Қаржы | Жеке табыс салығының жағдайы және оны жетілдіру

Жеке табыс салығы жеке табыс иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді. Жеке табыс жалпы халықтың меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жеке табыс салығы болды. Өйткені, жеке табыс пайдаланушылар жеке табыс иеленушілерден шаруашылық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар, жердің табиғи өнімдеріне және орналасу тиімділігіен байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жеке табыс пайдаланушыларды қамтамасыз ету, мүмкін емес. Сапалы әртүрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып, әртүрлі нәтиже алады.Сондықтан жеке табыс иелену құқығы қоғамның барлық мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек .Бұл жеке табыс салығы арқылы жүзеге асырылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Заңды тұлғалардың табысы мен шығындарының салықтық есебі

Бітіру жұмысының өзектілігі. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен салалы іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді. Кез келген мемлекетте бюджетте қарастырылған шараларды үздіксіз қаржының жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейде қаржылық ресурстардың жүйелі толуын талап етеді.
Бұған негізінен жеке және заңды тұлғаның салық және бюджетке төлеуі есебінен қол жеткізеді.
Қазіргі салықтық заңнама және өзге нормативті актілерге сай төлеумен орнатылған мөлшерде және белгілі бір мерзімде аталған төлемді төлеуге міндетті ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және жылдық табысын талдау

Кейіңгі кезде Қазақстанның есеп жүйесінде көптеген күрделі өзгерістер болды, және оны одан әрі жетілдіру жағдайы әлі жалғасуда. Есеп жүйесінде жаңа мүлік түрлері мен міндеттемелері, сондай-ақ жаңа шаруашылық операциялары пайда болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің есеп аясы біршама артып келеді. Шаруашылық жүргізуші субъектісі есепті жүргізу техникасын, нысанын, әдістемесін әрекет етіп тұрған заңға және Халықаралық стандарт жүйесіне сәйкестендіріп,сондай-ақ сала ерекшелігін ескеріп өздерінің есеп саясатын қалыптастыруына болады. Сонымен қоса, шаруашылық субъектісі өздерінің өндіріс запастарын бағалаудың әдістерін және өнімнің өзіндік құнын есептеудің тәсілдерін таңдау құқығына да ие. Осы және басқа да өзгерістер бухгалтерлік есеп берудің жүйесі де біршама мәнді өзгерістер әкелді. Оның құрамы, мазмұны халықаралық есепке жақындатылады, сонымен қоса есеп берудің мәліметіне, кез келген тұтынушылар пайдалана алатын болады.
Бухгалтерлік есептің анықтылығы және тәртіпке салынған жұмыс көп жағдайда субъектісінің экономикалық жағдайына бюджетке жасалатын төлемінің уақыты мен мөлшеріне және сатып алушылармен есеп айырысуына әсер етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Аянаның табысы


- Сайынованың шәкірті не болды?

Директордың бөлмесінде отырған Баянбаеваның осында кіргендегі көңілі пәс тартты. Әлгінде ғана қалалық жарыстан озып шыққан шәкірті Аянаның табысы директор ханымды аса қуанта қойған жоқ. Баянбаеваның алабұртқан көңілі осыған сап басылды.

Директор сұрағын тағы да қайталады:

- Сайынованың шәкірті не болды?

- Сайынова... - Баянбаева директор ханымның көңіліне қарап кібіртіктеп қалды. - Сайынованың шәкірті қалалық жарыстан өте алмады.

Сол-ақ екен, директордың қабағы қарс түйіліп кетті.
.....
Әңгімелер
Толық

Динара Жамбыл | Рухани жаңғыру табысты ел болуымыздың кепілі

Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін......
Әңгімелер
Толық

Махамбетәлиева Зере | Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі


«Қазіргі дәуір атыс айқайдың дәуірі емес, іс дәуірі», -деп Сұлтанбек Қожанов айтқандай, қазір сөзге емес, іске көшетін заман. Қазақстан тәуелсіз ел болғалы 26 жылдан асып келеді. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, Қазақстан «Тәуелсіз ел» атанғанда бүкіл алаш жұрты «міне, ел болдық, еркіндік қолымызға тиді» деп қуана бөріктерін аспанға атқандары тайға таңба басқандай анық байқалады. Қазақ елінің соңғы жиырма алты жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы - тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. «Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманға қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек» дейтін елбасымыз, еліміздің ендігі тарихын ұлылар рухында одан әрі жаңғыртуда. Тәуелсіздік алған сәттің алғашқы жылдарынан бастап елбасымыздың жолдаулары Қазақстан халқына бағыт-бағдар беріп, болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік берді. Қайта түлеу жолында халқының қамы үшін қалтқысыз еңбек етіп жүрген кемеңгер елбасымыз бүгінгі күнге дейін жаңғырудың үш сатысымен толыққанды таныстырып өткен болатын. Біздер алғашқы жаңғыруда экономикадан нарықтық экономикаға өткен болсақ, екінші жаңғыруымыз «2030 стратегиялық бағдарламасының қабылдануы» болып есептелінді. Ал, үшінші жаңғыруымыздың орны орасан зор. Бүгінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын Қазақстанның үшінші жаңғыруы кімнің де болмасын делебесін қоздыратыны айдан анық.

Өмір сүре білу үшін өзгере білу қажет. Міне, егемен елдің ертеңгі күні жарқын болсын десек, күні бүгіннен, тіпті дәл қазіргі сәттен бастап тыным таппауымыз керек. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ой таразысынан өткізген соң, ауқымды және маңызды жұмыстардың іргетасын бірге қалағанымыз жөн. Сабақты ине сәтімен. Осындай ірі, ауқымды жұмысымыз жемісін берсе екен деймін. Сонымен қатар, сарабдал саясатының жемісін көріп келе жатқан елбасымыз, елімізді әлі талай-талай биік шыңдар мен толағай табыстарға жеткізетініне сенемін!

.....
Әңгімелер
Толық

Тәуелсіз 25 жылдағы табыстар мен жетістіктер

Тәуелсіз 25 жылдағы табыстар мен жетістіктер

Алатау мен Тянь-Шаньның асқар таулары, көкорай шалғындары, толқындары тулаған қарт Каспий, Балқаштың көгілдір көк айдыны, қарағайлы, қайыңды орманымен көркем Бурабай жері, қасиетті де киелі мекен Түркістан – бүгінгі қазақ елінің мақтанышы. Жер үшін,ел үшін соғысқан ата-бабаларымыздың басынан өткен......
Шығармалар
Толық

Әлемдегі ең бай жазушы әйел табысының құпиясын жария етті

Кез-келген адам табысқа жетіп, атақты болып, өмірде өзінің ізін қалдырып кетуді армандайды. Бірақ бұл арманға қол жеткізу тек мыңнан біреуінің ғана қолынан келетіні рас. Сонда өмірде табысқа жетудің жолы қандай және арманның орындалуы үшін не істеу керек деген қарапайым сұрақтар туындамақ.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық