Қазақ әдебиеті | Қуат Терібаевтың ақындығы мен шығармашылығы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Aуыз әдебиет халықтың тарихи және рухани тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық елеулі құбылыстың бірі.Халықтың басынан кешкен кезеңдері осы ауыз әдебиетінде бейнеленген, халық феодалдық, патшалық заман жағдайында қандайлық азапта болса да, өзінің өлең¬¬- жырын, ән-күйлерін шығарудан ешуақытта тынбаған.
Байлар-бектер билеген дәуірде халық ортасынан шыққан талант иелері үнемі үстем тап өкілдерінің қуғындауында болып, қанатын еркін жая алмады.
Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда халық ақындарының шығармашылығы жақсы дамыды. Қазақ поэзиясындағы айрықша орын алатын басты тұлға Жамбылдың және даналықпен, көркем жырланған халық поэзиясы қазақ әдебиеті көлемінде айрықша маңызды орын алады. Халық әдебиетінің асыл қазыналарын ақындық өнерлерін сақтап келген Жамбыл халық поэзиясның сол жақсы дәстүрлерін, өмір шындығын жырлауда тың дәстүр қалдырды. Жамбылдың сол жаңа дәстүрін ұстап, онан үлгі алып ілгері дамытушы шәкірттерінің бірі- Қуат Терібаев. Қуат Терібаевтың өмірі мен шығармашылығы, аудармалары қаралып зерттелді.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қуат Терібаевтың ақындығы мен шығармашылығы негізінен жеке тақырып ретінде зерттелмеген. Десек те, тек Есмағамбет Исмайловтың «Ақындар» атты еңбегінде аудармасына байланысты мәліметтер бар, сондай-ақ «Қазақ әдебиеті тарихы» жинағының бірінші том, үшінші кітабында өмірі мен ақындығына байланысты аздаған мәліметтер айтылған. Бұл тақырып жеке арнайы зерттелмегендіктен, жинақтап осы Диплом жұмысын жазуға өзек болып отыр.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты Қуаттың ақындығын, өлең жазу ерекшелігін ашып көрсету. Осыған байланысты мынадай міндеттерді шешу көзделді:
–– ақынның өлеңдерін талдау;
— айтыстағы суырып-салмалығын анықтау;
— аударма жазудағы ерекшелігін салыстыру;
Диплом жұмысының әдістері мен дерек көздері.
Диплом жұмысын зерттеуде семантикалық талдау әдісі мен салыстырмалы әдіс қолданылды. Шығармалары ақынның «Өмір жыры» атты шығармасынан алынды. Жұмысты жазу барысында Е.Ысмайлов, М. Дүйсенов, А. Берқайдар, Ғ.Мүсрепов, М. Әуезов және т.б. ғалымдардың ақындық өнер туралы еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мына төмендегі нәтижелер негізінде көрініс табады:
— аұынның өлең жазу ерекшелігі анықталды;
— айтыстары мағынасы жағынан талданды;
— аудармалары салыстырылып зерттелінді;
— ақынның тілдік құралдарды пайдаланудағы даралығы дәйектелді;
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1. ҚУАТ ТЕРІБАЕВТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Қазақ ұғымында ақын деген сөздің ауқымы кең, мағынасы терең. Оның туу төркіні туралы әр түрлі байлау-болжамдар бар. В.Радловтың, М.Әуезовтің топшылауларына жүгінсек, «ақынның» арғы тегі ағын, ағылудан таралған секілді. Шаршы топ, «асау той, тентек жиын» үстінде үздік өнерімен бұлақтай бұлқынып, жыр төккенде тыңдаушысын өзінің ағынды да әсерлі өлеңімен еліктіріп баурай білгенді ғана шын ақын деп тануға болады дейді В.Радлов. Ал қырғыз тілі мен әдебиетінің білгірі профессор К.К.Юдахин ақын деген сөздің өзі ұйғырдың ақылгөй, құрметті адам мағынасындағы атаудан қырғызға, қазаққа ауыспады ма екен деп тұспал болжам жасайды. К.Юдахин бұл мәселені ақындық дәстүр тұрғысынан емес, тілдік этимологиялық тұрғыдан қарап тексергісі келеді. Шығысты зерттеуші ғалымдардың дені ақын деген сөздің ата-тегін фарсының, арабтың, яки бараба татарларының ахон деген атауынан іздемек болады. Бұлар да дәлел айтып, дәйекті қорыту жасамайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық