Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Гондвана жекелеген материктерге бөлінгеннен кейін Оңтүстік Америка ұзақ уақыт басқа континенттерден оқшау қалды. Сондықтан мұнда тек Оңтүстік Америкаға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың түрлері пайда болды. Африка мен Австралияда өсетін өсімдіктермен, мысалы, пальма, қараған, бөтелке ағашымен бірге Оңтүстік Американың өз түрлері — каучукты гевея, какао ағашы, хина ағашы бар. Хина ағашының ңабығынан дәрі жасалады. Оңтүстік Америка — көптеген екпе өсімдіктердің отаны (117-суретті қараңдар).
Жануарлар дүниесінің де өзіндік ерекшелігі бар. Кейбір жануарлар (құмырсқа жегіштер, сауыттылар, пума) бүкіл материкте кездеседі.
Экваторлың ормандар зонасы. Бұл зона, Африкадағыдай, экватордың екі жағында орналасқан. Оңтүстік Америкада оны сельва деп атайды, бұл португал тілінен аударғанда «орман» дегенді білдіреді. Оңтүстік Америкада бұл зона Африкадағыдан гөрі едәуір көлемді жерді алып жатыр. Сельва Африкадағы ормандарға қарағанда ылғалдылау, өсімдіктер мен жануарлар түрі де көбірек. Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін сейба ағашы өседі, пальманың алуан түрлері, қауын ағашы, какао, гевея өседі. Орманның ірі өсімдіктерін лианалар шырмаған. Ағаштардың діңінде әдемі гүлдейтін орхидейлер көп. Көптеген өсімдіктерден бағалы ағаш сүрегі ғана емес, сонымен бірге жемістер, шырын, техника мен медицинада қолданылатын қабық алынады.
Орман шетіндегі топырақ — қызыл-сары ферралитті, ол Африка ормандарындағыдай түзіледі.
Сельваның жануарлар дүниесі ерекше бай. Мұнда ағаштың басында тіршілік етуге бейімделген жануарлар: ілмек құйрықты маймылдар, жалңауаң мекендейді. Тіпті, бақалар мен кесірткелер де ағаштың басында тіршілік етеді. Өзендер мен батпақты жерлерде тұяқты жануарлар — тапир мең Жер бетіндегі ең ірі кеміруші су шошқасы — капибара мекендейді. Оның салмағы 50 кг-ға дейін жетеді. Жыртқыштар аз, олардың ішіндегі көбірек белгілісі — ягуар.....
Рефераттар
Толық

География | Африканың географиялық белдеулері мен зоналары

Африка — Жердің Евразиядан кейінгі көлемі жағынаи екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы —30,3 млн. км2, аралдарсыз —29,2 млн. км2.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта теңізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың орасан зор кеңістіктері бөліп тастаған.
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте — Эль-Абьяд мүйісі (37°20' с. е.), оңтүстікте — Игольный мүйісі (34°52' о. е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктің ең жалпақ бөлігі экватордан солтүстікте 10° пен 16° аралығында жатыр, мұнда Африка 17°33' б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51°24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді.
Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені — Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған жэне материкке таяу жатыр.
Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас-Нгема-Бииого, Принсипи, Сан-Томе, Аннобон.
Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияға қарағанда Африканық жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің қарапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Тақырыбы: § 41-42  Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Мақсаты:

І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере  отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.

ІІ Тәрбиелік: Оқушыларға   Оңтүстік  Американың   қайталанбас тіршлік дүниесін қорғау және сақтау шараларын  түсіндіру барысында эстетикалық  және  экологиялық  тәрбие беру.

ІІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен,  кестемен,  электронды оқулықпен жұмыс жасауын одан әрі дамыту.

Көрнекіліктер: Жарты шарлар картасы, атлас, таратпа материалдар, электронды оқулық, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы

Ашық сабақтар
Толық