Аса танымалдылыққа ие болған отандық әнші Қайрат Нұртас ағынан жарылыпты.
«Гакку» арнасының «Если честно» бағдарламасына сұхбат берген ол, алғаш рет осыдан бес жыл бұрын орын алған келеңсіз жайт туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Ертеде бір бай болыпты. Байдың ауру әйелі және үш қызы бар екен. Бір күні әйелі науқасынан айықпастан қайтыс болады. Біраз уақыттан кейін бай үйіне басқа әйел алып келеді. Бұл әйел қатыгез адам болып шығады. Ол байдың қыздарын жек көреді. Бір күні өгей шешелері қыздарын шақырып алып: — Шырақтарым, бүгін сендер тоғайдан жеміс теріңдер, – деп түбі тесік шелек береді. Қыздар: — Алақай! Жеміс тереміз! – деп қуанып тоғайға кетеді. Тоғайға келіп, жеміс тере бастайды. Бірақ, терген жемістері тесік шелектен түсіп қала береді. Сол себепті қыздар тоғайда көп жүріп қалады.......
Бұрынғы заманда Нұғыман деген бір хан болыпты. Ол хан бірнеше қатын алса да бала көрмей, жарым жастан өткенде бір әйелі екіқабат болып, бір ұл, бір қыз тауыпты. Хан үлкен той жасап, ұлының атын Бәкір, қызының атын Зере қойыпты. Хан балаларын өте жақсы көріп, балаларының еркіне көніп: «Немен ойнаймын десе қолдарынан тартпай өсіріңдер», – деп, әйелдеріне тапсырып қойыпты. Бәкір алты жастан жетіге шығарында, етегіне бір етек ділдә салып ойнап жүрсе, бір қайыршы кемпір кезігіп қалып: «Балам, құдай үшін қайыр», – десе, Бәкір етегіндегі бір етек ділдәні кемпірге сол күйінше төгіп бере салыпты. Сонда кемпір: «Ой, балам, көп жаса құдай сені Сақыпжамалға қоссын!» – деп бата беріпті.......
Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз: — Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп: — Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: — Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.......
Бір күні түлкі жортып жүріп, қақпан үстінде өліп жатқан бір балықты көреді. Түлкі балықты құйрығымен сипап, тартып қарайды, бірақ қақпаннан шығара алмайды. Балық үлкенірек екен, түлкінің құйрығының қуаты келмейді. Балықты алып жей алмай, ызаланып, жолмен жортып келе жатса, түлкінің алдынан бір маймыл ұшырайды. Түлкі маймылды көріп, басын төмен салып, құйрығын бұлаңдатып, еркелеп, ыржаңдай күліп, сәлем береді. Маймыл сәлемін алып......
Ертеде адам басына бітпеген сұлудың сұлуы Малхуан деген қыз өтіпті. Сол қыз тумастан алпыс жыл бұрын, алып күштің әмірімен Малхуанның суреті жер-жердегі бүкіл хандыққа таратылыпты. Қыздың сұлу бейнесіне таң болмаған жан қалмапты. Сол кезде бір өзінен басқаны жан демейтін менменшіл қара ниет хан болыпты. Ханның қырық сарайы бар екен. Сарайларының сәнділігі сондай - жақұт, маржан, алтын, күмістермен әшекейлеп салдырған екен. Хан Малхуанның суретін көріп, қызға ғашық болады. Сондықтан: «Егер осы қыз бұл дүниенің үстінде туса, қалай да іздеп тауып алармын», – деп, өзіне-өзі серт қып, жансыз бейнені бір сарайға сақтауға бұйырды.......
Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып: — Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, – депті. Жақсылық: — Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сонсоң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуіміз мінгессек атқа қиын соғар, – депті. Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен......