Алдардың қалыңдық айттыруы. Қудан алдануы.

Алдар жаман торғайды байға елу атқа сатқанына мәз болып, «осы құрғыр артымнан қуып келіп жүрмесін» деп, тездетіп жүріп, тағы бір тауға келеді. Таудың бауырында тағы бір ел көреді. Елге қарап тұрса:

Қойлар жатыр жусанда,

Түйе жатыр сортаңда.

Жылқы жатыр беткейде,

Ешкі тастан кетпейді.

Алдекең ағып жатқан малды көріп:

«Енді қандай несіп болар екен» деп езу тартып, қарап тұрса, жылқы шетінде жүрген жылқышыны көреді. Елге бару үшін алдымен осыдан жай-мәнісін сұрап білу керек болар деп, жылқышыға келеді. Жылқышыға келіп амандасып, ол-пұлды айтып, қалжыңдап тұрып:

— Бұл кімнің малы, мынау кімнің ауылы? Үлкені кім, ханы кім? Жақсысы кім, жаманы кім? Байы кім, жарлысы кім? — деп сұрау қойып, жылқышыдан елдің барлық сырын біліп алады.......
Ертегілер
Толық

Алдар Көсенің әкесінен бата алуы. Алдардың білгір құс тапқаны.

Баяғыда өткен заманда, хан Жәнібек тұүсында Қожыр деген бір кедей шал болыпты. Үш баласы болыпты. Күндерден күн өтеді, шалға кәрілік жетеді. Кәсіп етуден қалады. Ақырында, шал балаларын жинап алып:

— Жасым келді, кәрілік жетті. Сендер болсаңдар ержеттіңдер. Мал тауып, тамақ асырайтын менен әл кетті. Мал табу, тамақ іздеу енді сендерге жетті. Ай, балалар! Кәсіп етіңдер, мал табыңдар. Мені асыраңдар. Кәні, қайсың қандай кәсіппен мені асырайсыңдар, айта беріңдер, — дейді.

Сонда әрі-бері ойланып тұрып, балалары мынаны айтады......
Ертегілер
Толық

Кедей қызы мен хан баласы

Бұрынғы заманда бір хан халқын жинап, жарлық шашады:

— Менін жасым болса ұлғайды, төрімнен көрім жуық, менің орныма хан сайлап алыңдар, – дейді.

— Тақсыр, хан өлсе, ханның баласы хан болады, баласыз емессіз ғой, балаңыз хан болады, – дейді.

— Ал, ендеше, балам бүгіннен бастап хан болады, соған бағынасыңдар, – дейді хан. Баланың әке-шешесі өліп, арулап қояды. Бала бірнеше жыл хан болып тұрған соң халқына айтады:

— Ержеттім енді үйленгім келеді, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Патша мен бүркіт

Бұрынғы заманда, ылғи аң аулауды әдет қылған бір патша болыпты. Күндерде бір күн аң аулап жүрсе, ағаштың басында бір бүркіт отыр екен дейді. Патша көріп, атайын деп ыңғайланған екен, бүркіт:

— Ей, патша! Мені атпаңыз, мен сізге бір уақытта керек болармын, - депті. Патша оның сөзін елемей, атуға тағы ыңғайланады. Бүркіт әлгі сөзін қайта айтып, жалына беріпті. Бүркіт үш рет жалынғаннан кейін патша ойға қалады да бүркітті үйіне алып келіп, екі жылдай асырайды. Екі жылдан кейін патша кедейленіп, асырауға шамасы келмейді де бүркітті қоя береді. Бірақ бүркіт қанатын көтеріп ұша алмайды.......
Ертегілер
Толық

Құлатай батыр

Бұрынғы заманда бір бай бар еді, мал дегенде бір көк биесі бар еді. Бұл көк бие күнде айға қарап желіндеп, күнге қарап құлындайды екен. Бай мен бәйбіше сол бие тапқан құлынды қорек қылушы еді, онан бөтен тауып жейтін еш қорегі жоқ еді. Бір күндері болғаңда, бай мен бәйбіше айтты дейді: «Қартайдық, өлер уақытта Құдай тағала бізге бала бермеді. Еңді біз бала тілейік», – депті. Күндегі әдеті бойынша ерте тұрып қараса, көк бие бір бала туыпты. Мұны көріп бай мен кемпір қуанып, үйіне алып келеді, бұл баланың атын Құлатай батыр қояды. Бір......
Ертегілер
Толық

Қыран қарақшы

Ертеде бір хан болыпты, оның жалғыз баласы бар еді. Ол баласының туғанда мандайына басқан қанатты қара бедеу түйесі болыпты. Ханның баласы ылғи тазысын ертіп, құсын қолына қондырып алып, жанына 40-50 адам нөкер ертіп, аңға шығып жүретін еді. Аңға шыққандағы кәсібі жолдастарын бір жерге үйіп қойып, құсын ұшырып жібереді де соңынан бедеуменен бірге ұшатын.

Күндерде бір күні күндегі аңға шығатын бетімен аңға шығып келе жатып, ханның баласы құсын ұшырады да соңынан бірге ұшып жөнелді. Құсы аспанға шырқап шығып келеді. Аспанның алты қабат үстіне шығып, құсы бір ақ күмбез үйдің төбесіне барып қонды. Жігіт те бедеуін белдігіне байлай салып......
Ертегілер
Толық

Шаһимардан патша

Бұрынғы өткен заманда бір молда болыпты. Дүниеде онан асқан молда жоқ екен. Бір күні қатынына айтыпты: «Мен өлемін. Мен өлгеннен кейін бір бала табасың. Қазір мен саған тұмар жазып беремін. Егер ол бала ұл болса, тұмарымды оң жағына тағасың, қыз болса, сол жағына. Ол бала менен асқан молда болады», – дейді.

Бір күні шал ауырып, бір ай жатып өледі. Арада ай өтіп, жыл өтіп, бір бала табады. Ол баласы ұл екен. Тұмарды оң жағына асады. Жеті жасқа келгенде......
Ертегілер
Толық

Алтын ат

Баяғы заманда бір хан болыпты. Оның жалғыз баласы бар екен. Өзі жалқау көрінеді. Бір күні ол ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бір жағынан ай туып, бір жағынан жұлдыз шығып тұр екен. Бұл түс жалқау балаға қатты әсер етеді. Ертеңінде орнынан тұрып, көрген түсін іздеп шығады. Бірнеше күн жүріп, бір қаланың шетінде сиыр бағып жүрген таз балаға кезігеді. Қасына жақындап, сусын сұрайды. Сонда таз бала ханның баласынан:

— Қайдан келе жатқан жолаушысың......
Ертегілер
Толық

Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында

Ерте заманда бір жолбарыс бір тоғайдың қалың бедерінде ұйықтап жатыр еді. Үстіменен бір тышқан жорғалап жүріп бара жатқанын сезіп, ұйқысынан оянып қараса, тышқан екен, ұстап алды да тышқанды қысып өлтіретін болып еді. Тышқан:

– Я, тақсыр, арызым бар, мені өлтірмеңіз, бір күнәмді кешіріңіз, білмеген екенмін, тірі жүрсем, мен де бір қызметіңізге жарармын, – деп, арызын айтты.

Жолбарыс күліп тұрып:

— Мен - жолбарыс, сен......
Ертегілер
Толық

Екі қаз бен бір бақа

Алыс жақтан ұшып келе жатқан екі қаз жолай су таба алмай, жер шарлап, ұзақ жүріпті. Шілденің шыжыған ыстық күндері екен. Ақыры бір сарқынды көлшікке келіп қоныпты. Бір бақа сол көлшікті көптен мекендеп жүріпті. Ол көлшігін қызғанып, барқылдай қорып, екі қазды жолатпай, су ішкізбей қойыпты.

Шөлден таңдайлары кеуіп тұрған екі қаз әлгі бақаға бас иіп жалыныпты. Бақа сонда да......
Ертегілер
Толық