Бухгалтерлік есеп | Материалдық есепке алу

Кіріспе.
Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Материалдық емес активтердің есебі

Кіріспе
Біз қазіргі жағдайда жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы құр- дық. Экономикамыз бен әлеуметтік өміріміз жақсара бастады.Оның ақын көрінісі Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып тұрақты әлеуметтік – экономикалық қамтамасыз етті,ал мұны жетекші халықаралық сарапшылар- дың өзі мойындап отыр.Экономикамыздың тұрақты стратегияны жүргізуінің нәтижесінде бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына,заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жолында.Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді,яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу

Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер;үйлер;ғимараттар;көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдықтар); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондврғылар мен лабараториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа да машиналар мен құрал-жабдық;көлік құралдары;құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Материалдық емес активтер

1. Кіріспе.
Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі. Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІН «1С КӘСІПОРЫН»

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ролі артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ

КІРІСПЕ
Жұмыс 21 беттен тұрады. Курстық жұмыста 2 кесте, 6 мысал бар. Жұмысты дайындауда 7 әдебиет көздері қолданылды. Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: материалдық емес активтер есебі, материалдық емес активтердің маңызы, салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық кезеңі, салық салу объектісі, салық түрлері, алымдар, төлемдер, кеден төлемдері және т.б.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар--- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі істен шығару себептері және құжаттарын дайындау

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен материалды емес активтердің деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.
Материалды емес активтердің әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады.
Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайға өндіріс тиімділігінің маңызды бағыттарының бірі – субъектінің активтерін пайдалануын жетілдіру, олардың қайтарымдылығын өсіру, олардың тұрақты және реттелген кеңейтілген ұдайы өндірісін жетілдіру. Бұл кез-келген шаруашылықтың материалдық және қаржылық ресурстарының шектеулілігімен тікелей байланысты. Субъектінің активтерін толық пайдалану еңбек өнімділігін өсіруге, ағымдағы өндіріс шығындарын азайтуға, оның басқа сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және пайда үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес активтердің есебі мен экономикалық мазмұнын, кәсіпкерлік қызметтегі ролі мен орнын дұрыс түсіну оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау өндірістің экономикалық нәтижелеріне оң әсер тигізеді.
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің болмауы кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерінің бұрмалануына ұшыратты. Өндірісте бірінші рольде тұратын нақты бар капитал – интеллектуалдық меншіктің болуы теріске шығарылды, ал бұл активтерді мойындап, олардың бағасын білгендер үшін үлкен пайдаларға қол жеткізуге мүмкіндік болды.
Дамыған елдерде әуендер мен әндер, фильмдер мен кітаптар, күрделі химиялық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар, үнемді экологиялық таза технологиялар, электронды есептеуіш машиналарға арналған интегралдық микросхемалар мен бағдарламалық өнімдер сияқты шығармашылық интеллектуалдық әрекет нәтижелерімен сауда жүргізу басты табыс көзіне айналуда.
Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінде материалдық емес активтерді сауатты және дұрыс анықтау, рәсімдеу, бағалау мен есептеу бизнес нәтижелері мен фирма бағасына тікелей әсер етіп өте маңызды роль ойнайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті

Нарықтық қатынастардың технологиялық өзгерістерінің тез әрі қарқынды түрде дамуына байланысты бәсекеге қабілеттілікті тек материалдық және қаржылық факторлармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұндай жағдайда бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын жоғарлататын құрал ретінде ұйымның қызметінде материалдық емес сипаттағы факторларды қолдану экономикалық қатынатарға түсушілердің ерекше қызығушылығын арттырады. Айналымдағы емес құралдардың құрамында материалдық емес активтердің болуы ұйымның нарықтық құнын ұлғайтады, инвестициялық тартымдылығын жоғарлатады, қиянатшыл бәсекелестіктен қорғайды, сыртқы және ішкі нарықта бәсекелестіктердің артықшылықтарын қамтамасыз етеді.
Алайда, материалдық емес активтер объектілерін құрғанда, қайта бөлгенде және коммерциялық айналымға қатыстыру кезінде оларды қолданумен, есептеумен, басқарумен, аудитпен және талдаумен байланысты көптеген мәселелер туындайды. Заңнамалық базаның жетілдірілмеуі, материалдық емес активтер объектісінің нақты сыныптамасының болмауы, материалдық емес активтер объектісінің есебінің, талдауының және аудитінің әдістерінің теориялық жетілдірудің жетіспеуі сияқты және басқа да мәселелер зерттеу үшін бүгінгі күні біршама өзекті болып келеді.
Айта кететін жай, бұған дейін біздің елімізде материалдық емес активтер түсінігінің өзі болмаған. Нарықтық қатынастардың дамуына қарай бұл түсінік
Қазақстандық бухгалтерлік есеп теориясына кіре қоймай, сонымен қатар тәжірибеде қолданыла бастады. Материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті көптеген сұрақтар туғызады, бұл зерттелетін тақырыптың тәжірибелік маңыздылығын және қажеттілігін куәландырады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық заттық көрінісі ретінде

Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Ал өз кезегінде қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда болады. Осы жинақталған ақша қоралы қаржы қатынастарын іске асырудың негізі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын «Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы саласы мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруын, осы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттар қорларының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің маңыздылығын, еліміздегі бүгінгі таңдағы негізгі қорлар мен ақша қаражаттарының қорлары негізінде жұмылдырылатын қаржы қатынастарының ерекшелігі туралы тоқталу болып табылады.
Жұмысты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым: ақша қаражаттарының қорларының қаржыны қалыптастырудағы орнын анықтау және еліміздің ұлттық қорының құрылу барысы мен экономикадағы қызметтеріне тоқталу болып табылады...
Курстық жұмыстар
Толық