Психология | Жалпыұлттық мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Жас адамды әлеуметтендіру жеке бастың жан-жақты дамуын қалыптастыруды, оның санасында мақсат-мұраттардың орнығуын, азаматтық кемелденуді, қоғамдық белсенділікті және жоғары адамгершілікті тәрбиелеуді талап ететін борыш пен ізгілік, тілек пен мүмкіндік, мүдде мен қажеттілік сияқты қайшылықтар күресінің барысында жүзеге асырылатын күрделі де қиын процесс.
Сондықтан жан-жақты әлеуметтендірілген адамға қажетті негізгі ұғымды адамдық қасиеттерді түгелдей қарастырып, анықтаудың қажеті жоқ. Керісінше, ең бастысы, осы қалыптастырғалы отырған әлеуметтік тұлғаға қажетті элементтерді құратын заңды құрылыс байланысын табу керек. Мысалы, білім беру ақыл-ойдың дамуына тікелей әсер ете отырып, адамның дүниеге жүйелі көзқарасын қалыптасуына ғылыми негіз болады. Ал дүниеге ғылыми көзқарас адамның жан-жақты қалыптасуының ең негізгі заңды арқауы. Осы тұрғыдан қарастырылғанда жас ұрпақты әлеуметтендірудің басты міндеті ретінде дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру қажет екендігін атап көрсетуге болады. Өйткені дүниеге мұндай көзқарасты қалыптастыру адамды жан-жақты жетілдірудің негізгі принциптерінің ең бастысы әрі теориялық негізі б.т. Олай болса, мектептегі оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп, дамытудың бүкіл сан-саналы процесінің, яғни жасөспірімдерді әлеуметтендірудің заңды арқау жібі - әрбір оқушының бойына дүниеге ғылыми негіздерін қалыпттастыру б.т....
Курстық жұмыстар
Толық