Қазақ тілі | Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі

1 ТҮС КӨРУДІҢ ПРОЗАДАҒЫ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ
1.1. Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы
“Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді.
“Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті”.
Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.” Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен – Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен өту - өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді. Бірі – көктегі, екіншісі – жердегі су. Бірі - өлім әлемі, екіншісі - өлім әлемі. Түсте өзеннің немесе теңіздің суына қарық болу, яғни суға кету – жамандықтың, қасіреттің нышаны. Халық нанымындағы бұл жору да оқиға барысынан көрініс береді. Анасының түсінде тасыған Бұқтырмадан өте шыққан Аққан соғыстан аман-есен оралады.
Ақанның түсі:
“Түнде кезегім бітіп, шаршапкеліп, ұйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет Ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей, шанағынан асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы кезде асау толқын айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бүктеп апарып, жалмап жұтып қояды. Жар жағасында қалған мен айғайлап сондарынан жүгіремін, дауыстап шақырамын. Жым-жырт. Бұл түс арқылы еңбек армиясында жүрген Ақан майдандағы ағасы Ақтайлақ пен інісі Бағдаттың оралмайтынын біледі.
“Екеуінен де мәңгілікке айрылғанымды жүрегім сезіп еді.
Бұқтырмадан аман-есен өткен Ақан ауылға оралады, ал сол Бұқтырманың толқыны жұтып қойған Ақтайлақ пен Бағдат майданда қаза болады. О.Бөкеев кейіпкерлерінің түсінде Бұқтырма - өмір мен өлім межесі. Және ол түске тасыған қалпымен енеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мұхтар Әуезовтің аударма пьесалары көркем аудармалары

КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі: Аударма тарихы алыстан келе жатыр. Бір халықтың екінші халықпен қарым-қатынас жасауы, танысуы, өз елінің ой-санасын өркендету тиянақты тірегі болып табылатын аудармаға дүние жүзінің атақты ғалымдары ерекше көңіл бөлген.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Орыс классиктері мен бүкіл дүниежүзілік әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ тіліне көп уақыттан бері үзбей аударылып келеді.
Сонымен қатар қай халықтың болса да, сондай-ақ қазақ халқының өмірінде аударма әдебиет зор роль атқарады. Сондықтан аударма мәселесі - өмірлік мәні бар маңызды мәселе. Аударма арқылы жұрт адамзат ақыл иелерінің басынан шыққан асыл қазыналармен танысады. Аударма арқылы халық өткен ғасырлардағы және осы замандағы дүниежүзілік мәдениеттің жемістеріне ие болады. Аударманың маңызы мұнымен ғана сарқылмайды. Аударма ана тілінің қалыптасып, дамуына да әсер етеді.
Экономикамыз бен мәдениетіміздің орасан өсуі нәтижесінде қазақ тілінің сөздігі жаңа сөздермен, сөйлемшелермен байыды. Қазақ тілінің қалпы, оның грамматикалық құрылымы, негізгі сөздік қоры бұрынғы күйінде қалғанмен, қазір оның сөздік қоры молайды. Кейбір ескірген сөздер сөздік қорынан шығып қалды, көптеген сөздердің мағынасы өзгерді, тілдің грамматикалық құрылысы жақсарды. Әдеби тіліміздің осындай қалыптасу процесінде орыс кітаптарын қазақ тіліне аударудың елеулі маңызы болды.
Жұмыстың мақсаты: М. Әуезов шығармашылығының аударма саласымен байланысын, қарастырып, аударма шығармаларымен танысу. Атаулы қойылған мақсатта келесі міндеттер анықталды:
- М.Әуезовтың аудармашы ретінде әдебиетте алатын орнын анықтау;
- Жазушының аударма еңбектерін қарастыру;
- М.Әуезовтың аудармасы мен қазіргі кездегі аударманың сабақтастығын қарастыру;
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста М.Әуезовтың аудармашылық қызметі бүгінгі заман тұрғысынан қарастырылады. Себебі, аударма - шын мағынасында ғылыми жұмыс. Аударма творчестволық ізденудің, әдеби шеберліктің нәтижесінде туады. Осы мағынада аударма өнері деп танылады. Аударма өнеріне жетілу үшін, біріншіден, шығарма қай тілге аударылса, сол тілді, яғни қазақ тілін жақсы білу керек. Қазақша сөйлеу, жаза білу қазақ тілін озық білгендік болып табылмайды. Ана тіліміздің бүкіл байлығын меңгерген, әдеби тілдің заңдарын игерген және оларды іс жүзінде қолдана білетін адамдар ғана қазақ тілінің шебері деп есептелінеді. Екіншіден аударма өнеріне жетілу үшін шығарма қай тілден аударылса, сол тілді, яғни орыс тілін жақсы білу керек. Оны ресми сөздіктердегі мағынасында ғана емес, халықтың ауызекі сөзінде кездесетін әр алуан мағынасында жете түсіну қажет. Үшіншіден, аудармасы аударылатын шығарманың мазмұнын оның жазылған дәуірін, сол дәуірдегі тарихи оқиғаларды зерттеп білуге міндетті. Міне тек осындай шарттарды орындағанда ғана аударма өнеріне жетілуге болады.
Жұмыстың ғылыми негізділігі: Атаулы аударма тақырыбы ХХ ғасырдан бастап зерттелініп келе жатқан тақырып. Бұл саланың дамуына М.Әузов, С. Талжанов, бертін келе Г Қазыбек, Л.У.Абенова және басқа да зерттеушілер өз үлесін қосып отырды. Атаулы салада жазылған біраз ғылыми еңбектер де баршылық.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде М.Әуезовтың аударма шығармалары, аударма саласына қатысты жазған ғылыми зерттеу мақалалары, тікелей аударылған автор шығармалары, ғылыми мақалалар, оқулықтар, баспасөз беттеріндегі материалдар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА

1.1. Аударма түсінігі, анықтамасы, тарихы және мәселелері

Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым – қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аударма – халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі ол – бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімінің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі.
Аудармашы - өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым – қатынастың, алыс – берістің, айырбастың құралы. Аударма – елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың, тәжірибе – тағылым алмасудың делдалы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасының көркемдік жүйесін қарастыру

Кіріспе
Бүгінгі өз алдына тәуелсіздік алған егенменді елміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындай түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадам алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталғаны баршамызға мәлім. Алаш азаматтары яғни қазақ зиялылары қазақ ұлтын жеке автономиялық мемлекет етіп құруды мақсат етті.Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларын айналды. Бұл ұлт – азаттық идеяның әдебиетте алғаш көрініс беру еді. Бірақ ұлт – азаттық идея ұстанған ағым өкілдірі саяи айыппен қоғамнан аластатылды да, оларды тану, зерттеу соңғы жылдары қолға алынды. Басқа сөзбен айтсақ алаш азаматтары аңсаған екріндікті, егемендікті ұрпақтары біз көріп отырмыз.
Бүгінгі таңда жарты ғасырдан астам өз оқырманын күткен Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығы қазақ халқының асыл мұрасына айналды. Осы уақыт ішінде Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығы жан-жақты зерттелді.Ақынның қаламынан туған классиқалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі бір көркемдік дәрежеге көтерді. Ал ақын көркем туындыларындағы естетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халық ауыз әдебиетінен халықтық мәдениеттен алып жатады. Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық ұстанымын тануда патриоттық рухта жазылған поэмаларының рөлі зор. Поэмаларының ішіндегі ең көлемдісі және алдымен ауызға ілігері - "Батыр Баян". Өйткені поэма идеясы ұлт тағдыры идеясынан туындаған.
Алғаш "Шолпан" журналының 1923 жылы №4–8 сандарында жарияланған "Батыр Баян" поэмасы тарихи деректерге қарағанда Мұқтар Әуезовтың үйінде бір таңда жазылған. Осы помасына негіз болған деректерді ақын Шоқан Уәлиханов еңбегінен алғаны баршамызға мәлім. Поэманың кейіпкері болып отырған Абылай хан да, Батыр Баян да өмірде болған адамдар. Және Баянның Абылай ханның сүйікті батыры болғаны да рас. Сондықтан Мағжан қазақ халқының тәуелсіздігі, бірлігі, бостандығы үшін күрескен – Абылай хан батыр Баян есімдерінің ел назарынан тыс қалып, ұмытыла бастауы бір кездегі, батыр халықтың рухының жойылуына апарып соғарын түсінгендіктен, "Батыр Баян" поэмасын жазған.
"Батыр Баян" поэмасында қазақтың хандық дәуірі, оның ішінде Абылай тұсындағы жаугершілік заман психологиясы көрініс тапқан.
Ақын шығарма мазмұнына реалистік оқөиғаларды мәселен, Абылай дәуірі, XVIII ғасырдағы қазақ батырлары, соның ішінде Баянның ерен ерлігі, қайсарлығы мен батыр мінезі, қалмақ пен жауласқан майдан даласы, Абылай мен Баян арасындағы сөз бәсеке, Сары батырұлы Қыстаубайдың қалмақ қызына ғашықтық оқиғасы, Жанатай өлімін таңдап ала отырып, тарихи шындыққа романтикалық қуат берген. Яғни негізгі мазмұнын тарихи оқиғалар құрып тұрған поэмаға ақын романтикалық махаббат, асқақ өлім ырғағын үстемелеу арқылы бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған батыр Баян Қасаболатұлының образын сомдауға, характерін ашуға пайдаланды. Яғни ер Баянды Мағжаннан асып, ашын тарихқа қалдырып, танытып, бейнесін әдеби көркемдеген ешкім болмады.
Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасы екі тараудан тұрады. Бірінші тараудың бас шенінде ақын басқа поэмалар сияқты өз күй-сезімін толғап бастайды. Ақын өткен күн тақырыбына неліктен оралып отырғанын, қалам ұстаған кездегі жағдайын түсіндіруге бейім. Ары қарай Мағжан XVIII ғасыр Абылай заманын, қанша уақытқа созылған қазақ-қалмақ арасындағы айқасты суреттейді. Және поэманың драмалық тартысын күшейту үшін Баян-Ноян-қалмақ қызының арасындағы шиеленісті, ақыры Ноян мен қалмақ қызының өлімін жырлайды. Ал екінші тарауда ақын басшы кейіпкер Баянның жүз жігітпен қалмақ қолына шабуын, асқақ өлімін суреттейді.
Дерек көздерін және тақырыптың бұған зерттеулер деңгейіне келер болсақ, Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші томын айтамыз. (Алматы I том, 1961). Ал, "Батыр Баян" туралы алғашқы пікір Ж. Аймауытовтың " Мағжанның ақындығы туралы ( Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама "Лениншіл жас" журналы №5, 1923 жыл) мақаласында жарық көрді. Сонымен қатар Сәбит Мұқановтың "XX ғасырдағ,ы қазақ әдебиеті" еңбегінде біршама қаралады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Туған өлкем неткен көркем

Отан ыстық жалын оттан тіпті қызу шоқтан да,
Оған деген ыстық сезім қармалауда қалама
Орманынсыз бұлбұл жетім,Отанынсыз адам жетім,
Бұл фәниде туған елсіз қалған да...
Тақпақтар
Толық

Шөмішбай Сариев | ХХ ғасырдың 60 70 жылдардағы қазақ лирикасының көркемдік ізденістері


1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар /түрді/ мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Позиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты.

Бұл арада 70 жылдан астам уақыт өз өктемдігін жүргізіп келген Кеңестік жүйенің әдебиетіміздің өсу процесіне кері ықпал тигізген әсерін айтып өтпеуге болмайды:

Біріншіден, бес ғасырлық ғұмыры бар қазақ әдебиетінің алтын қоры, бай қазынасы – фольклордың, ауыз әдебиетінің дәстүрі жалғасын таппай дағдарысқа ұшырады.

Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейін, көп ұзамай: «Революцияны жақтайсың ба, жоқ оған қарсысың ба?» деген жалауды көтеріп, оған нақты жауап іздеді де, идеялық мазмұнына, әрі шығармашылығына қарай төрт топқа бөлінді.

Біріншісі – Кеңес үкіметіне сеніп, қолына қалам да, қару да алып күрескен Сәкен Сейфуллин, Баймағанбет Ізтөлин т.б. ақындар тобы. Екіншісі – бұл дүниенің болашағына барлай қарап, баянына үлкен ой көзімен қараған Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. ақындардың жұлдызды шоғыры. Үшіншісі – әдебиетке демократтық бағыт ұстаған нағыз бұқарашыл ақындар – Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров. Төртіншісі – еңбекші бұқара, халық арасынан шыққан ел ақындары – Жамбыл Жабаев, Иса Байзақов, Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов т.б. тегеурінді талант иелері. .....
Әңгімелер
Толық

Астана

Астана əсем қаласың
Көркейіп жылда барасың
Бауырына тарта бер
Қазақтың əр баласын

Еліміздің Астана мақтанысың
Өзіне мейрімі елдің....
Өлеңдер
Толық

Проблемалық ситуация негізінде оқушының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік
–экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Қазақстан халқына жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау
жөнінде нақты.......
Баяндамалар
Толық

Ата-енемен бірге тұратын келіндерге кеңес

Қоғамымызда ажырасуға жол ашатын себептердің бірі – келіннің ата-енесімен сыйыспауы немесе туған-туыстың келінге жылы қабақ танытпауы. Осы себепке байланысты қаншама ерлі-зайыптылар бір-бірінің жүзін көрместей теріс айналып, қаншама келіншекке «есік көрген» деген ат тағылып, қаншама еркек «ажырасқан» деген масқараға.......
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады?

Өзіне сенімділік бұл – жақсы тәрбиенің жемісі деуге болады. Тәрбие барлығына белгілі бала құрсақта пайда болғаннан басталады. Сондықтан сәби кездегі тәрбие ананың ақ сүтімен.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық