Педагогтың шығармашылық қызметі

Білім беру жүйесі, әсіресе,оның оқыту әдіс – тәсілдері үздіксіз жаңару кезеңдерін бастан көшіруде. Бұл табиғи өмір талабы қоғамымыздың тұрапты өзгеріп, нарық соқпағына түскен сайын ерекше сипат алады. Мектептердің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне жол ашылды. Мектеп өмірінің күнделікті іс-тәжрибесі дәуір талабына сай жас ұрпаққа білім беру, оларды ғылым саласына қызықтыру, өмір сүруге деген талпыныс әрекетін ұйымдастыру. Мектептегі біліммен тәрбие беру басты тұлға ұстазға жүктелген. Демек, мұғалім алдына қойылған міндет өте ауқымды, білім жүйесін іштей қайта құру: құрылымдық, құндылық, қызметтік.
Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім «ЖАҢА ФОРМАЦИЯ» мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Ол рухани дамыған, әлеуметтік есейген, білікті маман, өзін - өзі жетілдіруге ұмытылатын шығармашыл тұлға және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеуге жауапты.
Қоғам талабына сай деңгейден көріне білу кез келген мұғалімнің ісінен танылады деу қиын. Ұстаз тәрбие сатыларынан, шыңдалу белестерінен өтіп, тәжірибе жинақтап барып нәтижелі істерге қол жеткізеді.
Мектептің бүгінгі таңдағы бағыты - оқушылардың қабілетін дамыта оқыту. Оқытудың әр - түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практакасына енгізілуде.
Инновациялық үрдісті өмірге енгізудің мәні оқу материалын оқушыға дайын күйінде жеткізу емес, шәкіртпен бірлесе оны шешудің түрлі жолдарын тәсілдерін іздестіру. Осы орайда мұғалім өз пәнінен «Деңгейлеп - саралап оқыту» Ж.Қараев, В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту», «Проблемалық оқыту», «Блум таксономиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту», «Ойын арқылы оқыту технологиясы», «Семантикалық карта», «Оқытудың компьютерлік-программалық технологиясы» т.б технология-ларды, сабақта пайдаланып, оқушының қалыптан тыс ойлануына, дайын білімді пайдалана салмай жаңа шешім іздеп, жаңалық ашуға, жаңа жол табуына жетелейді. Осы технологиямен жұмыс істеген оқушыда материалды талдай, топтай, қорытындылап түйіндей алу қалыптасады, яғни оқушылар сөздік энцнклопедия, анықтамалық, алғы сөздіктермен жұмыс жасау, компюьтермен, конспект, реферат, аннотация құра білуге дағдыланады. Оқушының білім, білік, дағдылары: өз ойын әдеби тілмен жеткізу, аудитория алдына шығып сөйлеу, тезис құрай алу, сұрақ қою арқылы накты дәлелдемелермен тыңдаушының көзін жеткізе білу қалыптасады.....
Рефераттар
Толық