Өмірлік жар болатын жігітті жұлдызнамасына қарап таңдаған дұрыс па?

Адам өзі қандай болса, өмір жолында да дәл сондай адамдар жолығады екен. Бүгінгі таңдағы басты мәселе – жігіт таңдау, жар таңдау. Жігіттерді күнделікті әрекетінен бөлек жұлдызды белгісіне қарап та анықтауға болады. Ол үшін жұлдызнамасын біліп алсаңыз болғаны.

Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Дәулет Тұрлыханов Болатұлы (18 қараша, 1963 жылы)

Дәулет Болатұлы Тұрлыханов (18 қараша, 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында туған) — грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы кеңес одағының палуаны. КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Жарма ауданының Құрметті азаматы.
Білімі
1988 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын бітірген.
1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Жетістіктері
Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Болат Әбділманов Мәзімбайұлы (1960 жылы 12 қараша)

Болат Мәзімбайұлы Әбділманов (1960 жылы 12 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. "Құрмет" Орденінің иегері.
Өмірбаяны
Әкесі - Әбділманов Мәзімбай, марқұм, қойшы болған. Анасы - Әбділманова Шарбану, марқұм, қойшының көмекшісі.
Алматы мемлекеттік көркем-театр институтының актерлік факультетін бітірген (1982), драмалық театрдың актері.
1982 жылдан - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
1992- 2006 жылдары - М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Болат Ұзақов Қасымжанұлы (1962 жылы 25 қараша)

Болат Қасымжанұлы Ұзақов (1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданында туған) — актер, театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы - режиссері.
Болат Қасымжанұлы 1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келген.
1980 - 1984 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институты)ның «Театр» факультетін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов пен КСРО халық артисттері Ыдырыс Ноғайбаев және Фарида Шәріпованың классын бітірген.
1994 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма режиссері» мамандығы бойынша ҚР халық артисі, профессор Маман Байсеркенов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылхановтың классын бітірген.
1984 - 1997 жылдары Бикен Римова атындағы театрдың актері әрі қоюшы - режиссері болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ерболат Тоғызақов Қасымұлы (1948 жылы 25 наурыз)

Ерболат Қасымұлы Тоғызақов (1948 жылы 25 наурызда Алматыда туған) — қазақстандық танымал кино актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Ерболат Қасымұлы Тоғызақов 1948 жылы 25 наурызда Алматыда дүниеге келген.
1970 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген
1974 жылы КСРО кезеңіндегі Госкин жанынан құрылған киноөндірісі ұйымдастырушыларының екі жылдық курсын аяқтады.
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында әкімші болды және түрлі жұмыстарды атқарып жүрді.
2008 жылы Ермек Тұрсыновтың «Келiн» фильміне түсіп, дебютті қадам жасаған ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Саят Исембаев Темірболатұлы (1975 жылы 14 қазан)

Саят Темірболатұлы Исембаев (1975 жылы 14 қазанда туған) — қазақстандық танымал кино актері.
1993 жылы Хореографиялық училищені бітірген. Алғаш рет «Десант» фильмінде ойнаған болатын. Кейін «Рэкетир» фильмінде басты рөлді сомдап үлкен атаққа ие болды. Ол тағы «Сказ о розовом зайце» фильмінде өз шеберлігін көрсеткен.
Саят «Рэкетир» фильміне алдына ала дайындалмаған. Себебі ол жәй кастинге келген, кейін оны режиссер байқап басты рөлді сомдауға шақырған.
2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР Президентінің жарлығымен "Ерен еңбегі үшін медалі" мемлекеттік медалімен марапатталды.
Фильмографиясы ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова

 Әнші Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Өзінің де, күйеуі Жанболат Ербатыровтың да отбасында тоғыз ағайынды. Жазира Байырбекованың әпкесі журналист, бірақ бүгінде ән айтып жүр. Бауыры Серік университетте, Аққал Хасенова есімді сіңілі кітапханада жұмыс істейді, сіңілі Ұлдан теміржолда, әпкесі Сәбира аспаз, тағы бір әпкесі Ботагөз тігінші және ағасы Ерболдың жеке кәсібі бар.
Бұдан өзге Ләззат есімді әпкесі үлкен сахналарда ән айтса, өзінен кейінгі сіңілі Нәзира төртінші билік қатарында. Айтуларынша, Жанболат Ербатыровтың да бауырлары өнерден құр алақан емес. Ол 1973 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген.
Жазира Байырбекова ес білгелі ән айтып келетінін айтады. Тіпті, мектеп табалдырығын аттамай жатып туған әпкесі Ләззат Байырбекованың сыныбына барып, әр мерекеде қосылып ән шырқайтын болған.
Қос әнші Алматы қаласына келгенде жейтін тамақтары мен жолға төлейтін ақшалары болмай қиналған. Десе де, олар тағдыр тауқыметін көп көргендеріне қарамастан, бір-бірін таңдағандары үшін ешуақытта өкінбегенін айтады... 

Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұрболат Абдуллин

Нұрболат Абдуллин Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Ол Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы университетті бітірген. Соңғы жылдар бедерінде Нұрболаттың есімі халық арасында жиі аталатын болды. Оған әртістің “Шалғайдағы оқиға” фильмінде және “Қазақстан” ұлттық арнасынан көрсетілген танымал “Көзайым” телехикаясында ойнауы себеп болды. Телехикаяның екі бірдей маусымында жағымсыз кейіпкер Сұлтанның рөлін ойнаған Нұрболатты көрермендер актерлік қырынан таныды.
Ал, әншілігіне келер болсақ, Нұрболат 2014 жылы Алматыда “Майра” продюсерлік орталығы ұйымдастырған “Күміс көмей, жезтаңдай” байқауында халық әні “Екі жиренді” орындап, бас жүлдені жеңіп алды. 1 миллион теңге оның өнер жолында жеңіп алған алғашқы қомақты жүлдесі болатын. Бір жылдан кейін әнші Бішкек қаласында өткен «Дельбарим» конкурсында «Джип» автокөлігіне ие болды. Абдуллин алдағы уақытта халықаралық дәрежедегі үлкен байқауларда бақ сынағысы келетінін де жасырмайды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Үндістанның көркінен көз сүрінер актрисалары кімдер?

Үнді актрисалары Үндістанда кино индустриясы пайда болғалы бері аса танымал. Олардың сұлулығына бүкіл әлем көз тігіп, ғашық болады. Ер-азаматтарды сүйкімді қылықтарымен баурап алатын үнді актрисалары кімдер? comode.kz порталы ең сұлу үнді актрисаларын назарға ұсынады.
Жаңалықтар
Толық