Бағдарламалау | VBSCRIPT программалау технологиясы көмегімен Web сайт құру

КІРІСПЕ
Білім беруді ақпараттандыру жалпы білім беру жүйесін жаңартудың негізгі бағыты болып отыр, қазіргі кезде жаңа білім берудің әдістемелерін жүзеге асыруға жағдай жасауда. Қоғам педагогика мен техниканың қазіргі заманға сай жетістіктерін қолданушы икемді білім беру жүйесіне зәру. Білім беру үрдісі соңғы кездері программалық жабдықтарды қолданып, үлкен жетістіктерге жетуде.
Қоғамдық өмірде, өндіріс пен ғылым салаларында тез өзгеру, даму біздің уақыт үшін таңсық емес. Білім саласының жаңа буындары туындауда және және дамуда.
Қазіргі кезде компьютер тиімді қолданылады, ғылым мен өндіріс саласы есептеу техникасының көмегінсіз жұмыс істей алмайтындай дәрежеге жетті. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Әдістемелік нұсқаулардың екі түрі бар: қағаз түрінде және электронды. Бірінші типтегі құралды қолдану кезінде оларды баспаға шығаруға кететін шығындар сияқты мәселелер туындайды, сондықтан соңғы кездері электронды оқулықтарға көп көңіл бөлінуде. Мұндай оқулықтар студенттер үшін өте қажет, себебі олардың уақыты не кітапханаға, не оқу залдарында отырып оқуға кетер еді. Енді олар үйде оқу мүмкіндігіне ие болды. Электронды есептеу машиналары ақпараттың ауқымды көлемін сақтай алады. Ақпаратты өңдеуді жеңілдету үшін ақпараттық жүйелер құрылуда. Олардың көмегімен қажетті мәліметтерді іздеу арқылы тауып алуға болады. Қазіргі қоғамның негізгі ерекшелігі, ақпараттандыру жүргізілуде. Ақпараттандыру үрдісінің негізгі бағытттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру. Яғни білім беру жүйесін толығымен автоматтандырылған жүйемен қамтамасыз ету. Ол үшін электронды оқулықтар көптеп құрылу қажет.
Электронды оқу құралдарын құру үрдісі бірнеше сатылардан тұрады:
1 саты – пәннің мазмұнына құрылымдық талдау жүргізу. Осы сатыда пәннің оқу элементтері, пән құрылымы, оқу элементтерінің арасындағы логикалық байланыс анықталады. Сонымен қатар интерактивті сұхбатпен қамтамасыз етіледі, яғни оқу материалының мазмұнын таңдау мүмкіндігі және бейімділігі.
2 саты – пәннің мазмұнына сапалы талдау жүргізу. Құрылымдық талдаудың нәтижелерінің негізінде әрбір оқу элементінің сапалы талдауы жүргізіледі. Осы кезде әрбір оқу элементінің мазмұнына көп көңіл бөлінеді және меңгеру деңгейі анықталады. Саты пәннің мазмұнының ғылыми түрде болуын және қажетті уақытта пайдаланушылардың қолдана алуын қаматамасыз етеді.
3 саты– пәннің мазмұнын сүзгіден өткізу. Алдыңғы сатылардың мәліметтерінің негізінде электронды оқу құралының логикалық құрылымы тұрғызылады. Ол оқытудың жүйелілігін және тақырыптардың меңгеру деңгейіне сәйкес құрылуын қамтамасыз етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Грамматика сабақтарының түрлері

Сөз тілде сөйлеу процесі арқылы өмір сүреді. Сөздің сөйлеу процесінде басқа сөздермен әр түрлі қатынастарының негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатын сыртқы түр – тұлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемдегі қызметі, т.б. тілдің грамматикалық құрылысымен байланысты болса, оның өзіндік ерекшеліктері тағы сол сөздің грамматикалық сипатымен анықталады.
Грамматика (гректің grammatike – оқи алу, әріп жаза білу деген сөзінен қалыптасқан) болса, ол сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс пен қарым – қатынастарды, сөйтіп, сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сөздердің бір – бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады. Грамматиканың бір саласы морфологияның (гректің mоrрhе – форма, тұлға және Iоgоs – сөз, ілім деген сөздерінен құралған) да зерттейтін басты объектісі – сөз. Әрине, морфология лексикалогия сияқты жеке сөздердің нақты мағыналарын, олардың қайдан шығып, қалай қалыптасқанын, функционалдық – стильдік сипаттарын емес, сөздердің жалпы қасиеттерін, ортақ қасиеттері арқылы сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін, соның нәтижесінде пайда болатын жалпы мән – мағыналары топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп, сипаттайды.
Ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық категория жатады. Бұл үшеуі бір – бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық құбылыстар, жүйелер сол ұғымнан туындайды.
Грамматикалық мағына – сөздің жалпы мағынасы. Лексикалық мағына арқылы олардың әрі жалпылық, әрі ортақтық қасиеті негізінде сөздер грамматикалық топтарға топтасады. Осыдан грамматикалық мағынаның мынадай ерекшеліктері байқалады. Біріншіден, лексикалық мағынаға қарағанда, грамматикалық мағына одан кейін пайда болады, атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылану арқылы, содан кейін сөйлеу процесінде сөздердің бір – бірімен әр түрлі қарым – қатынасқа түсуі арқылы және сөздің сөйлемде жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы сипатталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салыстырмалы грамматика | Аударма теориясы мен аударма практика

