Шәкіртімнің ертеңгі жетістігі – менің бүгінгі тәлімімнің нәтижесі!

 Шәкіртімнің ертеңгі жетістігі – менің бүгінгі тәлімімнің нәтижесі!

Нұр-Сұлтан қаласы №69 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақсылық Жұлдызай Жұмабергенқызы

"Білім – парасатты, ол – бір ағын,

Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын.

Ұстаз деп қоғам әр кез танитұғын,

Қастерлі, қасиетті – ол мұғалім"

Иә, әрине,ұстаз ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне асыл қасиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттілікті сыйғыза білген жандарды халқымыз әрқашанда ерекше құрмет тұтқан.

Жаһандану заманында өркениет көшінен қалмау үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Ұстаз тәлімінен нәр алып сусындаған шәкірттің жетістікке қол жеткізуі – біздің қоғам үшін ең басты рухани құндылыққа апараы сөзсіз. Біліммен қаруланған тұлға қоғамды дамытуға өз үлесін қосатыны белгілі. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі.

Жоғары оқу орнын академик М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "қазақ тілі мен әдебиеті" пəні мұғалімі бойынша тамамдап шықтым. Солтүстіктің қиырында орналасқан Қызылжар қаласы, Сəбит пен Ғабиттай тұлғалар туған өңір, поэзияның пайғамбарына айналған Мағжандай ұлды өсірген жер маған да ұстаздық жолдың есігін айқара ашты. Алда мені үлкен жұмыстар мен арнаулы міндеттер күтіп тұрды. Шәкірттерімнің ертеңгі жетістігі мені қуантып, еңбек жолымда биіктерден көріну үшін әр сабағымда сапалы білім беріп, саналы шәкірт шығаруым тиіс. Әрине, мұғалім үшін ең ғажап нәрсе өзі білім берген шәкірттерінің жетістігін көріп төбесі көкке жетсе керемет емес пе?!

Білімімді шыңдап, арманымды алдыға үміт етіп оқушыларыма қазақ тілінің құдіреттілігін, әдебиетіміздің қымбаттылығын бойына дарыту негізгі мақсатқа айналды.Абайдың асыл сөздерін, Мағжанның жалынды ұрандарын, Мұқағалидің алтындай асыл өлеңдерін шәкірттерімнің жүректеріне ұялатып, болашақта еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы ұрпақтарына айналдыру маған артылған міндет деп білемін. Қазақ тілінің қастерлілігі сонша оның тым шың биікте тұрғанын оқушыға жеткізіп, шәкірттерім арқылы үмітімнің ақталғанын дәлелдеу. Болашақ елін сүйер, жерін сүйер, ана тілін қастерлейтін, ұлы тұлғаларымызды қадірлейтін тіл жанашырлары менен тәлім алып шыққан шәкірттер болатынына сенемін және осы мақсатқа жету үшін шәкірттерімді сапалы білім нәрімен сусындатамын.

«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз» дейді ғой ғалым Қаныш Сәтбаев. Өйткені ең алдымен өз пәніңе деген зор сүйіспеншілік болғаны абзал. Осынау сүйіспеншілік оқушы бойындағы білімге, пәнге деген алғашқы құштарлығын оятады. Ал осы шәкірт бойында оянған білім құштарлығы енді тұтанған шырақ секілді. Ең қиыны – осынау шырақты сөндіріп алмау. Ол үшін талмай еңбектену мен іздену қажет. Сонда ғана ол білім шырағы лаулаған жалынға айналады.

Бейнеті қатты, зейнеті тəтті мамандықты таңдап еңселі білім ордасында қызмет көрсету - менің борышым! Күн сайын мектеп қабырғасына кірген сəттен алдымнан «Жұлдызай Жұмабергенқызы» деп жүгіріп шығатын балапандарым мені ешқашан бұл жолда жалықтырмайды. Алладан берілген үш мамандықтың бірі - ұстаздық жол! Ал, ендеше, бізге артылар үміт те, жүктелер міндет те əлі алда! Ұстаздық жол мен таңдаған жол


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі