...60-жылдардың басында «Жұлдыздан» батыстық бір дуалы ауыздың айтқанын оқып , қайран қалғаным бар. Онда былай делінген: «Мұхтар Әуезов-қазақ үшін- екінші Абай, біз үшін-Шығыстың Шолоховы»
Мен осыны әлі ұғына алмай келемін. Абайды қозғамайық, Шолохов, сөз жоқ,-әлемдік деңгейдегі ірі талант. Сонда, Әуезов-кім? Ол-әлем әдебиетінен өз орнын ойып алған үлкен тұлға екені өтірік пе?!. Сөйте тұра, ол неге «Шығыстың Шолоховы» ғана??? Мұндағы «біз» кім? Міне, осындай сұрақтарға жауап таба алмай шарасыз күй кешесің. Ал, біз- елтігіш халықпыз. Басқаның аузынан шыққан бір лебізді қағып ап, дәріптей жөнелуге асықпыз. Осыдан кейін-ақ «екінші тұлғалар» жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптады. «Ана ауылдың анасы», «мына ауылдың мынасы» бірді бірге телу үрдіске айналаып жүре берді. Бұдан біздің өңір де шет қалған жоқ. «Алтайдың Біржаны», «Ақ Ертістің Ақаны», «Шығыстың Майрасы» т.с.с. жапсырма атақтар біздің ауданда, облыста талантымен енді жұрт аузына іліге бастаған жастарға ерекше жомарттықпен таратылды. Меніңше бұл-екі жаққа бірдей зиянды бағыт еді:
- Біріншісі: Ұлы тұлғаның атын ұсақтау; Бір мысал: Біржан сал-тарихта қайталанбас бірегей дарын, сол дарынды «Алтайдың, Алатаудың, Қаратаудың, Арқаның,.. Біржаны » -деп бөлшектеу- Ұлыға жасалған қиянат болар?!.
Оның әр айтқан әңгімесі осылай басталатын. Өзі де бір қызық жан, өн бойынан адамдарға тән қандайда бір іс-қимылды, мінез— құлықты байқаған емеспін. Ешқашан күлмейтін, адамдарға тән болмыспен қайғырмайтын, жүріс-тұрысы да мүлде бөлек. Үстіндегі аппақ көйлегінің кең етегі желмен баяу тербеліп, бір қарағанда аяқсыз қозғалып келе жатқандай немесе ұшып жүргендей әсер қалдыратын.
Оның айтқан әрбір әңгімесі жер бетінде орын алып жатқан оқиғалармен қабыса бермейтін. Бірақ оның айтары таусылмайтын. Таңнан таңға жалғасатын. Құлақ түрсең «мың бір түннің» елесіне шырмалатынсың. «Ерте, ерте, ертеде...» немесе «Бағзы бір заманда...» деп баяу үнмен басталатын әңгіме, келе-келе небір шытырман оқиғалардан құралатын қиял-ғажайып дүниелерге ұласатын. Маған Ертекші қыздың әңгімесін тыңдаған қатты ұнайтын. Бірте-бірте оның сиқырлы әлеміне бойлап, Ертекші қыздың жанына тым жақындай түскенімді аңғарғандаймын. Себебі, мұны оның бар айтқандарын ұйып тыңдап келген адамдар уақыт өте келе Ертекші қыздан қашықтай түскені көрсетіп берді. Оның қайдан келгенін, әке-шешесі кім екендігін, мекені қай жер екендігін білмейтін көпшілік кейін Ертекші қызға күдікпен қарап, тіптен «перінің қызына» балап, оның жанына жоламайтын болды. Маған бұл онша әсер ете қоймады.
Поезд заулап отырып П. қаласына келіп тоқтай қалды, баратын жерім осы қала болғансын мен де чемоданымды көтеріп, поездан түстім. Әдемі жаздың қоңыр салқын таңғы желі ақырын ғана соғып тұрды.
Мен көптің арасымен көзімді қыдыртып, жолдасымды іздедім, ол менің көзіме тез көріне қоймады. Станция басындағы қайнаған халық бірі мен бірі соқтығысып, кісіге жол да беретін емес, әйтсе де нәрселерімді сүйретіп, бір алаңға шықтым. Жолдасым да ұшыраса кетті.
— Ау, Жаубасармысың?
— Ой, сен Бекболатпысың.
Осы сияқты таңырқау аралас сөздермен екеуміз құшақтаса кеттік. Көріспегенімізге он жылдан аса уақыт болған екен, сағынып қалыппыз. Ол маған қарап:— Келгенің тіпті жақсы болды ғой, замандасыңмен екеуміз демалыс кезінде саған барамыз ба деп жүр едік, тіпті жақсы болды,— деп бір сөзін қайта-қайта айта берді. Машинаға отырып қалаға тарттық, әне-міне дегенше Жаубасардың үйіне келіп те қалдық. Біз үйге келіп кірдік. Жаубасар үй-ішімен мені таныстырды. Жайласып отырдық. Әлден уақытта үй иесі жан-жағына қарап:
— Ойбай-ау, даурығып жүріп ұмытып кете жаздаппыз-ау, әлгі, біздің Еркін мен Ерікті,— деді.
«Е, мұның екі баласы бар екен ғой»,— деп ойладым мен ішімнен.
Алматының Гоголь көшесінде Чехов атындағы кітапхана бар ғой. Соның оқу залын айтып отырмын.
Одан соң оқу залында Айкенжені...
Сүйіп қалдым дейін бе, демейін бе? Өзгелерге, кім білсін-ай, кім білсін, оп-оңай шығар. Ал мына маған ондай сөзді айту – азап.
Студенттік ғұмырым сұрғылт сиырымыздың желінінен іріп шығатын сүттей бүлініп сала берсе, шара нешік. Шешемнің белін бумаққа әзер жарайтын қара шылбырдың қалдығындай қайта-қайта бытырлай үзіліп кете берсе, амал қанша.
Отырар мен Оқсыздың арасына түзу сызық жүргізсеңіз, Сырдарияға таманырақта біздің ауыл бір нүкте боп көрінер. Адыраспан түйін тастай бастағанда, сол ауылдың орта мектебін тәмәмдаған төртеуміз Алматыға аттануға тиіс ек. Ол кезде оқуға түспекке талпынатындарды талапкер емес, абитуриент деп атайтын.
Сырдарияның тоғайында сиреп кеткен тораңғылға және былайырақтағы сәуір гүлі семе қоймаған жыңғылға қимай-қимай қараймыз. Әбунасыр данышпанның кіндік қаны тамған төбенің түстік бүйірі мамыр мейрамына жетпей-ақ күйіп кеткентұғын. Маусымның соңында қылтанақсыз қиялар құм суырып тұрды.
— А-ал, абитуриенттер! Жортқанда жолдарың болсын! — деді Мошқал ағай жел жұлмалаған жасыл адыраспанды сүйір таяғының ұшымен түрте тарағыштап. — Ең бастысы, осы Оқсыз маңында ұлы ойшылдың туып-өскенін ұмытпаңдар. Ең құрығанда, төртеуіңнен екеуің оқуға түспесеңдер, бүкіл республикаға машқарамыз шығады.
Нағима шошыған кісідей ұйқысынан оянғанда, қараңғы түнді тан жарығы жеңіп, терезе бозара бастап еді.
Бір нәрсесі ұмыт қалғандай асығыс тұрып беті-қолын жуып, дәрет алды. Түнгі астан аяққа салып алып қойған орта тостаған суынған бөртпе мен бір аяқ қара көжені әкеп сахара ішуге кірісті.
Таң жарығы ұлғайып, үй іші қаракөлеңке жарыққа бет түзеді. Нағима «сахарын» ішіп, жиып, кешке шейін ораза екендігіне ниет етіп бетін сипады. Бүл ниеті — патшалардың заң-законынан да қатты, өліп бара жатса да тамақ ішуге болмайтын ант аралас ниет. Өз еркі өзінде, дені сау бола тұрып, адамның өзін-өзі ауыздықтап қатыруы, жөнсіз ашығуы не үшін, кім үшін, неге ділгер?.. екенін Нағима ойына келтірмейді.
Кеше кешке жақын қарны ашып, жүрегі қарайып бара жатқанда осы ой Нағиманың басына келсе де оның себебін тереңіректен іздеуге Нағима көңіліне ерік берген жоқ, ішінен:
— Құдай бұйрығы, бенденің оны тексерерлік қақы жоқ, — деп ойлап, өзін жұбатқан болды. Бірақ, әлдене нәрсе жүректік қараңғы түкпіріне тығылып, бірдеме айтқысы келіп қыстайтын секілденеді. Нағиманың жүрегін лоблытып, мазасын ала береді.
Таң жарығы ұлғайды. Терезеден түскен сәулемен үй іші тегіс жарық бола бастады.
Нағима ойдан серпіліп, дәретінің барында таза ниетпен таң намазын оқып алмақшы болды. Байының қара бөкебайын жайнамаз ғып жайып, білген дұға-сүрелерін оқып, намазға кірісті.
Үй іші құлаққа ұрғандай тынған. Үн-дыбыс жоқ. Табиғат дәл сол минутта кірсіз көңілмен «ғибадатқа» кіріскен Нағиманы қоштап, Нағима үшін бәрі де қол көтеріп, тілек істейтін секілді...
Мына төсекте сақалы ербиіп жатқан қара кісі – осы Нағиманың ері. Кәсібі ағаш шабу. Күн ұзаққа қара балта, қашауы қолынан түскен емес. Түс әлетінде тары көжеге сығай бір тойып, кекіріп отырғаны. Ораза, намаз дегенің бұл кісіден аулақ. Ғибадатың былай тұрсын, қызулау кезінде құдайды боқтап жіберемін деп, Орман ақсақалдың таяғы мұның шекесін жарған болатын. Содан бері Орман қартпен екеуі удай өш... .....
Қазіргі таңда кеңес елі кезіндегідей емес кітап оқитын адам саны аз. Сондықтан да моральдық жағынан ол қоғам әлде қайда жоғары болған шығар. Дегенмен ол кезде тек оқуға болатын, қатал цензурадан өткен кітаптарды ғана оқуға болды. Сол себепті адамдар санасы ой еркіндігіне жете алмады. Яғни көп оқитын ел болғанымен таңдау құқығының шектеулілігінен өкінішке орай адамдар кітап оқудан пайданы ала алмады.
Ал қазір.... кітаптың небір түрі бар: қазақша, орысша, ағылшынша. Кітап сөрелері толып тұр. Бірақ кітаптардың сыртқы мұқабасының жылтырлығы мен атына көп мән берілетіндей. Түк мән-мағынасы жоқ, сырты бүтін, іші түтін «гламур» жылтырауық журналдардан енді кітаптарға да көшкен бе? Ең маңыздысы кітаптың ішкі мазмұны емес пе?!
Кітап оқитын жастар жоқ емес,бірақ олар ішкі мазмұны емес сыртқы жылтырауығына қарап оқима деимін.
Жақсы кітап оқу — ақылды адаммен сырласқанмен бірдей.
Л.Н. Толстой
"Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін" деген екен Н. И. Пирогов. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады. Өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің ойың... Кітап тек досың ғана емес, ұстазың …ақылшың.
Қазіргі кезде том-том кітап құшақтап, кітапханаға жиі баратын адамдарды сирек кездестіретін болдық. Мерекелерде адамдар бір-біріне кітап сыйламайды. Соның салдарынан жастар еркін ойлауға, ауызекі тілде көркем сөйлеуге қабілетсіздік таныта бастағандай. Өкінішке қарай, кітапқа деген адамдардың өз бетімен қызығушылығы азайып барады. Оның себебі ғаламтор, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Қазіргі жастар кітап оқудың орнына теледидарға үйірсек.
Қазіргі таңдағы ғаламтор, компьютер,теледидарлар кітап оқуға үлкен кедергі келтіреді Қазақтың бай тілі – бар қазынасы көркем әдебиетінде. Әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен сол ұлттың өзіне керек. Қазіргі біздің қоғамымыздың алдында жас ұрпағымызды кітапқа, нақтырақ айтсақ қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу деген міндетіміз бар. Осыны естен шығармағанымыз абзал.
Ақын Абайдың шығармаларын барлық түгел бойында тексеріп, зерттеп шығудың бұл кітаптағы тәртібі (системасы) бүгінге шейін Абайды тану ретінде жазылған тексеру, сындардан әдіс жағында басқарақ болады. Ол басқашалық — орыс классиктерін тексеретін әдебиет тарихы ғылымының әдісіне байланысты.
Горький, Маяковский сияқты советтік социалистік әдебиеттің үлкен жазушыларын барлық жазушылық, ақындық жолымен түгел зерттеуде, біздің социалистік әдебиет тарихымыз қолданатын система, әдіс те сол бұрынғы орыс классиктерін зерттеудегі рет, тәртіп бойынша құрылады.
Нақтылап айтқанда, бұл әдістің өзгешелігі, ақын шығармаларын жазылған жылдары бойынша топтайды. Абайдың толық жинақтарын хронологиялық ретімен бастырға-нымыз сияқты, ақындық жолын да ең алғашқы өлеңдерінен бастап, жылма-жыл өсіп, даму ретімен тексеретін боламыз. Жылы аталған өлеңдердің алғашқы топтарынан бастап, ақын өмірінің соңғы жылдарында туған шығармаларына қарай ауысамыз. Ақындық эволюциясын, жазушылық жолын біртіндеп, кезегімен тексереміз.
Әрине, бұл қатардан оқшауырақ тұратын, жылдары белгісіз бірнеше өлеңдер бар. Ол топтың жайындағы сөз қосымша ретінде кейін қосылатын болады. Жеке жанрлық өзгешелігі бар шығармаларды да бөлек-бөлек тексереміз.
Абайдан қалған ақындық мұраның молы — ұсақ үлгідегі қысқа формалы өлеңдер болғандықтан, жаңағы айтылған тексеру, зерттеу әдісін әуелі осы лирика түрлеріне айрық-ша қолданып өтеміз. Бұл шығармалардан жанры басқа болғандықтан, Абайдың поэмаларын, аудармаларын және қара сөздерін бөлек-бөлек қарастырамыз. .....