Менің ата-анам бар Ештеңем жоқ алаңдар Анам келсе жұмыстан Үстел толы тағамдар Бауырсақта пісіреді Кәмпиттіде қояды Кәмпиттерді тығып жеп Менің қарным тояды.
Сыбайлас жемқорлық деген сөздің өзінен денең түршігеді.Сыбайлас жемқорлықтың жақсы нәрсе емес екенін біле тұра ,соған қарамастан бұл жайт елімізде белең алып тұр.Бұл жағдайдың тоқтатылуына игі шаралар жасалынып жатқаны анық,бірақ бұдан шығаратын қорытынды қаншалықты көңіл көншітер екендігі белгісіз... ....
Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды көптілділікке бейімдеп келемін. Тіл –қарым-қатынас жасаудың негізгі құралы. Сондықтан, оқушылардың сауатты, нақты сөйлесуі үшін білім беру керек. Білім диалог арқылы беріледі. Оқушылардың сабақ барысында жасаған өзара байланысты, келіспеушілікті қабылдау деңгейін білдіреді. Сыныпта жасаған жұмыстары диалогпен жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және сыныптастарымен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік беріледі. Олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді орынды қолдануына, өз болашақ мамандығында тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.
Диалог қолданғанда мұғалімнің көмегі арқылы үш тілді бірдей меңгертіп отыруға болады. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздердің аудармаларын тауып, оларды тәжірибеде қалай қолдануға болатындығы түсіндіріледі. Өздері қолданған негізгі сөздердің орысша, ағылшынша аудармаларын біліп отырады. Бұл тәсілді жаңа сөздерді қайталағанда жиі қолданамыз.Диалогтік оқыту – қарым – қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екі жақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс. Диалог барысында оқушылар мен мұғалімдері келісілген нәтижеге жету үшін күш- жігерін жұмсайтын, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестіктер болып табылады. Пікір алмасу – оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Диалогтік оқыту тәсілімен мұғалім төмендегідей жетістіктерге жетеді:
Оқушылар тақырып бойынша сөйлеуге ынталанады;
Оқушылардың мемлекеттік тілді үйренуге деген шынайы қызығушылығы артады;
Тіл біліміне құштарлығы дамиды;
Халықаралық деңгейдегі мамандық таңдауға талпынады;
Сөздердің мағынасын зерттеуге ынталанады;
Оқушылар сын тұрғысынан ойлауыға дағдыланады;
Оқушылар өзгелердің пікірін құрметтеуге үйренеді;
Бір-бірінен үйренуге және бір-біріне үйретуге дағдыланады;
Алда кездесетін кедергілерді жеңуге үйренеді.
Б.Момышұлы «Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.» - дегеніндей, тіл – әрбір адамзаттың ұлттық абыройы мен болмысы. Ал, көптілділік – болашақ азаматтардың үш тілде бірдей сауатты сөйлеуі, ойлауы. Қажет болған жағдайда алма-кезек қолдана білуі. Бұл бүгінгі заман талабы. Ал біз осы заманға сай азамат тәрбиелеп шығаруымыз қажет. Сол себепті «заманың түлкі болса, тазы боп шап», деген мақалды ұрандатып келемін.
Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілін жетік меңгеру болашақ ұрпағымыздың жеке тұлғалық және кәсіби деңгейін арттырады. Ал біздің түлектерімізге көп тілді меңгеру өте қажет, өйткені олардың басым бөлігі әлеуметтік тұрмысқа қажетті мамандықтарды таңдайды. Үш тілді бірдей үйрету барысында біз әлеуметтік жағдайға байланысты мәселелерді көбірек қарастырамыз. Мысалы: аспаз, шаштараз, сауда-саттық, өнеркәсіп мамандықтарын халықаралық деңгейде пайдалануға бағыттау. Осылай көптілділік адамның кәсіби ажырамас бөлігіне айналып отырады. Оқушыларда мақсатқа жету және тәжірибе алу шарты туындайды.
Заманауи технологиялар мұғалімнің оқушыларын диалогтік оқытуы арқылы, ал оқушыларда дербестік және жауапкершілік сезімін қалыптастыруда қалыптасады. Аталған әдіс арқылы оқушылардың іскерлігін және білім алуын епті басқаруға болады.
Сөзімнің соңын Дистервегтің «Жаман ұстаз шындықты ұсынады, жақсы ұстаз оны іздеп табады» деген сөзімен аяқтағым кеп тұр. Мұғалім ол үшін өзі де педагогикалық біліктілікті меңгеруі, шығармашыл болуы қажет.
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы "№4 жалпы білім беретін мектеп-интернаты" КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ташпулатова Акмарал Унарбаевна
Қыстың қатал түні. Ақтөс тағы да аязды, суық түнді дүкен жанында қоқысқа шығарған қораптар арасында өткізіп жатыр. Тұла-бойы мұздап, тоңғаны өз алдына, жарақаттанған аяғы да сыздап ауырып жатыр. Өзі арасында ыңырсып қояды. Көзінен жас ағып тоқтар емес. Иә, ол кәдімгі жас баладай егіліп жылады.
Ол бір кездері бақытты еді. Анасынан туылғаннан бастап, оның жылы, жұмсақ бауырында рахаттанып күй кешті. Өзімен бірге туған бауырларымен күні бойы, ойнап асыр салатын. Туылғанына екі ай өткенде оны бір еңгезердей ер адам қорапқа салып алып кетті. Ақтөс әуелі бұны ойын шығар деп ойлаған. Сөйтсе олай емес екен. Қораптың тербелгені тоқтап, тынышталғандай болды. Бұл құлағын салып тың -тыңдап көріп еді, ешнәрсе естілмеді. Бір уақытта тырсылдаған дауыс естілді де, қораптың беті ашылып ішіне жарық түсті. Көзін ашып, тезірек мына қараңғы қапастан құтылғысы келген Ақтөстің көзі, өзіне мейірімді көзбен үңіліп қарап тұрған балаға түсті. Бұл он жасар Қайсар еді. Әкесі оған күшік сыйлауды бірнеше уақыт бұрын уәде еткен. Бүгінгі туған күніне сол уәдесіне тұрып, сыйлыққа Ақтөсті әкеліпті. Қайсардың қуанышында шек жоқ. Әкесіне ризашылығын бірнеше рет қайталады. Жұмсақ қолдарымен Ақтөсті бауырына қысты, бірден оның төсіндегі ақ түгіне қарап, Ақтөс деп ат қойды.
«Өскенде кім болғың келеді?» –бұл ересектердің кішілерге қоятын сауалдарының бірі. Міне, сіздің де мамандықты таңдау барысында дұрыс таңдау жасау және қателеспеудің маңызын білуіңіз қажет. Адамның ғұмырлық мақсатының өлшемінің бір сатысы ретінде мамандықты қарастырайық.
Өз мамандығыңызды таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және олардың сіз үшін және қоғам үшін қандай пайдасы мен маңызы бар екендігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.
Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Мамандық таңдаудағы ең тиімді тәсілдерінің бірі- демалыс уақыттарында кәсіптік тәжірбиеден өту. .....