Арнұр

Арнұр есімінің мағынасы — бұл есімнің мағынасы арлы әрі нұрлы деген мағынаға ие.

Есімдер мағынасы
Толық

Адия

Адия есімінің мағынасы (Әдия) — араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту деген мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Раяна

Раяна есімінің мағынасы — араб тілінен аударғанда 1) тың, толық, қанық, мол, шырынды, тегіс, түзу; 2) дамыған, жетілген, кемелденген, — деген мағына білдіреді. Енді бір басқа мағынасы – жұмаққа кіретін қақпа.


Бұл есімді қызына таңдаған ата-аналар сәбиінің жан-жақты жетілген, көркем, кемел адам болуын тілейді.


Ал Ар-Райян деген — ораза ұстаған мұсылмандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі. Қыздарына Райяна есімін қойған ата-аналар оның салиқалы, иманды, көркем мінезді болып өскенін, Алланың мейіріміне бөленіп, Жәннаттқа лайықты болуын тілейді.

Есімдер мағынасы
Толық

Еркебұлан

ЕРКЕБҰЛАН – қазақтың төл есімі. «Ерке» (бұла, қадірлі, сыйлы) және «бұлан» (бұғы тектес ірі аң) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Қазақта «бұ­ланның көзіндей» (көреген) деген сөз бар. Біздің халық бұланды қасиетті аң са­найды. Жаңа туған сәбиге бұл есімді «ұлымыз халқының еркесі болып өссін, елі­нің аяулысы болғай» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін ат. 

Есімдер мағынасы
Толық

Диплом алған адамға тілектер, құттықтаулар

 

Диплом құтты болсын, әпкетайым. Осы еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Әлі бұдан да биік белестерге жете беріңіз. Әкеңіз бен анаңыз сізбен әрқашан да мақтана берсін! Жақсы көрем сізді )




Жаным, дипломың құтты болсын! Мамандығыңмен еңбек етіп, жемісін көр! Ұзағынан болсын қуанышымыз.
Арман-мақсатыңа жет!

Құттықтау, тілектер
Толық

No Borat! Бұл Қазақстан!

Дана бабаларымыз: «Атың барда желіп жүріп жер таны, асың барда беріп жүріп ел таны» - деген тәмсілді бекер айтпаған ғой. Оның мән-мағынасы жиһан кезіп, ел таны, көзің ашық, көкірегің ояу азмат болып қалыптас дегенге саяды. Сонау ұшқан құстың қанаты талатын Алтайдан Атырауға дейінгі атырапты атпен жорық жасай жүріп шарлап, бізге аманаттап кеткен. Сол қиын қыстау кезеңнің өзінде қыс қыстау, жаз жайлау боларлық жер іздеп, шартарапты шарлап, талай жердің дәмін татқан жарықтықтар... Оның жанында қазіргі техника мен технологияның қарыштап дамыған заманында....

Шығармалар
Толық

Туған жерге құрмет – перзенттік парыз

 Кез-келген перзент үшін алтын ұясы – ата мекенінен артық жер болмайды. Мейлі оның шөбі шұрайлы, жері құнарлы, қыратты болмаса да аңзақ желі мен аң-құстарының өзіне бауыр баспайтын, басқан әр белдерін аңсамайтын адам кемде-кем. Өйткені туған жер – алтын бесігіміз.

Шығармалар
Толық

Руханиятты һәм туризмді өткен тарихымыз арқылы өркендету мәселесі

Азамат болып, ат жалын тартып мінер шаққа жеткеннен соң осы сұрақ әрбіріміздің көкейімізде жүруі  шарт. Жаһандық дәуірде жан-жағын жұлып жейтін алыптардың арасында тұрған егемен мелекетіміз үшін қызмет қылу – бұлжымайтын міндет. Ширек ғасырлық тәуелсіз тарихымыздың төңірегіне байыппен жіті назар салсаңыз, қарбалас қарекетті, тоқтаусыз тіршілікті, сәт сайынғы дамуды байқайсыз. Және жалғыз сала емес. Экономикалық өрлеу....

Шығармалар
Толық

Ғажайып өлке

Ғаламның барлық ғажайыбын, жер жүзінің бар сұлулығын бойына сыйдырған бір ғажайып өлке бар. Ол - түсінгенге əр адамның кіндік қаны тамған ауылы.

"Бір əңгіме қозғашы ауыл жайлы,

Одан артық рақат табылмайды", - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, менің де балығы шоршып ойнаған, бақасы тайдай тулаған қарт Каспийдің жағасында орналасқан ауылым бар. Біздің ауылдың үлкен-кішісі бірдей қазақтың салт-дəстүрін сақтай біледі, түтіні түзу ұшқан шаңырақты жақтай да біледі. Ауылымның көнекөз қариялары өлкенің өткені жайлы ой қозғағанда «Бұл жердің тұрғындарының басты кәсібі-балық шаруашылығы болған, осы.....

Шығармалар
Толық

Орынбор атамекені - туған жерім - Қазақстан!

Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,

Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.

Керегі жоқ басқа атақ,

Басқа абырой,

Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!

Қадір МЫРЗА ӘЛИ

 

     Қазақстан – Орталық Азияның жүрегінде орналасқан, «Ұлы Даланың»  төрінен орын алған, көрінісінен әсерлі сурет қалған, сонау Батыс пен Шығысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғастырар «Азия қақпасының кілті», әрі қойнауында тарихы сыр шерткен, өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізген ежелден келе жатқан ұлы....

Шығармалар
Толық