Ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлаған батыр

Иә, биылғы жылы талай ұл-қызды әкесіз талай ата-ананы баласыз қалдырып, етігімен су кешкен зұлмат соғыстың аяқталғанына 71жыл. Қаншама ержүрек батыр ата-әжелеріміз басын қаперге тігіп, ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлайды. Ал, ол ел үшін кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ізгілікті ісінің арқасы. Демек, Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерлер ерлігін бүгінгі және кейінгі ұрпаққа насихаттап, оларды өнеге тұту парыз.Ерлік мәңгі ескірмейтін, ұрпақтар жанында сақталатын қасиетті іс. Осы ерлік көрсеткен батырлардың бірі –жерлесіміз «Даңқ» Орденінің толық иегері Ш.Т.Еркіновте бар.
Ол 1924жылы Ойыл ауылдық кеңесінде Даулетиман елді мекенінде дүниеге келіп,Батыс Қазақстан облысы ,Қаратөбе айданы, Саралжын ауылындағы бастауыш мектептен дәріс аладыда Миялыдағы Орлыкөл мектебінде білімін жалғастырып , үздік бағамен бітіреді.1942жылдың 18 тамызында Ақтөбе облысы, Қобда аудандық әскери дайындық тан өтіп,1943 жылдың шілде айынан бастап,ұрыстың қызған жері Батыс майданының құрамында Сталинград шайқасында шыңдалады......
Шығармалар
Толық

Қазақ батырларының ерлігі

Биыл Ұлы отан соғысының өткеніне 71 жыл. Кейінге шегінсек, Ұлы отан соғысында қазақ халқы көп зардап шекті. Көптеген балалар жетім қалды, мүгедектер атанды, өз өмірлерімен қоштасты. Бұның барлығы тек тәуелсіздік алып, болашақты жарқын ету жолындағы күрес еді. Ер азаматтар елін, жерін қорғау үшін қасық қаны қалғанша күресті. Біз бәлкім бұл қиындықты сезіне алмайтында болармыз, бірақ соғысқа қатысқан атаәжелеріміз көзіне жас алып еске түсіреді. Біздің еліміздің жеңіске жетуінің бірден бір себебі- намысты қолдан бермеу, ел намысын жоғары қоятын біздің ұлттық мінезіміз, ерекше қасиетіміз болып табылады.
Ұлы отан соғысында қазақ халқы өзінің аз екендігіне қарамастан , ерлігін, батырлығын көрсете білді. Ұлы отан соғысына батырлар, тіпті ерлермен қатар әйел адамдарда қатысты. Олар ерлік көрсете білді. Қазақ қыздарының арасында 19 жасында «Отан үшін» деп соғысқа аттанған Әлия мен Мәншүк бар. Олар ауыр мылтықты арқалап, соғысқа аттанды. Әлия қан майданға шығып, 78 немісті жоюы, қайран қалатын ерлік емес пе? Оның өмірі қысқа болғанымен, даңқы ұзақ. « Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Сол себепті қазақ халқының батырларының есімі қазақ елінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Қазақ халқының жүрегінде өшпейтін тағы бірден- бір нәрсе қазақ батырларының ерлігі. Оларды жазықсыздан жазықсыз жазалап отырды. Бірақ бұларға қарамастан қазақ жастары ерлігімен, елдің атын шығара білді. Сонымен қатар Ұлы отан соғысына Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Мәншүк Маметова сияқты соғыста тағы да басқа апа- ағаларымыз қатысқан екен.Ұлы жеңістің ұмытылмайтыны секілді, соғыста ұмытылмастай ізін қалдырды. ......
Шығармалар
Толық

Қазақ батырлары

Біз солдаттың немересіміз,
Кеш келдік мына жарқын қоғамға,
Жүрілмеген жатыр қанша жол алда.
Біз көбіміз атамызды білмейміз,
Біздер жайлы түк білмейді олар да.
Иә, біз соғысты көрген жоқпыз. Соғыстың қасіреті мен қайғысын, жау зеңбірегінің жарылысы мен сол зеңбіректен жасырынған балалардың үрейлі жанарын, жаралы жауынгердің азабы мен жауған оқтың астынан жаралы әскерді алып шықпақ болып, дәрмені жетпей шарасыздықтан жылаған бүлдіршін қыздың жан қиналысын да көрген жоқпыз.
Қан майданның қақ ортасында болған аталарымыз бен апаларымыздың даңқын, ерлік істерін біздер тек тарихи кітаптар мен көркем туындылардан ғана білеміз. Қанды қырғынның ортасында жүргенде қалай ерлік жасасам екен деп ешкім де ойламайды. Адам ерлікті атын шығару үшін емес, жүрек қалауымен, адал сезіммен істейді. Соғыс кезінде ата –бабаларымыз бен аналарымыз атақ, даңқ үшін емес, елін, жерін, туғандарын қорғап, жанындағы жолдастарына қорған болуды ғана ойлады. Өзінің емес, өзгенің бақытын, өзгелердің амандығы үшін күресті. Сонда ғана жеңіске жетіп, жеңілмеудің жолын таба білді........
Шығармалар
Толық

Арыс – батырлар елі

Болса егер менің саған керегім,
Күндерімді,түндерімді,
Ой толқынын, сыр толқынын
Саған ғана беремін!- деп Бауыржан атамыз от-жалын кешіп жүріп айтқан сөзі, ерлікті, елдікті, отансүйгіштікті насихаттайды. Менде өзімнің батырлар қаласы атанған Арыс қаласынан алты бірдей Кеңес одағының батырлары- Бейсен Оңтаевтың, Берген Исахановтың, Садық Исмаиловтың, Нағи Ілиясовтің, Ережепбай Молдабаевтың шыққандығын мақтанышпен жеткіземін. Бүгінде Арыс ауданында көзі тірі сегіз ардагерлеріміз бар. Отан алдындағы борышын сақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс айтамыз. Бұл жеңістің келе жатқан 71 жылдығы бәріміз үшін айтулы мереке. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен сүйіспеншілікпен адалдықтың өлшемі. Ұлы Жеңіс күні-тек соғыс ардагерлерінің ғана емес,барша Қазақстандықтардың айрықша мерекесі. Бұл сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің қиян-кескі ұрыстан аман келген ата әжелерді құрметтеудің нағыз үлесі көрсетілетін күн. Ұлы Жеңіске жеткенімізге қаншама жылдар өтсе де, біз әлі күнге дейін Отан соғысы майданында қаза тапқандарды еске алып, олардың алдында басымызды иеміз.Осы батырларымыздың ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады және фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы да мәңгі жарқырап тұрады. ......
Шығармалар
Толық

Батырдың аты өлмейді

Менің туып – өскен жерімде қаншама батырлар есімдері үлкен құрметпен аталып жатады. Өйткені, батырлар есімі ешқашан атаусыз қалмақ емес. Осындай батырларымыздың аттарын кейінгі жас жеткіншектер ұмытпай, өз еліміздің патриоты болып тәрбиеленуі үшін айтыла бермек. Солардың бірі гвардияшы – панфиловшылардың бірі, Кеңес Одағының Батыры Нұрсұлтан Есеболатов атаның есімін, ерлігін ерекше атағым келеді. Нұрсұлтан атаның 2013 жылы 100 жасқа келген тойы сол туған ауылында аталып өтті. Ал биылғы жылы Ұлы Отан соғысына 71 жыл болмақ. Небәрі, 27 жасында соғысқа аттаңған жас жігіт елі, жері үшін жанын қиып, соғыста қаза болды. Артында жылаған анасы, бауырлары, жерлестері қалды. Ол кісі қайтып келген жоқ. Бірақ, Нұрсұлтан атаның атында ауыл, көше, мектеп бар. Сол ауылда, аудан орталығында батырға арналған ескерткіш пен мұражай бар. Жылда 9 мамыр Жеңіс күнінде ескерткішке барып оқушылартағзым етеді, гүл шоқтарын қояды.
1418 күнге созылған бұл соғыста Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету үшін қасық қаны қалғанша , көкіректерінен жаны шыққанша қазақ халқы да өз үлестерін қосты. Қазақ жауынгерлері Брест қамалынан бастап ,Берлинге дейін барды. Қайран ерлер Сталинград түбіндегі жертөлелерде ,Днепр өткелінде ,Ленинград пен Москва үшін болған шайқастарда көзсіз ерлік көрсетті.Көптеген елді мекендерді азат етті. Олар одақтастарымыз Польша, Румыния, Чехославакия Болгария, Германия жерінде орақ пен балға бейнеленген қып-қызыл туды желбіретіп өтті......
Шығармалар
Толық

Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ

Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік.
Бауыржан Момышұлы
Адам қазасы. Халық қасіреті. Адамзатқа төнген апат. Зардап көлемі әртүрлі болса да, осылардың қайсысын ойлағанда жүрек дір етпейді?! Қайсысын көз алдыңа елестеткенде әлдебір тілсіз жаудың, зұлым күштің зорлығына душар болып, қиылып бара жатқан қыршын жандардың қиналысы жаныңды түршіктірмейды?! Өмірді тұншықтырған өктем күш қай уақытта, қандай сәтте белең алса да, қайғылы оқиға аталып, жүрекке зар құятыны анық. Солардың ішінде көп апат, індеттерден адам баласын көп қасіретке душар еткен қанды оқиғалардың, күйретуші күштердің аты – соғыс. Адамзат тарихында қанша рет соғыс болды? Сол сүргіндерде қанша ғұмыр қазаға ұшырады? Осы тұстағы дау туғызбайтын бір шындық – Кеңес халқының фашизм шапқыншылығына қарсы жүргізген Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы барлық соғыстардың ең үлкені, себебі мен мақсаты жағынан да, қасіреті мен қиындық-қыспағының көлемі жағынан да мүлде ерекшесі болды. «Соғыс! Ел шетіне жау тиіп, опасыздық ойранын сала келіпті. Батыстан қаптаған қара бүйідей қалың намыт жолшыбай кездескен тіршілік атаулыны жалмап жұтып, жауыздық өртін қаулатын келеді. Елдігіңді етіктің табанымен таптап, қорлығы мен зорлығын қара тажалдың маңдайындағы қос мүйіздей кезек жайпап, ішін тарта ысқырынып келеді. Елдің намысын, халықтың қаһарын, ер-азаматтың қайратын белге түйіп, қарсы шап, түгел аттан! Көзі қанталаған обыр жауды тұмсықтан ұрып, тұралатып таста! Есін жиғызба, елін тапқызба, енді қайта бас көтере алмастай етіп, біржола есеңгіретіп жібер!» Ел бұйрығы, Отан әмірі осындай еді! Талай жанның елдікті аңсаған арманы орындалды. Елдің бостандығы мен намысы қорғалып, аман қалды. Жауды өз үңгіріне қуып тығып, тас талқан етті. Біраз жылдың ішінде бүкіл Еуропаны аяғынан тік тұрғызған, біріне-бірін жендет қылып қойған фашизм індетінің ініне су құйылды. Күллі адамзаттың талай замандар бойы ойымен және қолымен жасалған небір асылы мен ардағын арамдап, талақ етпек болған тағылық мақсат халықтардың қаһарына ұшырады.
Бірақ, осы екі аралықта біздің елдің басына қара бұлттай ойнаған қалың қасірет пен қайғының табандатқан төрт жылы мен мың жарымға тарта тәуліктің талай өмірді жалмаған ажалды күндері мен азапты түндері бар еді. Бұл екі арада еліміздің қасиетті жерінің талай пұшпағы жау табының астында тапталып, қорлыққа түсті. Талай қала мен ауыл тамтығы қалмай қирап, тыптипыл болды. Осындай ел басына күн туған шақта қолына қару алып, майдан шебін бетке алып, Отанының бостандығы мен азаттығы үшін жанын қиюға дейін барып, жауды жеңіп, Жеңіс туын қолына алғаннан кейін де елінің дамуына үлесін қосып, болашақ үшін еңбек еткен ардагерлерді қалай мақтасақ та, жарасымды.......
Шығармалар
Толық

Қазақ тумысынан батыр халық

Алғашқы күннен бастап 1945 жылдың мамыр айы бұрын-соңды болмаған нұрын төкті. Ел жұрт табиғат шуағына шомылды. Нұрына бөленді. Адамдар бетінен жылылық, жайдарылық, күлкі сезіледі. Өйткені «Қызыл армия Берлинге кірді» деген хабар лезде бүкіл елге тарады. Сондықтар 1418 күнге созылған қанды қырғынның жеңіспен аяқталар сәтін ақ шашты ана да, белі бүгілген қарт та, майданда қанды қырғынды белшесінен кешкен жауынгерлер де, олардың елде қалған балалары мен іні-қарындастары да, екі көзі төрт болып күткен арулар да аңсады, армандап асыға күтті.
Сол күн туды. 9 мамыр - Жеңіс күні, ұлы мейрам деп жарияланды. Жеңіс күні деп бүкіл әлемге паш етті. Халық сол хабарды естіген сәттен бастап, бұған дейін тұла бойыңды тітіреткен «соғыс» деген улы жыландай суық сөзден мәңгілікке құтылғандай сезінді. «Бейкүнә жандардың қаны енді төгілмейтін болар» деп шүкіршілік етті. «Өткенге салауат, қалғанға берекет бергей» тәуба, тәуба деп сабасына түсті. Сабыр сақтады. Сақтамасқа не шара? Болары болды.
Иә, бүкіл жұмыр жерді шарпыған екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туған селкеу ұрпақ биыл 75-ке келеді. Жеңіс, Тыныштық есімді балалар соғыс жаңғырығын көрмесе де, оның ауырпалығын балғын жүректері сезіп өсті. Неміс басқыншылары басынан бақайшығына дейін қаруылы болғанымен, Кеңес мемлекетінің жалаңаш қызыл қаруы - патриоттық ұлы рухы оған тайсалмай қарсы шықты. Миллиондаған денелер майдан далаларында туралып жатса да, өрттей өршеленіп, екінші бір толқын бой көтеріп жатты. Соғыс комбайыны еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін қомағайланып жұтып жатты. Соғыс мынау орыс, мынау хохол, мынау қазақ деп ұлтқа бөлінген жоқ. Алып майданда сан қилы ұлт өкілдері қол ұстасып, қоян – қолтық соғысқа қарсы соғысты.
Ажалмен бетпе- бет келген адамның қорықпауы мүмкін емес. Бар- жоғы бір- ақ рет берілетін өмірін кімнің өз еркімен қиғысы келсін, бәрі бос сөз. Рас қорқа жүріп, ерік- жігеріңді жанып, бойдағы қорқыныш сезімін басу оңай емес. Қиын да болса, солай етуге өзіңді- өзің көндіресің. Бұл - Отан алдындағы, халқың мен отбасыңның алдындағы азаматтық парызыңды, қала берді үлкен жауапкершілікті сезінуден туатын батылдық......
Шығармалар
Толық

Неменеңе жетістің бала батыр...

Ұшқыр ойды от - қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!
Сырбай Мәуленов
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио-телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл, ал Жеңіске 71 жыл уақыт болса да , ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Дегенмен, сол сұрапыл соғыстың куәгерлері мен қатысушыларының күннен-күнге қатары азайып барады.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдессіз құндылық – ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Шығармалар
Толық

Кеңес Одағының батыры –Мәлкеджар Бөкенбаев

«Ұлы Отан соғысының тарихы тек төрт жылмен шектеліп қалмайды, ол тұтас дәуірді қамтиды, қиындығы мен құпиясы уақыт өткен сайын біртіндеп ашылады» депті майдангер жазушы Василь Быков. Қаншама уақыт өтседе елге жасаған ерлік ешқашан өшпейді, қайта ел есінде жаңғырады. Бұл соғыстың басталып, аяқталғанына биыл жетпіс бірінші көктем болмақ. Әлемдік күнтізбеде 365 күн болса, соның бір күні ғана Ұлы Жеңістің тойлануына бұйырыпты.1941-1945 жылдары Қазақстан бұл сұрапыл соғысқа 1 миллион 366 мың адамын аттандырды. Солардың ішінде мұғалжарлықтар да бар. Біз бүгінде Ұлы Жеңісті өздерінің жанкешті ерліктерімен жақындатқан Кеңес Одағының Батырлары, мұғалжарлықтар М.Бөкенбаев, Ф.Шатровты, И.Гриньконы, Т.Щербановты еске ала отырып, әруақтарына бас иеміз. Мақаланың арқауына айналып отырған өз замандастарының ортасында беделді, Отан қорғау кезіндегі ерлігімен көзге түскен, айтулы тұлғалардың бірі – Мәлкеджар Бөкенбаев жайында болмақ. Батыр Мәлкеджар Бөкенбаев туралы бұқара беттерінде айтылған әңгіме де, мақалада аз жазылған жоқ. Десек те, әлі де тың зерттеулерді қажет ететін деректер бар. Бұл күнде сарғайған мұрағаттағы том-том болған құжаттар өз зерттеушісін сарғая күтіп жатқандай. Ақтөбе облыстық мұрағаттарындағы деректерге сүйене отырып, М.Бөкенбаевтың ешкім әлі білмеген, зерттеп көрмеген жәйттерді жария етпекпіз. М.Бөкенбаев 1924 жылы Жұрын ауданында «Соцжол» деп аталатын Естемес деген ауылында қарапайым шаруа Есболсының отбасында дүниеге келген. 1933 жылы мектеп табалдырығын аттап, әріп таниды. Бірінші сыныпты «Амангелді» атындағы колхозда бітіреді. 1934жылы ата –анасы қоныс аударуына байланысты Жұрында оқуын жалғастырып,1939 жылы мектепті аяқтайды. Оқуды бітірген соң Наркомға «учетчик» болып жұмысқа орналасады. Ол жерде алты бойы жұмыс жасап, содан кейін радакцияға хатшы болады. 1939жылы қазан айында Мәлкеджар Ленинский комсомолға орналасып, пионер болады. 1941жылға дейін норсудта жұмыс жасап, кейін 1941 жылы Қызыл Армияға шақыртылып, жас жігіттің арманы болған Алматыдағы оқу курсын бітіріп, 1942 жылы 17 тамызда Қызыл Армияға шақыртылды. 1943 жылы 15 сәуірде Лейтенант дайындайтын курсты бітіріп, майдан шебінде ұрысқа аттанады. .......
Шығармалар
Толық

Батырлардың есімі ұмытылмайды

Ерлік елдің қасиеті,
Жүректілік - жігіттің қасиеті-деп
Бауыржан Момышұлы айтқандай сонау 40-жылдары қиян-кескі ұрыста көрсеткен аталарымыздың табандылықтарын ұмыту мүмкін емес. Отан үшін қасық қандары қалғанша күрескен әр азаматтың батырлығы бізге үлгі. Қатыгездікпен елімізге шабуыл жасаған неміс фашистерінің зұлымдықтарына төтеп бере алған,кеудесін оққа төсеген ерлер қаншама. Қақаған қыстың суығына,аптап ыстыққа шыдаулары «Отаным, елім» деп соққан әрбір совет жауынгерін қиындыққа төзе білуге үйретті. Отанға,жеріне деген сезімдері алға жетеледі». Батыр майданда шынығады. Болат қайнауда шынығады» дегендей жас шамасына қарамай жасөспірім балалар да майданға сұранып, қолдарына қару алды. «Отан үшін жан пида» ұранымен жауды жағасынан алды..........
Шығармалар
Толық