Ұлы географиялық ашылулар Ғылыми экспедициялар кезеңі (7 сынып, I тоқсан)

[quote] Пән: География
Бөлім: Географиялық зерттеулер әдісі
Тақырып:Ұлы географиялық ашылулар Ғылыми экспедициялар кезеңі
Оқу мақсаты: Саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесіне баға беру.
Сабақтың мақсаттары: Ұлы географиялық ашылулар дәуірі ғылыми экспедициялардан немен ерекшелінетінің анықтау...../quote]
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Географиялық дерек көздері (7 сынып, I тоқсан)

Пән:География
Бөлім: Географиялық зерттеулер әдісі
Тақырып: Географиялық дерек көздері
Оқу мақсаты: 7.1.1.3 географиялық ақпарат құралдарымен жұмыс жасайды (карталар, суреттер, мәтіндер, фотосуреттер, графикалық материалдар);
Сабақтың мақсаттары: Географиялық дерек көздерімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Үнді мұхитының физикалық географиялық орны

Үнді мұхитының физикалық – географиялық орны. Бұл мұхит планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы жоқ. Үлкен Зонд аралдары мен Австралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады. Атлант мұхитымен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық мұхитпен шекарасы -— Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді.
Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Аравия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Мұхитта вулкандық және маржан аралдары бар.
Мұхитты зерттеу тарихынан. Үнді мұхитының жағасы — ежелгі цивилизация дамыған аудандардың бірі. Ғалымдар онда теңізде жүзу басқа мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл бұрын басталған деп жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497 — 1499 жж.) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.
XIX ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды. «Челленджер» кемесімен шыққан ағылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер жүргізді. Алайда XX ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті зерттелмеді. Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған экспедициялар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде—«Михаил Ломоносов», «Океан» және басқа ғылыми кемелер бар.
Түбінің жер бедері. Мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең терең жері — Ява шұңғымасында 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен емес. Шарасы басқа мұхиттардағы сияқты, мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып жатады. Оны толып жатқан жоталар кесіп өтеді. Батыс бөлігінде су асты жотасы созылып жатыр, ол Африканың оңтүстігінде Атлант мұхиты ортасындағы жотамен жалғасады. Мұхит түбіндегі терең жарықтар, жер сілкіну және вулканизм аймақтары жотаның орталығына қарай шоғырланған. Кер қыртысының жарықтары Қызыл теңізге дейін жалғасып, одан құрлыққа өтеді. Қазіргі кезде олардың құрылысын орыс ғалымдары зерттеуде. Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне түсіп, жас базальт лаваларын бақылады. Бұл лавалардың пайда болуы мантиядан заттардың жоғары көтеріліп, Қызыл теңізде жер қыртысының ажырағанын, сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының түзілгенін көрсетеді.....
Рефераттар
Толық

Солтүстік Американың географиялық орны

Солтүстік Америка – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еразиядан мен Африкадан кейінгі екінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн, км². Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:
• Дүние жүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000км–ге жуық, ең енді бөлігі 1600 км–ге тең.
• Дүние жүзіндегі ең үлкен, әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25км – ге дейін жетеді;
• Дүние жүзіндегіең ұзын жер асты үңгірі – Флинт–Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500км;
• Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұзындығы 500 км;
• Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – биіктігі 100 м–ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі;
• Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары ( +57°C), бұл – солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғары температура.
• Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда –70°C тіркелген.
• Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгеййінен 86 м төмен жатыр.....
Рефераттар
Толық

География | Құрлықтағы географиялық белдеулер

Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады. Зоналық заңдылық – табиғат кешенінің барлық компоненттеріне тән құбылыс.
Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының тұтастығымен ерекшеленеді. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер.
Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Өтпелі белдеулерге «суб» (латынша – кіші, таяу) деген сөз қосылып айтылады.
Субэкваторлық – экваторлық пен тропиктік белдеулердің; субполярлық (субарктикалық, субантарктикалық) – қоңыржай мен полярлық белдеулердің аралығын бөледі.
Экваторлық белдеу. Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдапйлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді.
Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25-30°С. Жауын – шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000-3000 мм-ден , тауларда 10 000 мм-ге дейін). Белдеудің көп жерін экваторлық (тропиктік) ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.
Орман қалың өсетін алуан түрлі мәңгі жасыл өсімдіктерден тұрады. Ең биік ағаштар 50-60 м-ге дейін барады. Ағаш діңдерінін аралықтарында аз ғана саңылауды шырмалып, өрмелеп өсетін лианалар алады. Жуандығы адам білегіндей ғана кейбір лианалардың ұзындығы 300 м-ге дейін барады. Ағаш діңі мен бұтақтарын эпифиттер (грекше эпифит - өсімдікке жабысқан) басып жатады. Олар қоректі ауадан алады не ағаштың сөлін сорып күнелтеді. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстандағы ірі физикалық географиялық аудандар

Қазақстанның кең байтақ жерінің табиғаты әр түрлі. Бірін-бірі қайталамайтын табиғат кешендерінен тұрады. Сонымен бірге Қазақстан аумағы 2 дүние бөлігіне жатады, яғни Еуропа мен Азияны біріктіріп жатыр. Осыған сәйкес қайталанбайтын көркем табиғатымен, жазира даласымен, кең массивті құмдарымен, төмен жатқан ойпаттарымен, күрделі геологиялық құрылымымен, көне геологиялық тарихымен, мол табиғат байлығымен, өзара ерекшелігімен кең байтақ елімізді физикалық-географиялық тұрғыдан алғаш рет 1913 жылы академик Л.С.Берк аудандастырды. Осы уақытқа дейін республика жері физикалық-географиялық тұрғыдан әлі толық реттеле қойған жоқ. Соңғы кездері Қазақстан табиғаты 9 ірі физикалық-географиялық аймақтарға бөлінді:
1. Шығыс Еуропа жазығы.
2. Тұран жазығы.
3. Солтүстік Қазақ немесе Батыс Сібір жазығы.
4. Сарыарқа.
5. Орал.
6. Алтай.
7. Сауыр-Тарбағатай.
8. Жоңғар Алатауы.
9. Тянь-Шань.
Қазақстан территориясындағы зоналық немесе биіктік белдеулер жүйелерді қарастыру жеткіліксіз. Физикалық-географиялық аймақтың биоклиматтық ерекшеліктерімен бірге түзілу жолдары арқылы қалыптасу тарихын да танып білу керек. Геологиялық, геоморфологиялық түзілу жолдары мен геогендік, антропогендік дәуірлердегі даму тарихы бойынша Қазақстан территориясындағы физикалық-географиялық аудандастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Физикалық-географиялық аудандастыру дегеніміз - әр өңірдің өзіндік табиғат жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, жер бетін жеке аймақтарға және олардың бөліктеріне бөлу.....
Рефераттар
Толық

География | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Қазақстан Республикасы Еуразияның орталық бөлігінде, Орал тауларынан оңтүстікке қарай, ал оның астанасы - Астана қаласы Еуразия құрылығының географиялық орталығына мейлінше жақын орналасқан.
Қазақстан Ресей Федерациясымен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Қытаймен шектеседі, Каспий теңізіне шыға алады.
Республика аумағы батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтайға дейін, солтүстігінде Батыс-Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып, 2 миллион 725 мың шаршы километр жерді алып жатыр. Жер көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-орын алады.
Республика аумағының басым бөлігі жазық және ойпатты болып келеді. Елдің орталық ауданында Қазақтың шоқылы қыраттары, оңтүстігінде Қазақстан аумағындағы ең биік нүкте – биіктігі 6995 метр болатын Хан тәңірі шыңын қоса алғанда Тянь-Шань тауларының сілемдері жатыр.
Республика аумағы арқылы ағып өтетін, Солтүстік Мұзды мұхит бассейніне жататын шығысындағы - Ертіс, ал солтүстігіндегі - Есіл өзендерін қоспағанда, Қазақстан өзендерінің көпшілігі Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлінің ішкі тұйық бассейндеріне жатады.
Мұхиттардан қашық, жер аумағының кең болуы және табиғат ерекшеліктері климатының күрт континенталдығы мен аймақтық ерекшеленуіне, жауын-шашын мөлшерінің аз болуына әсер етеді. Республиканың көпшілік жеріне желдің күшті болуы тән. Аумақ төрт табиғи аймаққа - орманды-далалық (солтүстік, шығыс), далалық (солтүстік, шығыс, батыс, орталық), шөлейтті (батыс, орталық, оңтүстік, шығыс) және шөл (батыс, орталық, оңтүстік) аймақтарға бөлінеді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы соңғы кездегі дүлей табиғат құбылыстарының қатарына Каспий теңізі деңгейінің одан әрі көтерілуі, жер сілкіністері, гидрометеорологиялық дүлей құбылыстар жатады. Арал теңізі бассейнінің құрғауын және атом полигондары қызметі зардаптарының экологиялық жағынан жайсыз әсерін ең ірі антропогендік зардаптар қатарына жатқызуға болады.
1978 жылы басталған Каспий теңізі деңгейінің көтерілу процесі орташа қарқыны жөнінен жылына 0,14 метр болып үдемелі түрде жалғасып келеді. Теңіздің деңгейі төрт метр дерлік көтерілді.....
Рефераттар
Толық

Экология | Арал теңізі географиялық анықтама

Арал теңізі – құмды,құрғақ климатты үстірт қыратқа орналасқан теңіз.Ол – ертедегі Сармат теңізінің бір бөлігі,дүниедегі ең үлкен тұйық теңіздердің бірі.Көлемі жағынан Каспий теңізі,Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көл,Африкадағы Виктория – Ньян көлінен соңғы төртінші орында тұрады.Көлемі 66458 шаршы км, су көлемі 1022,6 текше км.Орташа тереңдігі 16 метр ,ең терең жері 68 метр .Суының тұздылығы-10-11 процент.Жаздағы температурасы +24...+26 ,қыста -7...-13,5 градус.Теңізде 300 ден астам атау бар...
Теңіздің 96 процентін су,4 процентін құрғақ жер құрайды.Арал жер шарының 60 градустық ендігінде орналасқан.Теңіз суы сағат секілді оңнан солға қарай оралып ағады.
Кайнозой дәуірінің орта шенінде,яғни бұдан 21 миллион 1200 жыл бұрын,Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан.Бұл байланыс 1573 жылға дейін созылған.
Бұрын Амудария (Оксус) Үзбой арнасы арқылы Каспий теңізіне, ал Торғай өзені Аралға құйған .
Арал теңізі Гринвич бойынша солтүстік ендіктің 43 30 пен 46 51 және оңтүстік бойлықтың 58 13 пен 61 56 – ті аралығында жатыр.Солтүстік ендіктің 45-с Николай аралының (Возрождение аралы) оңтүстік шетін басып өтіп ,теңіздің дәл ортасымен түйіседі.
1874 жылы Тиллонның дәл деңгейлік өлшеуі бойынша Арал теңізі Каспийден 74 метр биіктікте жатыр, ал Каспий Қара теңіз деңгейінен 26 метр төмен,демек Арал теңізінің айдын беті мұхит деңгейінен 48 метр биік.Аралдың түбінің ең терең жері мұхит бетінен 20м төмен, ал Каспий айдынынан 6 метр жоғары.....
Рефераттар
Толық

География | Халықаралық географиялық терминдер

Кіріспе
Жер – су аттарының мағынасын, пайда болуы, қалыптасу, тұрақтану және дұрыс жазылып, айтылу заңдылықтарының зерттейтің топонимикалық ғылымына сұраныс артып келеді. Бұл қазіргі кезенде қоғамда қалыптасып отырған жағдайлармен (тарихи, байырғы атауларының жаңғыртылуы, мемлекеттік тілді ғылыми терминологияның бір жүйеге келтіру мен тұрақтандыру және т.б.)тағыз байланысты.
Топонимиканы пән ретінде жоғары оқу орындарының география, тарих, философия факультетінің оқу жоспарына еңгізудің білікті маман дайындауда маңызы зор екенің тәжірибе дәлелдеп отыр. Мысалы, «Топонимиканегіздері» курсы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің География – экология факультетінде 20 жылдай оқытылып келеді. Бұл пәннің негізгі теориялық мәселелері қазақ топонимиясы негізінде қарастырылады. Өйткені Қазақстан жеріндегі топонимдердің көпшілігі қазақ тілінде және жергілікті топономияда табиғи орта тұрады ақпар да мол. Қазақ топономиясын ұлан - ғайыр Қазақстан жері жайлы тарихи – географияляқ ақпараттардың бірден – бір деп қарау орынды.
Біз ұсынып отырған оқу құралын «географияляқ туризм», географияляқ – тарих» мамандықтарының оқу жоспарларына енгізілген «Топономика негіздері»курсын оқыту барысында пайдалануға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Ұлы географиялық ашылымдар

Кіріспе
XVI ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында бұрынғысынша феодалдыққұрылыс үстем болды. Алайда Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік кәсіпорындар пайда бола бастады. Ұлы географиялық ашулар капиталистік өнеркәсіптің дамуына маңызды түрткі болды.
Жер шарында Ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты – аңызға айналған Үндістан жерін ашып , онымен сауда , қарым – қатнас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған Европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастаған еді. Алысқа жүзе алатын мұхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруалығын өркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп , Атлант мұхиты арқылы жүзіп , бірқатар жерлерді , белгісіз аралдар мен түбектерді ашып , оларды өздерінің отарына айналдырды.
Ұлы географиялық ашулар кезеңіне қарағанда XVII ғасырда жер шарының географиялық зерттелуі мүлде өзгеше еді. Ұлы географиялық ашулар кезінде мұхиттар мен теңіздер , материктер мен көптеген аралдар ашылды. Бірақ олар әлі түбегейлі зерттелмеген еді. Сондықтан , XVII ғасырдың негізгі географиялық зерттеулері бұрынғы ашылған құрлықты , теңіздерді толық білуге бейімделді.....
Курстық жұмыстар
Толық