- Қызым-ау, сен ол жігітке тұрмысқа шықпай-ақ қойшы. Өзі ақсақ, басы таз, көзі қыли ғой! - Шеше, маған оның сұлулығы керек емес! Адамдығы болса, болды. - Мен ондай мағынада айтып тұрған жоқпын. Ол сенсіз де өмірде көп зәбір көрген екен.
Екі бойжеткен әңгімелесіп тұр: - Анау «Мерседестің» жанында телефонмен сөйлесіп тұрған әдемі жігітті көрдің бе? Мен оны миллионер жасадым ғой. - Ол жігітті жақсы білемін. Маған дейін ол жігіт миллиардер болатын.
Екі келіншектің әңгімесінен. - Менің бір ақын сіңлім бар еді. Жақында өзін үнемі сынап, жақтырмай жүретін бір сыншы жігітке күйеуге шықты. - Өшін алайын деген шығар...
- Қатты уайымдап жүрмін, - дейді бір әйел құрбысына. - Неге? - Қызым тұрмысқа шыққалы жатыр. Өзі әлі тамақ істей алмайды. - Оған бола қам жемеңіз. Өткені күйеу балаңыздың тамақ істеуге қажетті азық-түлік алатын ақшасы да жоқ көрінеді.
Анасы қызына ақыл айтып отыр. - Қызым, сен әлгі жігітке тұрмысқа шығушы болма! Мені жалғыз тастап кетемісің? - Оған бола қам жемеңіз, апа! Мен сізді сағындырмай, тез арада қайтып келемін – депті қызы.
Нан қосып жеп алдым! - Менің жігітім маған кеше көп балмұздақ әперді ғой. - Қанша әперді, соншама? - 25. - Мәссаған, тамағың ауырып қалған шығар... - Саған ше? - Біреу. - Ой сен не бір балмұздаққа тойдың ба? - Иә, мен нан қосып жеп алдым!
Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады: - Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан үйленетін болып шештік. Әкесі: - Балам, бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады. - Қалай қарындасым? - Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім. Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін екінші қызды таныстыруға әкеледі. Сонда әкесі: - Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті. Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып береді. Сөйтсе, анасы: - Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен.
Шет тілдерін білу қазіргі таңда заман талабына айналуда. Сондықтан да, оқытудың табысы көбіне шет тілін оқыту әдістемесіне және мұғалімнің әр түрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдана білуіне байланысты. Шет тілінде білім берудің негізгі мақсаты - шет тілін практикалық білу. Оқыту барысында шет тілін үйренудің келесі әдістерін қолдануға болады:
Бірінші әдіс: «Эмоциялар күшін қолдану». Яғни, жаңа сөздерді білген кезде оларды өміріңіздегі жарқын және жағымды нәрсемен байланыстыруыңыз керек, әртүрлі тілдік жағдаяттарда «өмір сүруге» тырысыңыз.
Екінші әдіс: «Өзіңе сен». Біздің миымыз губка тәрізді ақпаратты жағымды да, жағымсыз да қабылдайды. Яғни, өзіңізге «мүмкін емес» деп айту арқылы сіз миды оқуға қарсы тұру үшін бағдарламалайтын боласыз. Ешбір жағдайда сіз өзіңізді шет тілін үйренуге қабілетсіз екеніңізге немесе сіз үшін бәрі қиын екеніне сендірмеуіңіз керек. Ең бастысы - өзіңізге сену және кішкене жетістіктерге де қуана білу.
Ілияс Жансүгіров - қазақ ақыны, қазақ әдебиетінің классигі. Қазақстан Жазушылар одағының бірінші төрағасы. Ресей Коммунистік партиясының (большевиктер) мүшесі, коммунист.