Биология | Туған өлкеде өсетін және бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері

Бүгін білім саласының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Өйткені қазіргі кезең қоғамның жедел дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Оқушылардың өз - өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, бастауыш сатыдан бастап ғылыми - зерттеушілікпен айналысуға баулу – мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Мұғалім алдында бүгінгі болашақ ұрпақ тәрбиелеуде тұрған міндеттер:
Білім мазмұны және оны оқытудың әдіс - тәсілдерін түрлендіру арқылы білім сапасын арттыру.
Бастауыш сатыдан кішкентай ғалымдарды даярлауда зерттеушілік ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулу.
Бала бойындағы алғырлық, зеректікке байланысты дарындылықты анықтау.
Әрбір оқушы бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты, жүйелі білім алуға қабілетті жеке тұлғаны анықтауға болады......
Ғылыми жобалар
Толық