Табиғат

Қасқанасы қылтылдап, көз қарасы жылтылдап. Ұзын - ұзын ұз келер, ұзын бойлы қыз келер
Ағынды су

Орақ болып туады, табақ болып тынады
Ай

Бейнесі суда дірілдейді, қармаққа бірақ ілінбейді
Ай

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Үй иесіне, шаңыраққа, дастарханға баталар мен тілектер

Бата берерде әркім «Иә, құдайым», «Иә, Алла», «Иә, жаратқан» секілді бағыштау сөздерін әр батаның алдынан қосып айтуға ерікті.

Уа, жаратқан ием құдірет
Тілегімді қабыл ет!
Иманымды кәміл ет!


Мазмұны:

Баталар | Құттықтау, тілектер
Толық

Шаңыраққа байланысты жақсы баталар, тілектер

Қоныс тойы құтты болсын!  Іші тек құтқа толсын!  Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!



Шаңырақтарыңның шаттығы құтты болсын! Терезесінен нұр төгіліп, шаңырағынан жыр төгіліп, табылдырыққа жетпей мұң көміліп, ақ пейілді әкелер сыр сөгіліп тұрсын! Үйіңде тек той болсын! Баланың былдыры үзілмесін!  Балалардың қос тірегі, мақтанышы болып ауырмай, сырқамай тек қана бақытты күндер өткізіп жүре беріңдер!

Баталар | Құттықтау, тілектер
Толық

Жаңа жыл тілектер мен құттықтаулар

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!

Құттықтау, тілектер
Толық

Бүлдіршінге, кішкентай балаларға жаңа жылдық тілектер, құттықтаулар

Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Періштелердің тілегі қашан да орындалады. Сондықтан, жаңа жыл есік қақпастан бұрын, балапаным, сенің амандығыңның тілекшісімін! Қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын тілеймін. Тау суындай таусылмас қайратқа да, сыр суындай сарқылмас жігерге де, гүлдей жайқалған ғұмыр мен самал желдей тербелген өмірге балам, сен лайықсың!

Құттықтау, тілектер
Толық

«Жаңашыл мұғалім – 2020» республикалық байқауының жүлде қоры 2 000 000 теңге құрады

«Жаңашыл мұғалім» республикалық байқауы Bilim Land цифрлық білім беру платформасының ұйымдастыруымен 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға бастауыш, орта, арнайы орта және инклюзивті білім беру мекемелерінің 4000-нан аса педагогі қатысып үлгерді. Байқаудың негізгі мақсаты – мұғалімнің тәжірбиесінде цифрлық ресурстарды қолданудың озық үлгісін қалыптастыру.

Жаңалықтар
Толық

Жаңа тұрпатты мұғалім - шығармашыл тұлға

Жаңа тұрпатты мұғалім - шығармашыл тұлға

Қолына уақыт пен кеңістіктің байланысын ұстап, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш- қуат пен ақылды, талантты ашып, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін, дүниенің жанды сұлулығын көрсетіп, жан дүниесінің бар болмысын көре білетін адам- жаңа тұрпатты мұғалім. ХХІ ғасырдың жан- жақты біліммен қаруланған, алған білім білік дағдыларын кез-келген жағдайда тиімді пайдалана алатын жеке тұлғасын қалыптастыру үшін жаңашыл мұғалім ролі зор. Жалпы адамзатты толғандырып, әлемнің басты проблемасына айналған «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақтың аясында  мен де ойлана келе, өз тәжірибемді барынша жаңашылдыққа бағыттау қажет деп қарастырдым. 

Эсселер
Толық