Доллардың тұрақсыздығынан қара базардағы көлік бағасы екі есеге түскен (видео)

Айырбас бағамы ырыққа көнбей кеткен доллардың тұрақсыздығы көлік саудасына да кері әсерін тигізуде. Сатушылар доллар өскен сайын, көлік бағасын түзетіп, төмендетіп жазуға мәжбүр деп хабарлайды 31 арна.
Жаңалықтар
Толық

Париж тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді (ВИДЕО)

Қала билігі жұртты мейлінше қоғамдық көліктермен жүруге шақырды. Ал жүргізушілер жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырмауы тиіс. Себебі ауаның ластану мөлшері бір аптадан бері жоғарғы деңгейіне жеткен. Мамандар бұл жағдайдың ел астанасында біраз уақытқа жалғасатынын айтып отыр.
Жаңалықтар
Толық

Қазақстан әлемдік деңгейдегі көліктерді шығара бастайды

Бұдан былай танымал көліктерді іздеп ел аспайтын боламыз. Себебі ол автокөліктер өз елімізде жасалады.

Шетелдік компаниялар Қазақстанда өз зауытын салуға ниетті. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өткен жиында мәлім болды.

"Қазақстанда автокөлік жасауды дамыту: жетістіктері, түйінді мәселелері және перспективалары" тақырыбындағы өткен көшпелі дөңгелек үстелде мамандар мәселені жан-жақты талқылады. "Нұр Отан" партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі бұл саланы жіті бақылап, қадағалап келеді. Нәтиже жаман емес. 2012 жылы Өскемен, Қостанай, Алматыдағы зауыттарда 20 мыңға жуық машина жасалған. Биылғы 9 айда 25 мың көлік шығарылса, жыл аяғына дейін 9 мың көлік жасау жоспарланып отыр.....

Жаңалықтар
Толық