Осы курстық жұмысымыздың тақырыбы: Қазақ халық ертегілерінің орыс тіліне берілу ерекшеліктері.
Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақ халық ертегілерінің оыс тіліне берілу ерекшеліктерін салыстыру, яғни қазақ және орыс тілдерінде салыстыру.
Жұмыстың қрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындымен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қарастыратын ертегіміз «Ер Төстік» және «Дудар қыз». орыс тілінде берілген ерекшеліктерді талдау.
Біздің курстық жұмысымыздың тақырыбы ертегіге байланысты болғандықтан, ауыз әдебиеті жөнінде бір-екі сөз айтып кеткеніміз келіп отыр. Себебі, ертегі ауыз әдебиетінің негізгі сөз саласы болып табылады.
Ауыз әдебиеті—халқымыздың асыл да мол мұрасы, нелер бейнелі сөз маржандары осы ауыз әдебиетінде. Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті—олардың құнарлы топырағы. Атынан көрінгендей, ол ауызша айтылған.
Ауыз әдебиеті—талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері оны сонау ықылым заманнан ркхани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгігі біздің дәуірімізге жеткізген.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Ер Төстік» ертегілерінен айқын танылады.
ХІХ ғасырға дейін жазуы кенже дамыған қазақ халқы үшін өнер де, білім де—ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі-- әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірі ауыз әдебиетінен мол көрініс тапты.
Халық ауыз әдебиетінің негізгі салалары: а) тұрмыс-салт жырлары, ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар, б) ертегілер, в) лиро-эпостық жырлар, г) эпостық жырлар, д) айтыс өлеңдері, е) тарихи жырлар, шешендік сөздер.
Ауыз әдебиетін фольклор деп те айтамыз. Фольклор—ағылшын сөзі. Ол—халықтың творчествасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Антивирустық программаларды талдау

Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, копьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. Өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейлеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ, олар желідегі компьютерлер арасында және internet арқылы тарап, компьютерлердің жұмысын тежеп, басқа да ақауларды тудырады. Компьютер вирус зақымдаған бағдарламамен жұмыс істеген кезде оны «жұқтырып» алуы мүмкін.
Адамға жұғатын вирустардың әрекетіне ұқсас (кәдімгі тұмаудан Эбола вирусына дейінгі), компьютерлік вирустардың әрекеті де әр түрлі болады: тітіркендіруден бүлдіруге дейін. оның үстіне, үнемі вирустардың жаңа, алдыңғысына ұқсамайтын түрлері пайда болып отырады. Бақытымызға орай, вирустарды жұқтыру мүмкіндігін және олардың бүлдірушілік әсерін бірқатар білімдерді меңгере отырып төмендетуге болады.

Зақымданған бағдарлама не қосымшаны алып, іске қосқан кезде, жұмыс барысында қиыедықтар туындаған сәтке дейін Сіз вирустың бар-жоғынан хабарсыз болуыңыз мүмкін.
Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:
– компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді;
– компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді;
– жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді;
– компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды;
– қосымшалар қателермен жұмыс істейді;
– дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады;
– басып шығару қателермен жүреді;
– қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды;
– мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.
Бұлардың бәрі вирус жұққандығының типтік белгілері. Алайда олар бағдарламалық жасақтаманың немесе құрал-жабдықтардың вирустарға еш қатысы жоқ ақауларынан хабар беруі де мүмкін. Сондықтан да, компьютерде вирусқа қарсы қазіргі заманғы сапалы бағдарламалар орнатылмаса, компьютердің вирустармен зақымданғанын дәл анықтау оңай емес.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы грамматикалық құрылысы

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету – негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі – морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуын, оның қалыптасу, даму процесін жан-жақты ашу, оның даму барысындағы өзіндік ерекшеліктерін талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
- Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;
- Етістіктің өткен шақ категориясының өзіндік топтарға бөлу барысында болған бағыттарды, олардың идеясын анықтау.
- Шақ категориясының етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория екенін анықтау.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы. Морфология саласының ең өзекті мәселесі – шақ категориясы. Шақ категориясының өткен шағын грамматикалық топтарға жіктеу.
Мәселені көтеру. 1) Шақ категориясы – грамматикалық категориялардың ішінде етістікке тән категория ретінде бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқандығы;
2) Грамматикалық категориялардың ішінде шақ категориясының дамып қалыптасуы барысында басқа етістікке тән категориялардан айырмашылығы бар екендігі, оларды бір-бірімен ажыратудағы қиыншылығы;
3) Шақ категорияларын, оның ішінде өткен шақ категориясын топтастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы тұрғысынан келуі себепті өткен шақ категориясының саны да, сапасы да өзгеріп отыратындығы;
4) Бүгінгі таңда шақ категориясын тілші-ғалымдардың түрлі топтарға бөлу барысында жетістіктерге қол жеткізуі өткен шақ категориясының қазақ тіл білімінде орнығып қалыптасқандығы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Азот тотығының бидай алейрон клеткаларының программаланған өліміне әсері

Бидай дәнінің өнуі барысында оның алейрон қабаты бірқатар гидролитикалық ферменттерді (соның ішінде α-амилазаны ) синтездеп, оларды секрециялайды. Бұл гидролазалардың синтезінің индукциясы ұлпада гиббереллин қышқылының (ГҚ) болуына тәуелді. Гиббереллинге – тәуелді гидролазалардың синтезі осы фитогормонның табиғи антагонисті болып табылатын – абсциз қышқылымен (АБҚ) тежеледі [1].
Дәннің алейрон қабатындағы клеткалар онтогенездің келесі кезеңдерінде элиминацияға ұшырайды. Алейрон қабатындағы клеткаларының осы өлімі программаланған сипатта жүреді, яғни генетикалық жағынан детерминацияланған деген болжам бар (апоптоз) [2;3].
Алғашқы жұмыстарымызда біздер бидай дәнінің алейрон қабатындағы және эндосперіміндегі клеткалардың программаланған өлімінің (КПӨ) морфо – биохимиялық белгілері анықтап, сипаттаған болатынбыз [4;5]. Бидай дәнінің алейрон қабатындағы КПӨ-ң орындалуы барысында супероксид (О*), сутектің асқын тотығы (Н2О2) сияқты оттегінің белсенді түрлерінің (ОБТ) және антиоксидантты ферменттік жүйелердің (супероксиддисмутаза, аскорбатпероксидаза, каталаза және т.б. ) маңызды рөл атқаратындығы анықталған [6].
КПӨ-ң реттелуінде азот тотығының (NO) маңызды рөл атқаратындығы белгілі [6]. NO- газтәрізді бос радикал, клеткааралшық зат пен плазматикалық мембранадан оңай диффузияланады. Ол клеткаішілік мессенджерлік жүйенің бір бөлігі бола тұра, NO- ң жануарлар жүйесіндегі физиологиялық үрдістеріне кең көлемді әсер ету қасиетімен ерекшеленеді [7].
Қазіргі кезде әдебиеттерде жинақталған мәліметтерге қарағанда, NО сонымен қатар өсімдіктерде жүретін көптеген физиологиялық үрдістерге қатысатындығын көрсетеді: патогенге жауап реакциясы, өніп-өсу, фитогормондардың мөлшері, сонымен қатар КПӨ (апоптоз). [8]. Соя клеткаларының культурасында NO мен ОБТ арасындағы әрекеттесу нәтижесінде КПӨ-нің орындалатыны белгілі болды. NO жеке өзі клеткалардың өлімін индукциялай алмайды, сонда КПӨ-нің жүзеге асуы NO: супероксид қатынасы арқылы детерминацияланатыны көрсетілген.
Осы мәліметтердің барлығы өсімдіктер клеткасында программаланған өлімнің жүзеге асуы барысында NO ОБТ-ң клеткадағы мөлшерін реттеуде маңызды рөл атқаратындығын дәлелдейді.
Осыған орай бұл жұмыста біздер клеткаішілік оттегі радикалдарының мөлшерін реттеудегі NO рөлін зерттедік. Бидай дәнінің алейрон қабатындағы клеткалардың функционалдық белсенділігінің реттелу механизмдері қарқынды зерттеліп жатқанымен [1-3], әлі секреторлық белсенділікті бақылауда және клеткалардың өліміндегі азот тотығының рөлі толық анықталмаған, тіпті зерттелмеген деуге болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық