Сапарда намаз қалай оқылады? [видео]

Сұрақ: Сапарда намаз қалай оқылады?
Жауап: Сафари дегеніміз – жолаушы болу деген сөз. Үш күндік жерге бару ниетімен жолға шыққан адам орналасқан жерінен үш күндік жолға ниет етіп кетсе, кеткен жолының екі тарапындағы үйлер аяқталғаннан кейін сафари (жолаушы) болады. Үлкен қалаларда шеткі үйлер қалмаған. Осы тұрғыдан үлкен қалаларда, тұратын жерімізге жақын болған мазар, фабрика, мектеп және казармадан өткен кезде сафарилық басталады.
Үш күндік жолға шығуға шешім қабылдамай бүкіл дүниені айналып шықса да сафари болмайды. Дұшпанды іздеп жүрген әскердің жағдайы осындай. Екі күндік қашықтықта.....

Кеңестер
Толық

Сапарға шыққан адамға қандай жеңілдіктер бар?

Ислам дінінде адамның шамасы жетпейтін, орындалуы мүмкін емес нәрсе жоқ. Себебі – Алла Ұлы, Құдіретті, Күшті және мұндай ұлылықты жаратылысынан талап етпейді. Құранда бұл туралы: «...Ол сендерді таңдады әрі Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады» («Хаж» сүресі, 78-аят) делінеді.

Тақырыбымызға арқау болып отырған «сапар» ұғымына артық анықтама қажет емес секілді. Өйткені, сапарға шықпайтын адам кемде-кем. Сол себепті бұл әркім үшін маңызды тақырып болып отыр. Хадисте: «Сапар—азаптың бір бөлігі, ол біріңді ішіп-жеуден және ұйқыдан тосады, егер (кісі) шаруасын тындырса, отбасына асықсын» (Муслим) делінуі адам үшін сапардың қолайсыз рәсім екендігіне нұсқау бар. Осындайда шариғатымыз мұсылманның өмірін барынша жеңілдетуге тырысады.
Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Ораза. Саламатты азықтану

Сұрақ: Рамазанда денсаулық тұрғысынан ішіп-жегенде мән берілуі керек болған қандай ерекшеліктер бар?
Жауап: Бір дәрігер досымыздың берген жауабы мынадай:
Рамазан айында жүйесіз азықтанған адамдарда әлсіздік, депрессия, асқазанның ауруы және ас қорыта алмауы, қан қысымының төмендеуі сияқты көптеген денсаулық проблемалары байқалуы мүмкін. Сәреге тұрмау немесе сәреде көп мөлшерде майлы тағамдар жеу, ал ауызашарда көп....

Кеңестер
Толық

Курстық жұмыс (жоба): Діни терроризм мен экстремизмнің психологиялық негіздері

Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Халыққа үндеуінде  «Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр» деп атап көрсетті.   Қазақстан Республикасының тарихындағы соңғы жиырма бес  жылдық қазақстандық қоғамның өміріндегі діннің атқаратын рөлі мен орнының өзгеруімен ерекшеленді. Діни құндылықтар көптеген адамдардың, әсіресе соның ішінде жастардың өмір салттарының да, ойлау ерекшеліктерінің де маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Діни ұйымдардың, ең алдымен қазақстан халқы үшін дәстүрлік болып табылатын – Ислам діни ұйымдарының рөлі, беделі мен әсерлері күшейді. Қазақстан полиэтникалық орта, елімізде мекен ететін халықтардың арасында біршама кеңінен тараған діндер – ол ислам және христиан діндері, сондай-ақ иудаизм мен буддизм діндері де бар.
Курстық жұмыстар
Толық

Рамазан айы. Харам істеу оразаны бұзады ма?

Сұрақ: Ораза ұстап жүргенде күнә істеу, ғайбат айту оразаны бұзады ма?
Жауап: Оразаны бұзбайды, бірақ әсіресе ораза ұстап жүргенде күнәдан көбірек сақтану керек. Хадис шәрифте: «Ғайбат айту, сөз тасу, өтірік жерде ант ету, бөтендерге шаһуетпен қарау оразаны бұзады»- делінген. (Дәйләми)
Имам Ағзам хазреттері бұл хадис шәрифті ашып түсіндірген және «Бұл күнәлар оразаның сауабын бұзады, өзін бұзбайды, ораза мәкрух болады»- деген. Яғни бұл күнәларды....

Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар

Сұрақ: Мен студентпін, сабағымды жақсы түсіну үшін кейбір күндері ораза тұтпасам, кейін қазасын ұстасам бола ма?

Жауап: Ораза ұстау сабақтарыңа кедергі болмайды. Керісінше жақсы түсінуің үшін көмекші болады. Қарын қатты тоқ болса адамның миы жақсы жұмыс істемейді. Аш адамның зеректігі ашылып, түсіну қабілеті күшейеді. Бұл әлі тек медициналық жағы. Ал ораза тұтқанда Аллаһу та’аланың жаудыратын.......

Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Оразаны бұзатын нәрселер

Ғылымхал кітаптарында оразаны бұзатын және кәфарат керек ететін жағдайлар үшін жалпы қағида білдірілген. Азық немесе дәрі ретінде пайдалы бір нәрсе жеп ішу, ләззат беретін нәрсені ауыздан өткізу және жима (әйелімен қосылу) оразаны бұзады. Оразаны бұзатын бұл нәрселер біле тұра жасалса әрі қаза, әрі кәфарат....

Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Оразаны бұзбайтын нәрселер

Оразаны бұзбайтын бірақ сауабын азайтатын нәрселерден де қашу керек. Ораза тұтқандарға уәделенген үлкен сауабқа қауышу үшін бұл шарт болып табылады.
Бір ғибадатты орындағанда, бұл ғибадаттың парыздарын, уәжіптерін, сүннеттерін, мәкрухтерін және муфситтерін яғни ол ғибадатты бұзатын нәрселерін де білу керек. Бұларды білмей жасалған ғибадат.....
Кеңестер
Толық

Қазақстандықтардың 70 млрд зейнетақы жинағын шетелдік банк қайтармай қоюы мүмкін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлері Әзірбайжан халықаралық банкіне қыруар қаржыны құйып тастады. Ал жақында аталмыш банк соттан өзін банкрот деп тануды өтінген. Енді қазақстандықтардың 70 млрд жинағы шетелден қайтпай қалуы мүмкін. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық