ҚазҰУ мақтанышым

Балалық шақтан болашаққа жетелеп,маман иесі атану үшін,яғни білім алу мақсатымен Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжіне шет тілі екі шет тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2013-2014 жылы аяқтап, 2014-2015 оқу жылында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 1 курс студенті болып оқуға қабылдандым.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бұл мектеп бітіруші түлектің, білім нәрімен сусындаймын деген әрбір жастың білім алғысы келетін еліміздегі беделді оқу орындарының бірі. Осындай университетті таңдағаныма және оқып жатқаныма өте қуаныштымын және мақтан тұтамын.Мен Бимағамбетова Іңкар Жұмажанқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Екі шет тілі және Еуропа тілдер кафедрасында 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша білім алудамын. Университет қабырғасында үш жыл өмірімдегі ең бақытты, ең қызықты сәттер болды. Әрине қызығымен қиындығы қатар жүрді. Білім инемен құдық қазғандай демей ме? Әрбір студенттің мақсаты университет берген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жеткілікті деңгейде білім алып, өз саласының маманы болу. Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтудемін. Осы мақсатқа жетуімен жол сілтеген , өзінің ақыл-кеңесімен тек мені ғана емес біраз студентті өзінің артына жетелеген Екі шет тілі және Еуропа тілдер кафедрасы мұғалімдері мен оқытушыларына айтар алғысым шекcіз. Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтудемін.Кафедра бойынша тәжірибе жетекшісі Алиакбарова Айгерім Тілесбекқызына үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті атану – асқақ арман,зор мәртебе және үлкен бақыт.Алдағы уақытта университетті үздікке аяқтап, өз саламның жақсы маманы болсам деймін. Мен де өз оқытушыларым секілді артымнан еріп келе жатқан іні-сіңілілеріме білгенімді үйретіп, Қазақстан Республикасының білім саласында өзімнің айтарлықтай орнымды қалдырғым келеді. Сондықтан мен үшін осы оқу орнында білім алу – үлкен мақтаныш,зор қуаныш. Мәңгілікке жасай бер,өркендей бер,гүлдене бер, ҚазҰУ-ым

Бимағамбетова Іңкар Жұмажанқызы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектебім ауылымның мақтанышы


(Қожабақы мектебіне 70 жыл)

Бойында ұлылықтың жатқан ізі,
Келешек ғасырға да мақтан – ісі.
Шуақты, шежірелі тарихы бар
Мектебім – ауылымның мақтанышы.

(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінің өлеңінен)

Қазіргі XXI ғасыр таңындағы әлемдік кеңістікте өз орнын айқындауға ұмтылып отырған Қазақстан үшін де оқушы баланың мектепте орта білім алып шығуы міндетті әрі маңызды іс болып саналады. Ендеше, өткен тарихымыздағы қазақ ауылдарында сондай жалпы білім беретін мектептердің құрыла бастауы – сол кездегі жүргізіліп отырған білім саясаты үшін де және қазіргі орта білім жүйесінің тарихы үшін де елеулі мәні бар дүние. Өйткені қазақтың білімі мен ғылымында, әдебиеті мен өнерінде халқына жарық жұлдыз болып сәулесін шашқан талай ұл-қыздары осындай ауыл мектептерінен қанат қағып шыққан болатын. Сондай мектептердің бірі 1947 жылы іргетасы орта мектеп болып қаланған М.Горький мектебі еді. Бұл – қазіргі №25 орта мектебі. .....
Әңгімелер
Толық

Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздігім - мақтанышым

Менің Отаным - кең-байтақ Қазақстан. Туған елімде көптеген ұлттар тату-тәтті өмір сүруде. Мен "соғыс" туралы тек кинолардан көргенмін.......
Шығармалар
Толық

Ата-анам мақтанышым

Құлтаев Азамат Талапұлы сізді туған күніңізбен құттықтаймын. Әке сізге зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Жанұямыздың басшысы болып, әрқашан қамқорлық жасап жүргеніңіз үшін рахмет әке. Нұрсұлтанова Әсемгүл Болатқызы сіздің аналық жылылыңыңыз үшін ризамын.......
Шығармалар
Толық

4 Маусым - Рәміздер күні (Рәміздерім - мақтанышым)

Қазақстан Республикасының өзіне тән мемлекеттік рәміздері бар. Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар,әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салынған.Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.

Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын қыстау кезіңде ұлы....
Шығармалар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - мақтанышым)

Тәуелсіздік-қазақ елі үшінжарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. ХХI ғасырдың ұлы жетістігі – қазақ халқы үшін егемендік алып, көк туымыз желбіреп, ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн.«Тәуелсіз елім» деген жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында......
Шығармалар
Толық

Мектебім - мақтанышым

Мектеп-кеме,білім-теңіз,
Толқында біз жүреміз
Желбіреген ақ желкені,
Ұстазым сенсің ұланымның ертеңі.


Иә мектеп, білім, ұстазым деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздердің құдіретін ұға білу де парыз. Дана халқымыз “дарын жанып тұрған жалын”- дейді, әр оқушының өз таланты болады. Шәкірттері білімді, дарынды, қаламыздың қақ төрінен орын тепкен алтын ұя мек тебім жайлы мақтанышпен айтқым келеді. Білім ордамыз аз уақыт ішінде облыстық, республикалық деңгейдегі өткен білім саласы жағынан болсын, әр түрлі мәдени шараларда болсын......
Шығармалар
Толық

4 Маусым - Рәміздер күні (Рәміздерім - мақтанышым)

Әрбір адам өз отанын, елін, жерін мақтаныш тұтады. Мен де өзімнің отанымды, елімді, жерімді сүйемін және құрметтеймін. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің басқа мемлекеттерден айырып тұратын өз таңбалары болады. Ол таңбаларды біз рәміздер деп атаймыз. Мемлекеттік рәміздер әрбір адамның мемлекетіндегі бірлігін сезінуге көмектеседі. Біздің мемлекеттік рәміздеріміз
– Ту, Елтаңба және Әнұран. 1992 жылы Қазақстан Республикасының....
Шығармалар
Толық