Самарқан Түркістанұлын әйелі Үриланың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінгенде атың көкжарқын,
Айтайын, жұртым, сөз нарқын.
Суға да малтып жүргенде,
Болмаған екен бір жақын.
Мінгендей атың бозойнақ,
Боз ойнақ тұрар өзі ойнап.
Алты қырға шыққанда
Суға да ақты-ақ көзі ойнап.
Өзенді ағаш ырғалған,
Өңімнен кім бар құр қалған?
Салулы төсек, салқын үй,
Мінеки, жұртым, тұл қалған.
Биссимилла деген сөз басы,
Ойлайды әркім өз басын.
Өз басымды ойласам,
Тиылмайды-ау көз жасым.....
Өлеңдер
Толық

Есмағамбетті әйелінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған,
Дүние деген осы ма?!
Көңілден қайғы босатсам,
Келер ме көздің жасына?!
Жыламай нағып шыдайын,
Кешегі өткен асылға?!
Асылым түсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан.
Құдай қосқан жайсаңым,
Адастырып жолымнан.
Отыз төртке келгенде,
Ұядан ұшты алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.....
Өлеңдер
Толық

Байжігітті әйелінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асығыс айтып саспайын.
Бұлаңдап жүрген бұлғыным,
Қысқа болды-ау өмірің,
Аяққа құйған астайын.
Құдай қосқан қосағың,
Зарлап қалды жастайын.
Бес атаның баласы,
Мына бір сөзге қарашы,
Сенген жақсың кеткен соң,
Кімге сеніп жүрсіңдер?
Алыстап бара жатыр ғой
Ағайынның арасы.
Артықша туған арыстаным,
Мақшарда біткей жарасы.
Әуедегі жұлдызым,
Су ішінде құндызым!....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалиды келіні Қалиманың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын ағайын,
Мұңымды айтып шағайын.
Ағекем кетіп арманда,
Дерттенді көңіл сарайым.
Ағекем, ақыл сәулетің,
Тойтарушы едің жау бетін.
«Ер намысы—ел ісі»
Деуші едің аға, дәулетім.
Жайраңдап жүрген күн қайда?
Тас жүрек тағдыр мұндай ма?
Ағеке, сізді ойласам,
Көз жасым менің тоқтай ма?
Әділет еді сөз басы,
Ағекем еді ол басы.
Істерің ізгі арман боп,
Төгілді көптің көз жасы.
Ел сұлтаны арысы-ай,
Жүректің тоқтап тынғаны-ай.....
Өлеңдер
Толық

Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аспаннан ұшқан самұрық,
Жұлдыздай кетті-ау ағылып.
Айрылман деген атам-ай,
Айрылып қалдым не қылып?!
Мінгенде атым бурыл тай,
Алтын қазық сурылды-ай.
Атекем сені ойласам,
Амалым менің қурылды-ай.
Айналайын атам-ай!
Ықылас берген батаң-ай.
Осынша сізді қинайтын,
Жоқ еді ғой қатаң-ай.
Атекем сізді силағам,
Шын жүректен қимағам.
Арқан соғып, арық қазғанда,
Шыбын жанды қинаған.....
Өлеңдер
Толық

Зұқа қажыны келіндері Бәтиқа мен Бәтиманың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мейірбан, ғазиз атам-ай,
Не болар зарлап ботаң-ай.
Мамыққа жатпас әтиім,
Қара жер қайтып жатады-ай.
Өзгеден гөрі бір төбе,
Әтиім маған батады-ай.
Әтиім менің арманда,
Бір атыспай қалғанға.
Армансыз адам бар ма екен?
Пәниден бақи барғанда.
Арманда емей, немене?
Бесатар, жапан тұрғанда.
Бір үйде тұрған қырық қылыш,
Жайнап бір тұрған сары қылыш.
Қапия басып қалың жау,
Бір түнде қылды-ау, тып-тыныш. ....
Өлеңдер
Толық

Қыдырды әйелінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бастайын сөзді...............
Айтайын зарым жұрт тыңда.
Ақылшыдан айрылып,
Қайғылы баттық біз мұңға.
Ауылымнан бас кетті,
Көзден парлап жас кетті.
Болмаса келмей елуге,
Тоқтатпай ажал жас кетті.
......................................
Жылаймыз, халқым, мұңайып.
Алладан ажал келген соң,
Көзден болды бұл ғайып. ....
Өлеңдер
Толық

Кестелі орамал (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кестелі ақ жібек орамал,
Алыстан жолдаған сүйген жар.
'Жауынгер жарым, сен есіңе ал',-
Деп жазған оюлап хаты бар.

Қайырмасы:
'Жауынгер жарым,сен есіңе ал',-
Деп жазған оюлап хаты бар......
Өлеңдер
Толық

Жас келін (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жетісу келген жерім,елім Қыбырай,
Жаратқан етек-жеңінен кең ғып құдай
Келің боп осы еліме келген күні,
Ән салдым, сұраған соң Жәкем болмай.

[Қайырмасы]
Көрерсіз айды-ай,
Білерсіз жайды-ай,
Жас келін ән салудан жалықпайды-ай.....
Өлеңдер
Толық

Елік-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кел деп едің, Елік-ай,келіп тұрмын,
Отқа түспей өртеніп еріп түһұрмын.
Сертте тұрсаң мен сендік жаным құрбан,
Сырым осы сертімді беріп тұрмын.

Айналайын қарағым қарақасым,
Қара мақпал жібектей қара шашың.
Баласындай еліктің егілемін,
Сені ойласам мөлдіреп көзден жасым.....
Өлеңдер
Толық