Тарих | Қазақ халқының тарихындағы отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдерін тарих сабағында оқыту әдістері

Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.
Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық.
Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт.
Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым.
Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу.
«Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ халқының тарихында Төле би Қазыбек би Әйтеке би

Халқымыздың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы біздің арғы-бергі тарихымызға,қажырлы хандарымызға, қайратты батырларымыз бен қабырғалы билерімізге, азуы алты қарыс ақын-жырауларымызға ерінбей-жалықпай қалам тартқан. Олардың елдің жаны сүйсінерлік ғибратты сөздерімен бірге, жаның күйінерлік осал тұстарын да қағаз бетіне түсіріп кетіпті. Әсіресе Төле биге жоғары баға бере келіп: «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның жерін жау араламайды»-деп тамсана айтса, халқымыз да осы бір халық деп жаны-тәні елбіреп тұрған би туралы «бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бүтін билікке Төле би жеткен»- деп ағынан жарылыпты
Біздіңше ұлы бидің атын, атағын биіктеткен бір жағдай адам тануында жатқан сияқты, халық қатты күйзеліп жан-жақтан қысым көріп, не істергн білмей дағдарып тұрған заманда Төле бидің өзі баласындай күтіп-баққан Сабалақтың елі үшін істеген ерен еңбегі тарихымызға алтын әріппен жазылатын керемет уақиға. Бұл жағдай Шәкәрімнің «Түрік,қырғыз һәм қазақ хандар шежіресі» атты атақты кітабында соншама дәл жазылған: «Әбілмансұр жетім бала күнінде Қазақ-елім,Сарыарқа-жерім деп іздеп,Үйсін Төле бидің қолына келді. Төле би басында түйе бақтырып, одан соң жылқы бақтырып, ақырында әртүрлі мінездерімен ұнап бала қылып күтіпті.”Кімсің” десе, “білмеймін” деп, “атың кім” десе “сіз қойған ат атым болсын” деген соң, шасы өскен, киімі жыртық балаға”Сабалақ” деп ат қойыпты.
Бір күні Әбілмәмбет хан қазақты жиып, қалмақпен ұрысқалы жатыр деген естіп келіп, Төле биден соғысқа баруға рұқсат сұрапты. Төле би:
- Балам, саған соғыстан жылқы жақсы емес пе? – десе:
- Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша жігіт адамның өлгені жақсы, - деген соң, Төле би рұқсат беріпті.
Барса қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып, ортасында қалмақтың,
ортасында қалмақтың Ғалдан Церен деген ханның күйеуі, Қоңтажы деген ғаскер басының баласы – Шарыш деген қазақтан жекпе-жекке батыр сұрап жүр екен. Әбілмәнсұр Әбілмәмбет ханға барып: “Тақсыр, бата берсеңіз, мынаған мен барайын” – дегенде, хан бата берген соң, Шарышқа қарай “Абылай! Абылай!” деп ұран салып барып, Шарышты өтіріп, басын кесіп алып, “Жау қашты” деп айғай салған соң, қалмақтар қашып, бір мезгілде бір жерге келіп, хан шатырын құрып, Әбілмәмбет Әбілмансұрды қасына отырғызып:
- Мен қанышер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған атамның атын ұран қылдым, - дейді. “Абылай” атанғаны жоғарыда Абылайлап шапқанынан болды. Абылайдың хан болғаны 1735-інші жылдың маңайы болар. Сонан біздің Орта жүздің жақсылары бұрын үлкен хандар Ұлы жүзде болушы еді. Бұл ханды өзіміз сақтаймыз, қалмақпен көп ұрысатын да біз деп, Төле биге сый алып барып, Әбілмансұр – Абылай ханды алып келіпті”, десе, Әз Төле биді күллі қазақ халқы қадыр – құрмет тұтқан, әділдігін, қанағатшылдығын, “елім-жұртым” деп еңірегенде етегі толған аппақ жанын сыйлаған. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның алғашқы кезенің сонау арийлер мен турлар заманынан бастаған дұрыс сияқты, Себебі, тарих сабақтастығында байланысты тайпалардың пайда болып, оның біртіндеп дамуына , тайпалық одаққа, одан халыққа дейінгі дәрежеге жеткендігі белгілі. Дамуды жүйелей келе андрондық кезеңнен бастап сақ сармат дәуірі аралығын алған жағдайдың өзіңде бұл аралықта қыруар өзгерістердің болғаны байқалады. Тайпалардың орналасуы, олардың жайылымдық аймақ үшін соғыстары, олардың орнының ауысуына әкелді. Бірақ ол ауысу сол белгілі аймақта өтті.
Ежелгі қазақ даласындағы қоғамдық маңызы бар оқиғалар ол тайпаларды нәсілдік, әрі антропологиялық өзгеріске түсірді. Арийлер мен тур тайпаларынан, одан былай қалыптасқан сақ тайпалық одағынан кейбр зерттеуші ғалымдар нәсілі жағынан европоидтарға, ал тілін үнді ирандық топқа жатқызады.
Келесі кезенді ғұндардың қоныс аударып, әсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезенінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады.
Енді жерде тайпалар нәсілі жағынан моңғол тектес, тілдік құрамы түркі тілдеске көшті. Жаңа келген түркі тайпалары ертеректегі түркі дәуіріедегі өмір кешкен сақ сармат тайпаларын антропологиялық жағынан да өзгеріске ұшыратты. Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жаяды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтар тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты.
Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейінгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығына дейінгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыданда күшейтті. Тек түркілену ғана емес, бұ кезеңде мұсылмандануда қабат жүрді. Ерте феодалдық ортағасырлық мемлекеттерде өмір кешкен тайпалар бұл процестің шапшаң жүруіне үлес қосты. Қазақ халқының қалыптасуына қомақты үлес қосқан қыпшақ кезеңі екендігін айтқан жөн. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяұталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қыпшақ халқының бір тұтас болып, кең аймақта қалыптасуында кедергі болған моңғол шапқыншылығы. Кейбір ғалымдар , тіпті, моңғол шапқыншылығы болмағанда, қазір біраз халықтар ортақ атаумен қыпшақ халқы болып аталар еді деген пікірлер айтады. ....
Рефераттар
Толық

Философия | Қазақ философтары

Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт ціздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай – сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды. Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, теңдік, бауырластық» деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден-цбір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді.
А) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір, екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн. Біріншісі, бұл бір жағынан патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы тауар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкейұлы (1843-1906), Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-1768) тағы басқалар. ....
Рефераттар
Толық

Философия | ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар, үйсіндер және қаңлылардың дүниетанымдық түсініктерінің өзара байланысы нығая түсті. Олар алғашқыда әр алуан еді. Өйткені, ғұндар “таза көпшілілер”, қаңлылар “таза” егіншілік, ал үйсіндер - жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған. Шамамен бес-алты ғасыр өткен соң жағдай айтарлықтай өзгерді.Ғұндардың басым көпшілігі батысқа кетті, ал қалғандары мен қайтып оралғандары қазақтың басқа ұлыстарына араласып, сіңісіп кетті. Қаңлылардың елеулі бөлігі өғыздардың өңтүстік батысқа қоныс аударуы барысында осы тайпалардың құрамында кетіп, осы қауымды және жаңа қоныстарында ассимиляциға ұшырады. Қалған қаңлылар үйсіндерге қосылып, осы уақытқа дейін өздерін солардың құрамындамыз деп санайды. Бұдан ұғарымыз, бірінші мыңжылдықтың ортасындағы қазақтың ата тегінің ішінде үйсіндер – Қазақстан тұрғындарының негізгі дүниетанымдық бет-бағдарын өз бойына жинақтаған һалық болды. Мұның тағы бір дәлелі қазіргі бүкіл Қазақстан аумағында осы үйсіндердің шаруашылық түрі - жартылай көшпелі малшылық негізгі шаруашылық түрі еді.
Бүкіл Евразия даласын көктей өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді. Оның барысында мал, нан, жүн, былғары, қолөнер бүйымдары саудасы қыза түсті. Қалалар егіншілік аймақтармен шектес далаларда да, сондай-ақ даланың терең ішкі аймақтарында да бой көтерді.
М.С.Орынбеков пайымдағандай, “мемлекеттілігі елсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа зор ықпалететіні белгілі. Ал, қазақтың көне және соңғы тарихында мемлекеттіліктің әлсіз болғаны белгілі Табиғат әрқашанда Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастық рөлін атқарды.Ол өзінде дербес жаратушы, тіршіліктіқ иманенттік себептерімен факторларының белсенділік пен эволюция негіздерінің иегері болды”.....
Рефераттар
Толық

Филиософия | Қазақ философиясы

Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт ціздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай – сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды. Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, теңдік, бауырластық» деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден-цбір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді.
А) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір, екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн. Біріншісі, бұл бір жағынан патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы тауар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкейұлы (1843-1906), Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-1768) тағы басқалар.
Тоталитарлық тәртіп кезінде оларды патриархалдық өмірді көксеуші, Ресейге қарсы болған кертартпа идеология, «Зар заман» өкілдері деп қарады. «Зар заман» деген Шортанбайдың бір толғауы солай аталатын. Сондықтан, олардың аттары аталмайтын, толғаулары тарихтан сызылып тасталған еді. Байқап қарасақ, олардың елді кері тартпақ болған идеологиялары емес, қайта қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И.Герценнің «Колокол» («Қоңырау») газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған екен. Олар екі жүзділік, зұлымдық, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп қынжылады. Екіншісі, Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын оқуға, білімге, кәсіпкерлікке, еңбектенуге шақырды. Ескі зиян салттарды сынады. Сөйтіп, бұл бағыттың әдістері әрқилы болғанмен, түпкі мақсаттары бір – елді прогреске ұмтылдыру болды.....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тілінің сөзжасам негізі

Тіл-қатынас құралы ретінде ойлаудың тікелей шындығын, болмысын сөйлеу, жазу арқылы білдіреді. Тілдің ең кішкене бөлшегі — сөз болса, сөздердің өзара тіркесіп келуі арқылы ғана тілдік ұғым жасалады. Олай болса, тілдің заңдылығы, өз ішінде сала-салаға бөлінетін алуан түрлі тармақтары бар.
«Сөздердің жасалуы» деген бөлім тілдік материалдың қарастыратын мәселелеріне қазақ лексикасындағы сөздердің қандай амал-тәсілдер арқылы жасалатынын анықтайды. Морфология бөліміндегі сөз таптарының жасалуы, тұлғалық көрсеткіштері, сөздердің құранды бөлшектерінің бәрі сөздердің жасалу заңдылықтарымен ұштасып жатады. Сол себепті «Сөздердің жасалуын» лексикадан соң, сөз таптарынан бұрын жеке тарау етіп танып, өз алдына категория етіп оқыту дұрыс ойластырылған. Сөздердің әрқилы жолдармен жасалу ереже-анықтамалары негізінен әр сөз табына қатысты, сондықтан сөздердің жаралуын орфография заңдылықтарымен ұштастыра оқыту оқушының сөйлеу, жазу тілін дамыту, сауаттылығын арттырудағы іскерлік дағдыларын қалыптастырады.
Сөздердің жасалуындағы нақты амал-тәсілдерді білдіру, оны жүйелі оқыту он жылдық орта мектептің 4-5-класс программаларында «Сөздердің жасалуы» бөліміндегі тілдік материалдар жетілдірілген жаңа программада мынадай жүйемен берілген.
Сөздердің жасалуы мен орфография. Қазақ тілі сөздерінің жасалуы. Түбір сөз. Қосымшалы сөз. Жұрнақ және оның турлері. Туынды сөз. Түбір сөз. Жалғау және оның түрлері. Дара және күрделі сөздер.Қосымшалар мен күрделі сөздердің емлесі. Сөздердің жасалуынан өткенді қайталау.
V класта өтілген сөздердің жасалуын қайталау. Біріккен сөз туралы түсінік. Біріккен сөздердің жасалуы. Біріккен сөздердің емлесі. Қос сөз туралы түсінік. Қос сөздердің түрлері: қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер. Қос сөздердің емлесі. Қысқарған сөз туралы түсінік.Қысқарған сөздердің емлесі.Сөздердің жасалуынан өткенді қайталау! (5-класс, 15 сағат).
Қазақ лексикасындағы сөздердің жасалуындағы амал-тәсілдер орфозпия, орфография заңдылықтарымен ұштастырыла оқыту жетілдірілген программада нақты көрсетілген. Сөздердің жасалуындағы обьектілер оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 4-5-класта оқытылады.
Жаңа программада сөздердің жасалуына бұрынғыдан біраз сағат арттырылған. Сөздердің жасалуының жолдары өз ішінде жүйелі беріледі. Лексикадан алған білім негізінде сөздік құрамындағы сөздердің жасалуын өз алдына жеке бөлім етіп оқыту өте ұтымды.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Қазақ сөзінің шығу тегі тарихы

Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, ''қазақ'' атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты ''қазақ'' атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.
''Қазақ'' сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ''қазақ'' сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.
Ал, басқа ғалымдардың пікірлері бойынша ''қазақ'' сөзі XV ғ 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандары басқарған тайпалардың жалпы атауы болып келеді. “ҚазССР тарихының” бес томдығында: “қазақ ұлты – XIV- XV ғ.ғ аралығында қалыптасты”, - деп жазылған. ....
Рефераттар
Толық

Мәдениеттану | Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы

Өнер ұғымы мәдениеттануда сөздің тар және кең мағынасында қолданылады.Терминнің тар мағынасында “ өнер ” деп көркем шығармашылық процесін және оның әртүрлі бітімдерін айтады. Оның қазақ мәдениетіндегі алғашқы жүйелерін көрсеткен – Жүсіпбек Аймауытов: “ Атам заманда табылған өнер, білімнің бәрі сөз арқылы бұл күнге, жетіп піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр ”. Оқымыстылар өнерді беске бөледі:
• 1. Сөз ( словесность )
• 2. Суретшілік ( живопись )
• 3. Мүсіншілік ( скульптура ). Балшық, тас, мрамор әм басқа нәрселерден адамның, басқа хайуандардың пішінін жасау.
• 4. Үй ішілік ( архитектура, үй, сарай, көпір салу сияқты өнер ).
• 5. Ән-күй ( музыка ), т.б.
Бес түрлі өнердің ең артығы – сөз. Сөздің артықшылығы- өзге төртеуін сөзбен суреттеп айтуға болады. Басқа өнерлер қанша кәмелетке жетсе де, сөзді суреттей алмайды. Қазақтың “ өнер алды – қызыл тіл ” дегені терең ақыл – тәжірибемен айтылған сөз. Қазақ мәдениетінің көркем өнерін зерттеу дәстүрі осы жолмен ары қарай дамығанын ғылыми әдебиеттен байқаймыз.
Алайда, “өнер ұғымын” кең мағынада кез келген адамның шығармашылық әрекетінің баламасмы ретінде қолдануға болады. Бұл мағына “ шеберлік ”, “ жасампаздық ”, “ іскерлік ” және жалпы мәдениеттілік ұғымдарымен сабақтас. Осы сипатта өнер адамның басқа тірі жандардан түбегейлі айырмашылығын білдіретін қасиетке жатады. Өнерлі адам деп тұлғалық қасиеттерді бойына толыққанды және үйлесімді жинақтаған кісіні айтады. Тек кейін еңбектің қоғамдық бөлінуінің нәтижесінде сөздің тар мағынасындағы кәсіпқой “ өнер қайраткерлері ” пайда болды.
Әрине “ өнер алды - қызыл тіл ” деген мақалмен келісуге болады. Сонда да көркем шығармашылықтың бастауы сөз емес деген пікір қазіргі мәдениеттануда ұсынылып отыр. Шынында да, адамзат дыбыстары ажыратылған сөйлеу қабілетіне ие болғанға дейін де жаза білген. Көне адамның тасқа салған суреттері (петроглифтер) шығармашылықтың алғашқы үлгілері болып табылады. Қазіргі кезде осыдан 4-5 миллион жылдар бұрын салынған петроглифтер табылып отыр. ....
Рефераттар
Толық

Мәдениеттану | Қазақ мәдениетінің бастаулары

Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінін түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бүл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айкындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.
Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар мен адамдармен бірге болды., оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктін маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдык қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген үғымдармен тікелей байланыстырылды. ....
Рефераттар
Толық