Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ҚР дамуы (1997 ж-бүгінгі күнге дейін) Сабақтың тақырыбы: Қазақстан «Қайта құрудың» бастапқы кезеңінде (2-сабақ) Сабақтың мақсаты: Қазақстанның «Қайта құрудың» бастапқы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтау Оқу мақсаты: • 9.1.3.11. Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуі нышаны ретінде айқындау.....
Пән: Қазқастан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4. Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 ж. – бүгінгі күнге дейін) Сабақ тақырыбы: «Қазақстан - 2030» Стратегиясы – мемлекет дамуындағы жаңа кезең Оқу мақсаты: 9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау; 9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау Сабақ мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары дамуы «Қазақстан - 2030» Стратегиясының әсерін түсінеді және талдайды.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы Сабақтың тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар Оқыту мақсаттары: 10.4.2.1 - Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау; 10.4.2.2 - Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау Сабақтың мақсаттары: Оқушылар Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетіндегі өзгерістерді анықтайды. Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің Қазақстанға әсерін талдайды......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Хрущевтық «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар) Сабақтың тақырыбы: Жылымық кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы 1-сабақ «Жылымық кезеңі»қоғамға қандай өзгеріс әкелді? Оқыту мақсаттары: 9.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау Сабақтың мақсаты: Хрущевтық «Жылымық» кезеңіндегі қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіну......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Хрущевтық «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар) Сабақтың тақырыбы: Жылымық кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы. «Жылымық кезеңі»қоғамға қандай өзгеріс әкелді? Оқыту мақсаттары: 9.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау Сабақтың мақсаттары: Хрущевтық «Жылымық» кезеңіндегі қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіну......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан Сабақ тақырыбы: Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру; Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау. Сабақ мақсаттары: Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру; Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау......
Иә, әрине,ұстаз ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне асыл қасиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттілікті сыйғыза білген жандарды халқымыз әрқашанда ерекше құрмет тұтқан.
Жаһандану заманында өркениет көшінен қалмау үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Ұстаз тәлімінен нәр алып сусындаған шәкірттің жетістікке қол жеткізуі – біздің қоғам үшін ең басты рухани құндылыққа апараы сөзсіз. Біліммен қаруланған тұлға қоғамды дамытуға өз үлесін қосатыны белгілі. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі......
Тіл тағдырына қамқорлық – әр адамның міндеті. «Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі» дейді Ж. Аймауытов. Иә, бүгінгі таңда күн тәртібінен түспейтін мәселе – ана тілдің бүгіні мен ертеңі. Өйткені ол – ана тіліміз, ұлттық тіл, тәуелсіз Қазақстанның мәртебелі мемлекеттік тілі. Оның бүгінін тұғырлы, ертеңін тағдырлы жасау – біздің жауапкершілігіміз.
Қазақ тілі – қоғамда заңмен бекітілген мемлекеттік тіл. Алайда барлық салада кеңінен қолданылады десек, онда кемшіліктерге көз жұмғанымыз. Егер қоғам азаматтары тілдің мәнін, рөлін бағалап, түсінсе, онда мемлекеттік тілді жиындарда пайдалану, құжат толтырудан бастап, қызмет көрсету терминалдарын қазақ тілінде сөйлету кезінде кемшіліктер орын алмас еді. Бұл – араздық тудыратын арзан айқай емес, тіл тарихы мен тіл мәртебесіне құрметті талап ету.
Тілдің ертеңі туралы ойымызды жинақтасақ, «Егер мемлекеттік тіл кеңінен қолданыс таппай қағажу көрсе, оның болашағы қандай болмақ?», «Өз ана тілінің қадірін сезінбеген жан ұлт тілінің сол ұлттың төлқұжаты екенін қалай түсінбек?» деген сұрақтар бой көтереді. Менің ойымша, қоғамдағы жауапкершілік әр адамның сындарлы ой қорытып, салауатты пікір тұжырымдауымен, яғни саналылығымен өлшенеді. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» (А. Байтұрсынұлы). Бұған дәлел – XXI ғасыр басында 29 адам қажетсінбеген, тек бір адам ана тілім деп қолданып келген лив тілі. Жалғыздың жүрек соғысы тоқтағанда бұл тіл де ресми түрде өлді. Бұл – қасірет... Осыған жол бермей, тілді сақтау – әр ұлт перзентінің борышы......
Шіркін, төбе құйқаңды шымырлатып, жылы сөйлеп жыланды інінен еріксіз шығаратын, тас жар алмаса да бас жаратын, сүйексіз болғанмен сүйектен өтетін қасиетіңнен айналдым, тілім! Ұлттың сүйенетін тамыры да, асыл ойдың қайнар бұлағы да өзіңсің, тілім! Сол тамырыңның тереңге жайылуын қалап, қайнар бұлағыңның иненің жасуындай болсын ластануын қаламаған, қайран қазағым-ай! Соншама жыл тар жол тайғақ кешуде де аяғыңды шалыс баспай, туған елінің күйі үшін, тілі үшін, діні, ділі үшін боз інгендей боздаған қайран қазағымның ерен еңбегін тайға таңба басқандай білсем нұр үстіне нұр. Ата-бабадан қалған аманатқа қиянат жасау кешірілмес қылмыс.
Қазағымның сөнбейтін алтын күні – ана тілім. Елдігіміз бен бірлігіміздің туы болып саналатын қасиетіңнен айналдым, құдіреттім! Ұшса құстың қанаты талатын сары даланы сақтап қалуда жан-жігерін аямаған ата-баба рухымен дарыған сендік құдірет алпыс екі тамырымда соғып тұрғаны баға жетпес бақыт. Құндағымнан ананың әлдилеген үнінен сәби денеме сіңгенің өмірлік азық, рухымның ұшар биігі, ұлтымның өміршеңдігі.
Сенің өн бойыңа жан бітіріп, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келуі, қашанда көзінің қарашағындай қастерлеп біздерге аманаттаған ата-баба рухына сан мыңдаған алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры болып саналатын тілімнің тілінгенін көру жүрекке үскідей қадалады.
Шіркін, «Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?», - дейді қариялар. Айдың, күнің аманында, егемендігін алған, ұшса құстың қанаты таларлықтай ұлан-ғайыр жері бар, тәуелсіз ел жұртының өз ана тіліне жаны ашымауы мүмкін емес. Дей тұрғанмен, қызыл тілді қызыққа айналдырған қуыс кеуде жандардың сиқын көріп олай айта алмайсың. .....
Ұлттық болмыс дегеніміз-қазақтың салт –дәстүрлерімен,ибалы, имандылық түрлері жатады. Ертеректе мал бағып жүрген ата- бабамыз балаларын атқа мінуге, төрге қамшы іліп, қасқыр терісін керегеге байлауы, қазақтың мәрттігін көрсеткен.Ен алдымен қазақы сүтпен біткен тіл, біздің тілдің байлығын, сөз ұлылығын көрсетіп, дәріптеледі. Қазақы ою-өрнекпен нақышталған киім киюі өзге ұлттан бөлек, киген шапандары қыста тоңғызбайтын қасиеті бар екендігін көрсетеді. Ағаштан ойып жасалған табақ, ас ішетін құрал- жабдықтар тамақ жеуге ыңғайлы , тез суыйтын, адам денсаулығына пайдалы болып табылады. Сонымен бірге ұлттық аспаптар тарихы да ертеден келе жатқан, өнер құдіреті деп білемін.Домбыра , жетіген, қобыздың түрлері қазақтың атын әлемге мойындатқан аспап екенін білеміз. Ұлттық ойындар қазақ халқының өзіне тән ағаштан жасалынатын алтыбақан тебуі , сүйек жасырып, ақсүйек ойындарын ойнауы, қазақтың ұлттық қадір- қасиетін ұғындырып тұрса керек.Ұлттық мейрамдарды тойлауда өзіндік ерекшелігімен айқындалады. Күн мен түннің теңесуі, көктің шығуы, көже асылуы, сақталған сүр еттер, наурыздың реңін ашуда.
Қазіргі таңда сән әлемімен елді таңғалдыратын тігіншілердің ательесінде де түрлі қазақтың ұлттық киімдері бүкіләлемдік аренадан көрінуде.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты Жолдауында қазақ ұлтының өзіндік айрықша болмысы атқа міну мәдениеті деп көрсетуі тегін емес.Атқа міну ежелгі ата- бабамыздың жылқышылық кәсібі, астына мінген атымен талай жауларға төтеп беріп, атағы шыққанын бүкіләлем біледі.Сан алуан атақты металл ордасы болғандықтан, алғашқы металлургияда мыс, алтын қорытпалары арқылы зергерлік бұйымдар соғылуы, металл қорытатын пештер болуымен бірге , ежелгі дәуірдегі тұрмыстық заттар пайда болды......