1 Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Сабақтың тақырыбы: 1-Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Жүргізуші: Балалар, сендерді қайта көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күнге күйіп, бойларың өскен. Қараңдаршы, біздің балабақшада жаңадан келген балалар бар. Сендер жақсы дос боласыңдар деп ойлаймын. Қане, бір - бірімізге қол бұлғап «Сәлем» деп амандасайық. Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме? Иә, Білім күні. Бұл күні балалар мектепке ағылады. Бұл күні балабақша да жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы алады. Ал сендер балабақшаны, мерекелерді сағындыңдар ма?
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, осы күнді есте қалатындай етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады. Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып, жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Білім күні – мереке

Білім күні – мереке

Балабақша ауласы 1 - Қыркүйек - Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды.
Қастерлемес даңқын кім,
Қадірлемес салтын кім?
Әнұраны елімнің,
Үні, Тілі халқымның!
(Әнұран орындалады)

Жүргізуші:
Сәлем, достар, балалар!
Жаңа білім күніңмен!
Білім - күні мереке,
Ән салсам да әдемі.
Туған тілім - береке,
Сөз арнасам кәделі!...
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Тәрбие сағаты: 1 Қыркүйек – Білім күні (Менің Отаным - Қазақстан)

Сабақтың тақырыбы: 1 - қыркүйек – білім күні (Менің Отаным - Қазақстан)

Сабақтың мақсаты: Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі - құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап.

Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді)......
Тәрбие сағаттар
Толық

1 қыркүйек – білім күні (Сыңғырла алғашқы қоңырау!)

Тақырыбы: 1 қыркүйек – білім күні (Сыңғырла алғашқы қоңырау!)

1 - жүргізуші:. Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.

Армысыздар, құрметті қонақтар мен ата - аналар! Ұлағатты ұстаздар!

1 - жүргізуші: Бармысыздар қымбатты жаңа оқу жылының күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
Айналайын, дарын бол,

2 - жүргізуші: Жақсы оқып, ер жетіп.
Оқу оқып, ғалым бол,
Жанған оттай жалын бол!
Әділ шешер әр істі
Ақылың асқан дана бол.........
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Қазақ тілі саласындағы функционалдық сауаттылықтың білім берудегі маңыздылығы

Функционалды сауаттылық- бұл тұлғаның әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық қызметіне белсене араласуы,яғни,өз мамандығына,жасына қарамастан заман ағымына ілесе отырып,білімін арттыра түсу.

Қазіргі таңда мен 8 сынып оқушысымын.Алайда,ертеңгі күннің болашағының негізі боламын.Ал сол ертеңгі болашаққа білім берудегі,функционалдық сауаттылық дағдысының пайдасы мен кем тұстарын айта отырып,кемшілікті түзеу мақсатында ұсыныстарымды білдіретін боламын.

Өмірге деген үлкен жолды салып беретін мектептің білім берудегі маңызы зор.Ал сол білім ошағының қазіргі сәттегі жағдайы мен берер тәрбиесі қандай?

Заман талабы бойынша біздің оқып жатқан оқулығымыз бен алып отырған біліміміз функционалды сауаттылыққа негізделеді.Мұндай оқу түрі менің жаныма жағады.Себебі,кезінде тек теориялық негіздермен жұмыс істесек,қазір практикамен жұмыс істей отырып,оқулықта берілген оқылым,айтылым,жазылым дағдылары бойынша өз пікірімізді ашық жеткізе алып,сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға бейімделудеміз.Ал мұның керегі не?Не мақсатпен жасалып отыр деген сұрақ әркімнің көкейін түсуде.Менің ойымша,бұл оқу дағдысы баланың ортамен тілдесе алуы мен қазақтың тарихын жан-жақты түсіндіріп,өзге де білім салаларымен байланыстыра отырып,мамандық таңдауға өз үлесін қосады.Оның үстіне бала өзінің ойын ашық түрде айта алып,бір-бәрімізді критерий бойынша бағалап,әркімнің пікірі өзінше құндылыққа ие бола алады.Әйтсе де әрбір кереметтің бір кем тұсы болуы хақ......
Эсселер
Толық

Ежелгі қытайлықтар ғылыми білімдерін қалай қолданды? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Қытай
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі қытайлықтар ғылыми білімдерін қалай қолданды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу баңғдарламасына сілтеме): 5.2.4.2 шаруашылық қызмет пен əлеуметтік өзгерістердің ғылымның пайда болуы мен дамуына əсерін сипаттау (арифметика, геометрия, астрономия, медицина)
Сабақ мақсаттары: Қытайдын ерте заманғы ғылым жүйесінің дамуына қосқан үлесін зерттеу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің триумфі
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды 2-сабақ
Сабақтың оқу мақсаттары (оқу мәліметіне жолдама): 5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар тематикалық білім әдістемесін құру арқылы әртүрлі елдердегі белгілі бір уақыт аралығында орын алған шаруашылық және ғылыми өзгерістерді салыстырады, саяси өзгерістердің пайда болуына шаруашылықтың тигізген әсерін қорытындылайды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы