Туған халқым! Қатемді кешір менің? Сенің арқаң сескенбей, есіргенім. Егерде жырың болмай, ұрың болсам, Алақанға саласың, несін мені Жоқ! Менің жүрек емес төсімдегі Ол бір от сенің ұлы көшіңдегі Өзіңнің жандырғаның, өшіргенің Әзірге тастаған жоқ есім мені, .....
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн, Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың, Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым, Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен, Алдағыма асығамын, өткенді әсте іздемен, .....
Ac артынан,алдыға шұбат келді, Біреу татып,біреулер сынап көрді. «Қызылқұмның» қиылып қыз-келіні, Шұбат емес, бір шара шуақ берді. Ақбоз үйдің есігі айқара ашық, Гулесуде жігіттер тайғаласып, .....
Босанған Ана. Көктемде дала бусанып, Біріне-бірі болар ма ұқсас мұншалық. Толғатып дала, Есен-сау Ана ұл тауып, Бара жатады көктемнің көкшіл бұлты ауып, Тершиді Ана, Тершиді дала қымтанып. .....
Мың құбылған қуаныштан, дерттерден, Қиын не бар, адам жанын зерттеуден? Мен келемін өз жанымды зерттеумен, Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем. Арзан не бар ойнау менен күлуден, Қымбат не бар, адам сырын білуден? Мен әуремін, өз сырымды білумен, .....
Мына келген көктем бе?! Сүйісуде кептерлер. Көз ұшында, көк белде, Түйісуде көк пен жер. Тулап, тасыр арналар, Нөсер құйып кеткесін. Қыздырынып тау қалар, Жалаңаштап көк төсін, .....