Қазақ халқының басты тағамы ет болғандықтан мал бордақылау, мал сою рәсімі өз алдына дәстүрге айналған. Қазақ халқы ең сыйлы адамдары үйге қонаққа келгенде қойдың басын ұсынады. Оны “бас көрсету” деп атайды. Қойды соймас бұрын қонаққа бата бергізеді және өткір пышақпен дұға оқып сояды.
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша.
Ырымға байланысты ат қою
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.
Тақырыбы: «Тұсау кесу» рәсімі Мақсаты: Білімділік: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Дамытушылық:Қазақтың салт-дәстүрі «Тұсау кесу» рәсімін түсіндіріп және ойын-сауық арқылы балалардың есте сақтау қабылетін дамыту. Тәрбиелілік: Ұлттық тұрмысөа, мәдениетке,мерекеге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Зал іші әсем безендірілген, күй ойнап тұр. Ұлттық заттардан көрме жасалған. І-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана, Алып келдің жер бетіне гүл көктем Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте, Қастерледік, қадіріңді білдік те. Құтты болсын, Ұлыс күн......
Қазіргі заманда қыздың жасауына үлкен мән беріледі. Заман өзгергенімен де салт-дәстүріміз сол күйінде сақталып келеді. Қазіргі күні салт-дәстүрге көп мән беріліп келеді. Егемендік алғалы өз салт-дәстүрімізді қайтадан ұстанып келеміз. Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші ол — жасауы. Сондықтан есі бар қыз әрқашанда өз жасауын өзі жинақтауы керек.
Себебі, жасау 1- ден қыздың көрсеткіші, 2- ден көп шығынды талап ететін басты мәселе. Қазақта айтады: «6 жастан жинасаң артылады, 7 жастан жинасаң жетеді» деп, сондықтан мен үйленгенше қайда....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Той дегенде көпшілігіміздің құлағымыз елең ете қалады. Тойшыл халықпыз, бір күндік тойымыз кем дегенде бір аптаға созылып кететін кездер де бар. Ақзеренің блогындағы тойға қатысты жазбаны оқып, өзімнің той жайлы білетіндерімді осында жазсам деп едім.
Маслихат (кеңес), басқаларды білмедім, біздің әулетте үлкен жиын боларда міндетті түрде жақын ағайын-туыстарды шақырып....
Кеңестер | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Ассаламу алейкум уа рахматуллах! Қызды алып қашу туралы дініміз не дейді? Осы қарақшылыққа дініміз рұқсат бере ма? Саркөбен Әділ
Уа алейкум ассалам! Құрметті Әділ!
Жалпы адамның бостандығы мен құқығына қол сұғуға шариғатымызда қатаң тиым салынған. Бұл адамның ар-намысын аяқ асты ету және күнә іс. Қыз алып қашу да сол сияқты.
Күйеуіңіз жұмыстан кешірек келіп, жаңа көмекші қыздың пайда болғанын айтып, онымен әңгімесі тез жарасып кеткенін сөз қыла ма?
Немесе, жігітіңіз сіздің құрбыңызбен жақсы достасып кетті ме?
Мұндай жағдайда белгісіздік пен шарасыздық бір уақытта алқымыңыздан алып, тыныштығыңызды кетіріп жатыр. Сүйіктіңізді біреу алып кетердей күйдесіз. Бұл – қызғаныш.
Қызғаныш көре алмаушылыққа кішкене ұқсайды. Бұл – біреуде бар нәрсе өзіңізде жоқ болғанда қинайтын ыза мен өне бойдағы олқылықтың қосындысы. Әдетте көре алмаушылық пен қызғаныш өз-өзін төмен бағалауға, өз-өзін жек көруге алып келеді. Бұл құбылыстардан ешкім сақтана алмайды. Күндердің күнінде сізден де әдемі, сізден де ақылды біреу табылады, сонда осы сезімді бастан кешуіңіз бек мүмкін. Ол үшін ұялудың да қажеті жоқ, бәріміз тірі жанбыз. Тек қана дер кезінде тоқтата білу керек.
Қызғаныштан қалай құтылуға болады?
Біз неге қызғанамыз осы? Жеке өмірді қызғаныштың ықпалынан ғана күл-талқан етіп жататындар қаншама. Сондықтан, өзіңізді «қызғаншақпын» деп ойласаңыз, біз ұсынатын бірнеше кеңеске құлақ асыңыз.....
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.
Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар.....
Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды.