Бір бойдақ досына: – Менің әйелім әдемі, ақылды, пысық әрі адал болады – деп мақтанады екен. Сөйтсе досы қалжыңдап: – Сен өзің сол шарттардың төртеуін де орындай алар ма едің? – деген екен. Мінеки, достар, біздің күйеу жігіттің жұлдызы оңынан туған екен – таңдаған жары әдемі, ақылды, пысық және адал екені байқалады. Жаңа өмірдің есігін ашып, табалдырығын аттағалы тұрған бұл екі жасқа тілейтініміз: қатар ұшқан аққудай жұптарың жазылмай, әрдайым бірге болыңдар. Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын. Бақытты болыңдар!
Анджелина Джоли есімі кино тарихына алтын әріппен жазылатын ат қана емес. Ол ең алдымен мықты әйел. Алты баланы тәрбиелеп отырған ардақты ана 21 ғасырдың сұлулық символы ретінде мойындалған.
Анджелинаның құпиясы неде десеңіз, басты құпиясы – бақытты болуында....
Наполеон Бонапарт – жарты әлемді жаулаған тарихи тұлға. Оны саяси қайраткер деп қана емес, ұлы қолбасшы, соғыс өнерінің білікті маманы ретінде де тани білуге тиіспіз. Оған Наполеонның «Соғыс өнері» атты еңбегі түйткі бола алады. Сіздерге ұлы француз қолбасшысының сол аталған еңбегінен алынған қанатты сөздерді ұсынамыз......