Анашым атты тақпақ

  Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым?!.... 

Тақпақтар
Толық

Көктем күні әдемі

Көктем күні әдемі,

Жерде гүлдер өскенде.

Көктем күні әдемі,

Жерде шөптер өскенде.

Көктем күні шуақты,

Гүлдер, шөптер қуатты.

Ешкі, төлдер туады,

Барлық бала қуанды.

Тақпақтар
Толық

Мақтарал

Біздің аудан Мақтарал,

Мақтаралда мақта бар.

Бәрі көріп тамсанар,

Біздің аппақ мақтаға.
Тақпақтар
Толық

Қыс айы

Кіріп келді қыс айы,

Көп күттік бұл айды.

Қыста жауар аппақ қар,

Ұшар шанада балалар.

Аспан аппақ жер тайғақ,

Жауар тағы қар аппақ.

Тақпақтар
Толық

Асия

Асия есімінің мағынасы — иран тілінен аударғанда қайырымды, мейірімді (әйел) деген мағынаға ие.

Есімдер мағынасы
Толық

Жан-жануарлар атаулары

Жануарлардың көне атаулары

Жануарлардың көне атаулары — жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған атаулары. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. “Түз тағысы табиғатпен тілдес” екендігін айқын аңғарып, олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған, немесе кесірі тиеді, не киесі ұрады деп есептеген. Мыс., жыланды — қыбыр, ұзынқұрт, түймебас, т.б. деп, ал қасқырды — итқұс, бөрі, ұлыма, т.б. деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар төлдеген кезде, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді. Жабайы жануарларды кең байтақ еліміздің әрбір облыстарында жергілікті атаумен атай беру де кездеседі. Мыс., аққуды — ақ шандоз, жираф — керік, мысықтың баласы — шаған, т.б. Бұдан 5 ғ. бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты шығармасында кездесетін жануар атаулары да қазіргіден өзгеше. Мыс., тышқан — сумақы, сиыр — маңғаз, барыс — айбар, жылқы — тұлпар, т.б. Қазіргі кезде жануарлардың көне атаулары мүлде ұмытыла бастаған (мыс., жұпар жылан, таутайлақ, маңқұс, құртқа, мәлике, т.б.). Жануарлардың көне атаулары ұлттық фольклорда, ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерде жақсы сақталған. Мыс., “Борақты ұрсаң тұмсықтан, тез өледі шымшықтан”, “Таутанның алма аланын, кесіріне жолығарсың балаңның”, т.б. Мұндай ұмытылған атауларды пайдалану — тіл байлығымызды молайта түспек.
Кеңестер
Толық