Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I cанатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы
Тәрбие сағат тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік
Тәрбие сағат мақсаты: а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 15 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру. б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
Адам –аса тамаша қасиеттің –сананың ,сонау алыста қалған заманға да , болашаққа да ойша шарықтайтын ,сыры беймәлім, армандар мен қиял дүниесіне көз жүгірте алатын парасат иесі. Сана деген не, ол қалай пайда болады , оның ерекшеліктері қан- дай? Бұл – аса қиын да күрделі ғылыми проблемалардың бірі. Өз санасының сыры жайында адам аса көне замандардың өзінде-ақ ойлай бастады . Адамзаттың озық ойлы өкілдері қөптеген ғасырлар бойы сананың табиғатын ашып қөрсетуге тырысты ,өлі материя өз дамуының белгілі бір дәрежесінде тірі материяны ,ал тірі материя сананы қалай туғызады сананың құрлымы мен функциясы қандай түйсіктен , қабылдаудан ойлауға өтудің механизмі қандай,сананың адам миының қыртыстарында жүріп жатқан материалдық , физиологиялық процестермен қатынасы қандай? – деген сияқты мәселелерге жауап іздеді. Бұл мәселелерге және олармен тығыз байланысты басқа көптеген проблемаларға , олар аса күрделі болғандықтан , ұзақ уақыт бойы мейлінше ....
Кезкелген инженер қызметінде есептің табысты шешілуі, әсіресе жобалау процесінде қанағаттандырарлық тудырады. Шынында, жобалау есептерін шығару кезіндегі интеративті тәсілдер мен инженерлердің творчествалық табиғатында көптеген бірлік, бірдей байланыс бар, себебі инженер ЭЕМ-ге жүгінеді, ондағы жағдай есепті тез, әрі үлкен дәлдікпен шығару. Бірақ, бұл мүмкіндіктер инженер жұмысында алгаритімді қалай алды және қалай қолданады осы есептерді шешу үшін соған байланысты. Біздің негізгі мақсатымыз ЭЕМ-н дұрыс пайдалану, ол үшін жобалаудың нақты есептерін шешу үшін тиімді есептеу алгаритімдерін құру, ол үшін әрине сандық тәсілдерге жүгінеміз,әрине, ол сандық есептер біреу емес, бірнеше. Сондықтан солардың қайсысын қай уақытта пайдалано болу-біздің мақсатымыз, бұл инженер үшін де, бұл жобалау процессі үшін де өте тиімді.....
Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы қоғамды зерттеу барысында қалыптасқан дәстүрлер негізінде өрбіді. Ежелгі грек және ежелгі шығыс ойшылдарының еңбектерінде жалпы философиялық мәселелермен бірге қоғамның тууы мен мәні, оның ұйымдасуы мен дамуы туралы мәселелер қарастырылады. Ежелгі оқымыстылар шынайы қоғамға тән сипаттамаларды анықтап қана қоймай,әлеуметтік процестерді “улгілеу” принциптерін қалыптастыруға негіз қалап , жекеленген әлеуметтік фактілер мен процестерге, қоғам құрылысына, адамдар, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы байланыстар мен қатынастарға нақты эмпирикалық талдау жасауға тырысты. Әрбір дәстүр социологияға қоғам мәселелерінің, социологиялық білімді жетілдірудің, құру және қолданудың, зерттеу пәні мен нысанын анықтаудың өзіндік зерттеу әдістерін әкелді. Социологияның ғылым ретінде тууы XIX ғасырдың ортасында француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет “Социология” терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г.Спенсер, К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер және т.б.) мен Американың (А. Смолл, Дж. Винсент, В.Томас, П.Сорокин, Т.Парсонс және т.б.) көптеген оқымыстылары айтарлықтай үлес қосқан. Социология пәні мен нысанын негіздей отырып, О. Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түрінде түсінік береді, оның ойынша, бұл білімнің қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға жалпыдан өзіндік ерекшелікке қарапайым дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады. Білім дамуындағы әр басқыш, Конт бойынша, -өзінің алдыңғысының алғы шарт ретінде есептейтін – жоғары тәртіптегі ғылым болып саналады. Онда негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше көрінеді: математика, астрономия, физика, химия, биология (соңғы терминде- О.Конттың үлесі) және социология. Берілген сызбадан көрінетіндей, социология басқа да ғылымдардың заңдарына негізделеді. Конт социологияның өзіндік, бұл заңдардың түрін өзгертеріндей және индивидтердің бір-біріне өзара әсерінен шығатындай қасиеті бар екендігіне айрықша мән береді. Бұл өзара әсер адамзат қауымында әр ұрпақтың келесісіне өтуі нәтижесіенде күрделене түседі. Осылайша, социология ғылыми білімнің дамуын қорытындылай отырып, қай кезде де өмір сүрген нысандардың ең күрделісін зерттейді. Мұндай нысан қоғам және индивидтердің бір-біріне әсері болып табылады. Қоғам жағдайы лайықты әсер еткенде ғана адам өзін жеке тұлға ретінде таниды. Адамның қоғамда бірнеше әлеуметтік ұстанымы болады , оның әрқайсысының белгілі бір құқығы, міндеттері болады, ол мәртебе (статус) деп аталады. Қоғамда алған әлеуметтік мәртебесіне сәйкес, адам қоғамда әлеуметтік роль атқарады. Роль дегеніміз- адам мәртебесімен көрінетін күтілетін мінез-құлық. Әр мәртебеге бірнеше роль енеді. Берілген мәртебеге әсер ететін рольдердің жиынтығы рольдер жиынтығы деп аталады. Белгілі бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған рольдер мен мәртебелердің ірі бірлестігі әлеуметтік институттар (отбасы, дін, білім беру, экономикалық , саяси жүйелер және т.б.) деп аталады. Арнайы институттар (латынша –institutum-нұсқама, мекеме) мен ұйымдар құра отырып, қоғам сол арқылы өзінің өмір сүруінің маңызды салалары мен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым- қатынас түрлерін нақтылап, бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді. Әлеуметтік институттар негізіне жататын әлеуметтік байланыстар институционалды деп аталалды, ал бұл байланыстарға тәртіптелген, нормативті сипат беру процесі институттандыру деп аталады. Әлеуметтік институттармен бірге қоғамда көптеген әртүрлі әлеуметтік (қауымдар) ұйымдар болады: әлеуметтік топтар, этникалық қауымдар, өмір сүру кезеңдері сияқты қауымдар (жыныстық, жас топтары), қоныстық, аймақтық қауымдар. Жоғарыда аталған әлеуметтік қауымдардың, олардың өзара әсерінің, даму және қызмет ету заңдарының барлық жиынтығы социология пәні болып табылады. Жоғарыда аталған қауымдар түрін біріктіруші әлеуметтік ұйым қоғам деп аталады және бұл социологияның нысаны болып табылады. ....
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс –– адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым –– осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жлқ. Ол тек адамға тән. Сондықтан, қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны алғашқыға теліген. Бұл идеализмге әкелген. Сонда сана дегеніміз? Ол қайдан, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болды? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми –– оның мекені. Сана –– адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жан-жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем талай дәуірді бастан өткізді. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р.Авенариусты В.И. Ленин өзінің «Материализм және эмприокритицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған болатын ....
Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Сана – адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал мана тек адам миының ғана жемісі. Бұл - өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді. Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сана және өзіндік сана процесінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау. Сана және өзіндік сана процесінің дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу Сана және өзіндік сана процесінің даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану Жалпы бұл зерттеудің теориялық мәні қазіргі таңда сана және өзіндік сананың даму және тәрбиелеу деңгейін анықтау жолдарына молына үлкен септігін тигізіп отырды. Мұнда көп ғылымдардың дәлелденген факторлы және теориялары қарастырылған. Жалпы айтқанда бұл теорияның сана және өзіндік сананың дамуын оның деңгейін анықтау бөліп табылады. Жалпы айтқанда бұл сана және өзіндік сананы зерттеудің мәні балның сананың дамуын оның деңгейін анықтау болып табылады....
Курорт дегеніміз – климаты ыңғайлы жерге орналасқан және табиғи емдік факторлары бар емдік-профилкатикалық мекеме. Курорттарды әртүрлі комплексті емдік профилактикалық мекемелер болады. Олар санаториилер, пансионаттар, курорттық емханалар монша орындары, лаймен емдеу орындары. Олардың ішінде бастысы санаторий болып табылады. Санаторий – бұл мамандандырылған емдік – профилактикалық мекеме, ол жерде келесі емдік комплекстер қолданылады: климаттық терапия, больнеологиялық терапия, лаймен емдеу, аппараттық физиотерапия, емдік денешынықтыру, активті демалу және активті өмір сүруі. Арнайы климаттық курорттарда санаториилардан басқа дем алу үйлері, пансионаттар, турбазалар, кемпингтер, сонымен қатар дәстүрлі жиындар, мұхит пен өзендерде шомылу, туризм, денешынықтыру және спортпен айналысу климатпрофилактиканың арқасында іске асырылады. Балалар мен жас өспірімдерге арналған өз алдына санаториилар бар. Курорттар маңыздылығына байланысты жергілікті, республикалық және халықаралық болып бөлінеді.....
Есептеу техникасының дамуы жылдам әсер етуші және бағдарлама арқылы басқарылатын электронды машиналардың пайда болуы, бағдарламалау өнерінің пайда болуы ондық және басқа санау жүйелерінің терең әрі мақсатты зерттелуін талап етті.
1950 жылдардағы математиктер мен есептеу машиналарын құрастырушылардың алдындағы өзекті мәселе қолданбалы бағдарламалау және жаңа есептеу құрылғыларын, шығарушылардың талаптарына сай келетін санау жүйелерін табу және есептеу тәсілдерінедеген көз қарас қысқа мерзімде өзгерді.
Ежелгі интеллектуалдық шеберліктің бірі арифметикалық санаудың б.з. да дамуы мүмкін екен. Сандарды бейнелеу әдісін және оған сәйкес сандарға қолданылатын ережелер жинағы санау жүйесі деп аталады. ....
Берілген ақырсыз u1, u2, u3,..... un,... сандық тізбектің мүшелерін плюс таңбасымен біріктіргенде шығатын символ u1 + u2 + u3+...+ un+...= (I) сандық қатар, ал u1, u2, u3,..... un,... сандары қатардың мүшелері, мәселен, u1-бірінші мүшесі, u2 - екінші мүшесі,..., un – п -ші, немесе жалпы мүшесі деп аталады. Анықтама. (1) қатардың алдыңғы и мүшелерінің қосындысы Sn = u1 + u2 + u3+...+ un = (n=1,2, 3,….), (2) сол қатардың n- ші дербес қосындысы деп аталады. Дербес қосындылар тізбегі S1, S2, S3,..., Sn,... үшін мына үш жағдайдың бірі ғана орындалуы мүмкін: 1) п -да дербес қосынды Sn-нің шектеулі шегі S бap; 2) п -да дербес қосынды Sn айқын таңбалы ақырсыз шек + , не - ке ұмтылады; 3) п -да дербес қосынды Sn ешқандай шекке ұмтылмайды (шегі жоқ). Анықтама. Егер сандық қатар (1)-дің дербес қосындысы Sn -нің п -да шектеулі шегі Sn = S бар болса, ол жинақты қатар, ал S саны сол қатардың қосындысы деп аталады. Егер п -да, Sn-нің шегі ақырсыздыққа ұмтылса немесе шегі мүлдем жоқ болса, (1)-ді жинақсыз қатар деп атаймыз. Мысал ретінде геометриялық прогрессия мүшелерінен құралған, еселілігі q -ға тең a+q+aq2+...+aq"+...= aqk (3) қатарын қарастыралық. Әуелі q 1 болатын жағдайдағы дербес қосындыны құралық:
1) Егер < 1 болса, онда яғни (3) қатар жинақты, оның қосындысы болады. 2) Erep > 1 болса, онда яғни (3) қатар жинақсыз. 3) Erep q = 1 болса, онда (3) қатар мынадай түрде жазылады: а+а+а+...-а+... , онда яғни (3) қатар жинақсыз. 4) Erep q = -1 болса, онда....
Балықтан және балық емес тағамдық өнімдердің сапалы, эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болып шығарылуын нұсқау бойынша бақылап отыру керек. Дайын өнімнің сапалылығын микробиологиялық жағынан қарағанда белгілі дәрежеде өндірістің санитарлық деңгейіне байланысты болып келеді. Нұсқауда кулинарлық, тұзды өнімнің, белоктық өнімдердің және балдырлардың қайта өндірілу өнімінің санитарлықмикробиологиялық бақылауы көрсетілген болуы қажет. Өндірістің санитарлық жағдайының деңгейінің технологиялық процестің дұрыстығын, өнімді өндіру кезіндегі бұзылуларды анық көрсетуге көмегін тигізеді. Санитарлық-микробиологиялық бақылаулар негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді. Негізгі санитарлық-микробиологиялық бақылау өнімді бақылау және өнімнің санитарлық жағдайын қамтамасыз етеді.Ол систематикалық, өндірістік лабораториялардың бактериологтарымен санитарлық эпидемиологиялық қызмет жүргізеді. Ал өнімнің қосымша микробиологиялық бақылауы дайын өнімнің жоғары обсементтік жағдайда болғанда лаборатория меңгерушісінің шешімімен, санитарлық микробиологиялық көрсеткіштер бойынша аға бактериологтың шешімі бойынша жүргізіледі. Жоғары дайын өнімді алу үшін өндірістік орындар Мемлекеттік санитарлы органдар шартарына сүйенеді. Микробиологиялық бақылауда оның қандай өнім алуына байланысты мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер (МАФАнМ), ішек таяқшасының бактериалық топтары (ІТБГ) коли формалы сары түсті стафилакокктар сульфидтейтін клостридиялар, ашытқы саңырауқұлақтары мен ашытқылар, протей туысының бактериялары, патогенді микроорганизмдер, сонымен қатар сальмонеллалар мен вибриондар. Микробиологиялық бақылаудан басқа күнделікті шикізат пен қосымша материалдарды бақылап отырады, және нағыз құрылымға сай өндірістің санитарлық жағдайын сақтайды. Құралжабдықтардың, инвентарға, цехтағы тазалыққа, дезинфекциялайтын заттармен пайдаланатын шикізат пен қосымша материалдардың сапасына кезекші шебер жауап береді. Санитарлы-микробиологиялық қорытындыларды кезекші мастерге ол лабораторияның басқарушысына және өндірістің қол астындағы жұмысшыларға жеткізіледі, олар өз кезегінде өндірістің санитарлық және технологиялық деңгейін жоғарылатуға ат салысады. Нұсқауда бактериалдық тұқымдануына қор матифтері жүргізіледі: шикізатқа жартылай фабрикаттарға, қосымша материалдар, дайын өнімнің, бақылау периодтылығына микробиолигиялық анализ әдістеріне және кейбір жеткіліксіздікті жояды. Өндірістің санитарлық жағдайын сақтау. Нормалар мен өндірістік санитарлық жағдайдың сақталуы қатерсіз бүтін өнім алудың ең бір және негізгі шарттары болып табылады. Санитарлық режимнің бірқалыпты сақталуы, дезинфекция мен санитарлық талаптарды жүргізу тәсілдері соның ішінде санитарлық-микробиологиялық жұмыс басталар алдында және санитарлы өңдегеннен кейін күнде бактериолог өндірістің санитарлық жағдайлары мен эффективтілігін қадағалап отырады. ....