Айсамал

Айсамал есімінің мағынасы -  «ай» және «самал» қазақ сөздерінен құралған. «Ай» сөзі айдай жарық, ашық болсын деген мағына береді. Ал «самал» дегені жеңіл, жел мағынасын білдіреді. Қазақ халқында самал жел деген сөз бар. Айсамал есімін қызына берген ата-ана оның өмірі жарқын, жолы жеңіл, ашық болғанын тілейді.

Есімдер мағынасы
Толық

Айлин

Айлин есімінің мағынасы -  «Ай нұры» деген мағына береді. Негізінен, бұл есім түрік қыздарына жиі қойылады.

Есімдер мағынасы
Толық

Кәусар

Кәусар есімінің мағынасы

 Араб тілінен алькаусар – жұмақ көзінен шыққан су, яғни таза, пәк, мөлдір, жомарт жан деген мағынаны білдіреді. Жәннаттағы өзеннің аты.

Есімдер мағынасы
Толық

Ясина

Ясина есімінің мағынасы — араб тілінде Құранның 36-шы «Ясин» сүресі атауынан құралған. Бұл қыз есімі мейірімді, тура жол жүретін, таза жанды деген мағына білдіреді. Тағы басқа мағынасы — славяндық есім, жарқын мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Адия

Адия есімінің мағынасы (Әдия) — араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту деген мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Раяна

Раяна есімінің мағынасы — араб тілінен аударғанда 1) тың, толық, қанық, мол, шырынды, тегіс, түзу; 2) дамыған, жетілген, кемелденген, — деген мағына білдіреді. Енді бір басқа мағынасы – жұмаққа кіретін қақпа.


Бұл есімді қызына таңдаған ата-аналар сәбиінің жан-жақты жетілген, көркем, кемел адам болуын тілейді.


Ал Ар-Райян деген — ораза ұстаған мұсылмандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі. Қыздарына Райяна есімін қойған ата-аналар оның салиқалы, иманды, көркем мінезді болып өскенін, Алланың мейіріміне бөленіп, Жәннаттқа лайықты болуын тілейді.

Есімдер мағынасы
Толық

Еркебұлан

ЕРКЕБҰЛАН – қазақтың төл есімі. «Ерке» (бұла, қадірлі, сыйлы) және «бұлан» (бұғы тектес ірі аң) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Қазақта «бұ­ланның көзіндей» (көреген) деген сөз бар. Біздің халық бұланды қасиетті аң са­найды. Жаңа туған сәбиге бұл есімді «ұлымыз халқының еркесі болып өссін, елі­нің аяулысы болғай» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін ат. 

Есімдер мағынасы
Толық

Диплом алған адамға тілектер, құттықтаулар

 

Диплом құтты болсын, әпкетайым. Осы еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Әлі бұдан да биік белестерге жете беріңіз. Әкеңіз бен анаңыз сізбен әрқашан да мақтана берсін! Жақсы көрем сізді )




Жаным, дипломың құтты болсын! Мамандығыңмен еңбек етіп, жемісін көр! Ұзағынан болсын қуанышымыз.
Арман-мақсатыңа жет!

Құттықтау, тілектер
Толық

Жігіт пен қыз туралы

- Кеше бірінші рет сүйген қызымды футболға ертіп бардым.
- Нәтижесі қалай?
- Бірінші таймда тәп-тәуір жүргенімен, екінші таймда шаршап қалды.




Бір қыз агент арқылы суретші жігітпен сөйлесіп отыр:
- Ой, мына жібергеніңіз қандай қызық смайлик. Ешқашан бұндай смайлик көрмеп едім.
- Кешіріңіз, қарындас, бұл менің суретім ғой. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар

    Сабақтың жоспары әдістемелік тұрғыдан,жаңартылған мазмұнды ескере отырып, құрастырылған сабақ нәтижелі болғандай. Сабақта Білім ленд ресурстарын қолдану арқылы оқушылардың дүниетанымын арттыра алдым.
Сабақтың құрылымы Блум таксонимиясы негізінде құрылды.Таксономияның барлық 6 кезеңі де қамтылды.Жалпы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер толық қамтылды деп ойлаймын.
    Сабақтың психологиялық жағымды ахуалы сабақтың негізі идеясын ашқандай болды.
Әр тапсырманың бағалануы критерийлер арқылы бағалануы,оқушылардың білім деңгейін нақты бағалауға мүмкіндік берді.Қолданылған «градусник» әдісі әр оқушының алып отырған ұпай санын анықтай алды деп ойлаймын.

Презентациялар | Сабақ жоспары
Толық