"Атағың да, тағың да керек емес - адамдығың болмаса" демекші, Аға адамгершілік қасиетіңізден ешқашан ауытқымаңыз. "Ағасы бардың - жағасы бар" деген қанатты сөздегідей әрдайым іні-қарындасыңызға қамқор болып, 100-ге жетіңіз.
– Халқымыздың тарихында сәбиді далаға қалдырған оқиға болған емес. Алайда БАҚ арқылы көріп отырғанымыздай, бүгінгі таңда көкек аналар жаңа туған сәбилерін далаға, қоқыс жәшіктеріне, әжетханаға тастап кету жағдайларының қатары көбейіп кетті.
Біз қазақ халқы бұндай жағдайларға қарсымыз. Әрбір....
Ері мен әйелі әңгіменің мәйегі..... Үйленбей тұрып. Жігіт: Ура! Ақыры бұл күнге де жеттім-ау! Қыз: Мүмкін, мен кетермін? Жігіт: Жоқ ,тіпті де олай емес! Қыз: Сен мені сүйесің бе? Жігіт: Әрине! Қыз: Сен менің көзіме шөп салып па едің? Жігіт: Жоқ, сен қалайша мұндай ойды ойлайсың?! Қыз: Мені аймалайсың ба? Жігіт: Иә! Қыз: Мені ұрасың ба? Жігіт: Ешқашанда! Қыз: Саған сенуге болады ғой?! Үйленгеннен кейін, осыны төменнен жоғары қарай оқыңыз
Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңілі толмаған әлгі кісі перзентхана басшысына телефон шалады: - Мен немерем ұл болсын деп едім ғой. Сонша ақшаны сізге не үшін бердім? - Ашуланбаңыз, ауыстырып береміз...
Бір немістің баласы әкесіне келіп: - Мен сіздің батаңызды алып, үйленсем деп едім. - Кімге? - Яшаға. - Не,не? Не деп сұрап тұрсың? Мен дұрыс естімей тұрмын ба? - Жоқ, дұрыс естіп тұрсыз. Мен Яковпен отбасын құрайын деп едім. Ашуға булыққан әкесі: - Сен не айтып тұрғаныңды білесің бе?! Әлде есіңнен адасып қалдың ба?! Яков – еврей ғой!
- Сәке, сен өткен жолғы қалыңдығыңа үйлендің бе? - Жоқ, ол маған кедейсің деді. - Сенің бай ағаң бар емес пе? Соны неге айтпадың? - Айттым ғой. - Иә, сонымен... - Енді ол менің жеңгем.
Бәке, кеше кешкілік паркте жаныңда отырған сымбатты бикеш сіздің қызыңыз болар? - Әлбетте! Басқа кім болушы еді... тек сол көргеніңді әйеліме айта көрмеші...
Қыз бен жігіт кинотеатрда махаббат туралы фильм көріп отыр. Қыз: - Қалай ойлайсың, бұл екеуі соңында үйлене ме? - Әрине! Барлық кинолар осындай трагедиямен аяқталады ғой...