, 5. Бесім-бесім, 6. Алтым-алтым, 7. Ауыр балтам, 8. Қалың қалтам. 9. Алтай-сәлтай. 10. Балақай-алақай. 11. Олпық. 12. Солпық, 13. Сен бұқ (бұл саусақ ішіне қарай бүгіледі). 14. Сен тұр (бұл саусақ басын тік көтереді). 15. Сен шық (бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, саптан шығады).

Ендігі кезек тік тұрған саусақтан басталып, тағы да әрі қарай жоғарғы санау сөздері қайталанады да, 15-ші сөзге жетіп, «Сен шық» дегенде он бесінші саусақ тағы да саптан шығады. Ойынның барысында әркім өз саусағын тезірек түгел есептеп шығарып алуға тырысады. Саусақтары ең соңында қалған адам ұпай тартады.

Осы 15 сан айтылып отырғанда «Сен шық» деген сөздің кімнің саусағына дәл келетінін алдын ала есептеп болжап алуға болады. 3 кейде 2 саусақ ойынның ең артында қалады. Онда сол бұрынғы кезек тәртібімен әлгі санау сөздері қайталана береді.

«Бүк» дегенде бүгіліп қалган саусақтар, яғни 15-ші сөз келгенде «Қасқырдан бұғып қалған төрт түліктің бірі» деп есептеледі де, сол ойыншының құлағына былай деп айғайлайды......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Орда

Орда — ұлттық ойын.

Ойын тек айлы түні ойналады. Ойын кең алаңда, шөбі шүйгін көгалды, шилі жерде өткізіледі. Ойынға ірі малдардың жілік сүйегі керек. Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы тағайындап алады. Оның бір тобында сүйек болады. Екі топқа ортақ көмбе белгіленеді. Оны «Орда» деп атайды.

Сүйегі бар топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Қалғандары сүйекті іздеп кетеді. Сүйекті тауып алған ойыншы «Сүйек менде» деп ордаға қарай жүгіреді. Қарсы топтың ойыншылары оны қуып сүйекті алуға тырысады. Ал сүйек қолында бар топтың ойыншылары оны сатылап алып қашып бермеуге тырысады. Егер қарсы топ сүйегі бар ойыншыны қуып жетіп сүйекті алса, ол ойыншы да сол топқа өтеді. Ойын екі топтың қайсысының ойыншылары таусылып болғанша жүре береді.

Бұл ойын жеткіншектерді бағдарлай білуге, айла-амалға, жүгіре білуге үйретеді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Орамал тастау

Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз», дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы керек.

Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады.

Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді.

Бұл ойын жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық