Ескендiр Хaсaнғaлиев Өтегенұлы (1940 жылы 13 ақпан)

Ескендiр Өтегенұлы Хaсaнғaлиев (13 ақпан 1940, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы) — әншi (лирикaлық бaритон), композитор, музыкант. Қазақ КСРнің Халық артисі (1984). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2006). Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2010).

Өмірбаяны
Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты бітірген.
Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрдi.
1970 жылдaн бaстaп, Қaзaқ рaдиосы мен теледидaрының солисi. Е. Хaсaнғaлиевтiң орындaу мәнерi жоғaрғы кәсiби деңгеймен ерекшеленедi. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Көтеш Райымбекұлы (1745 - 1818)

Көтеш Райымбекұлы (1745, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1818, сонда) – халық ақыны. Алғаш рет 17 жасында Абылай ханға қарсы бас көтерген Мейрам руын мадақтаған өлеңі арқылы аты шығады. Оның өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Ақынның өлеңдерін зерттеп-жинаушылар: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Бозтай Жақыпбаев, Ғалымжан Мұқатов. Көтештің шығармалары көркемдік құндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің”, “Күркелінің бауыры күнде дауыл”, “Сексен ерікке қоймады-ау, қалжыратып”, “Қартайғанда қатының дұшпан болады”, “Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма”, “Қыз бен Көтеш”, “Көтештің Кіпіне қызбен айтысы”, “Көтештің Зағипамен айтысы” деген айтыс өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығы көрінсе, екіншіден, тоғышарлықты келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғаны байқалады. Ақынның бірқатар өлеңдері мен айтыстары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1961), “Алдаспан” (1971), “Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы” (1985) атты жинақтарда жарияланды.

Өмірбаян
Көтеш — ХVІІІ ғ. өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып-өскен. Арғы атасы — Тұрлыбек. Ол ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген. Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Галошым жаңа

– Құрманғали қонақ шақырып жатыр екен, бармайсың ба?
– Галошым жаңа, несіне барамын?!
– Голоштың не қатысы бар......
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Ирина Хакамада: Бақытты отбасы құпиясы

Мен жартылай еуропалық, жартылай шығыс адамымын. Шығыстың адамдары су жиегінде отырып, өзімен өзі гармонияға келіп, кармасын күтіп отырады, ал еуропалықтар бір-бірін жаншып, жоғарыға қарай өрмелейді. Менде осы қасиеттердің барлығы да бар. Бірде мен Далай Ламамен кездескенде ол маған бір ақыл айтты: «Әр адам тек бір өмір сүреді. Бірақ осы өміріңді қайта-қайта есіңе алғың келетіндей, дәл сол өмірді бірнеше рет сүргің келетіндей ету қажет». Мен де сіздің өзіңіз дәл қазір өзгеріп, өміріңіз дәл ертеңнен бастап жақсарғанын қалаймын. Сондықтан сіздерге өзім түйген кеңестерімді беремін.
Ирина Хакамада

* Бақытты болу тек ер адаммен қарым-қатынасқа байланысты деген тәуелділіктен арылыңыз. Қандай да бір күдігіңіз болса, қазбалап, миды ашытатын сұрақтар қоя беру де ер адаммен байланысыңызды нығайтпайды. Керісінше, оны сенімсіздігіңізбен мезі етесіз. Оның орнына өзіңізді қолға алып, жеке әлеміңіздің барын жадыңыздан шығармаңыз. Күйеуіңіз сізді саналы, тәуелсіз жеке тұлға ретінде сыйлауы керек.
Байқасаңыз, ер адамдар мансабы мен хоббиіне көбірек уақытын......
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (сиыр, қоян, мысық, ешкі, тасбақа, зебра, аю, мал, бота, түйе)

Айран берген, құрт берген,
Шелек-шелек сүт берген,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал, кім білген?
Сиыр

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
Сиыр

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
Қоян
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Топтық таныстыру, отбасылар сайысы

Алғырлар

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
Өлеңдер
Толық

Ерлан Ахмет (Ұлы елім)

Аллаһ бізді жаратқан құлы етіп,
пенделердің тәубешіл бірі етіп.
Көрші ақысын жемейтін ұлт болғаннан,
көрген емес ешкімге құны кетіп.
Көне дала төсінде.....
Өлеңдер
Толық