Жұмбақтар жауабымен: Құстар (2)

Өреді қайраңдап,
Келеді байпаңдап.
Қарғып түсіп өзенге,
Малтиды тайқаңдап.
Қаз

Қық-қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді.
Тауық

Судан шықса баладай,
Тәй-тәй басып қалады-ай.
Қаз
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Техника, көлік, шеберхана құралдары (1)

Шаңға толған шанағы,
Қоқыр-соқыр – тамағы.
Шаңсорғыш

Онда би де, күйің де,
Қызығына қанбайсың.
Отырып-ақ үйіңде,
Дүниені шарлайсың.
Теледидар

Су бетінде үйрек жүр,
Қалт-құлт етіп билеп жүр.
Қайық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Табиғат (2)

Жұмбағым жұтылды,
Ойға қарай құтылды.
Құйын

Бір нәрсе жер мен көкті шарлап тұрған,
Дамылсыз бәйіт айтып зарлап тұрған.
Тамаша қылығына қарап тұрсам,
Арасын жер мен көктің барлап тұрған.
Жел

Бір нәрсеге қарап тұрсаң дүбірлейді,
Алыстан көзін салсаң күлімдейді,
Екпіні сонша қатты болса-дағы,
Ұстасаң қолыңызға білінбейді.
Жел
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Байдың нәскиі

Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді.
Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін...» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «бірінші қиналған кезіңде ашып оқы» деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған болады:....
Әңгімелер
Толық

Жақсы иттің атын - "Маймақ" деп қояды

КТК телеарнасының кезекті жаңалықтар легінен хабардар бола отырып төмендегі көріністен аттап өте алмадым. Атауын - "Ақмола облысында 2 жасар бөбек итті құшақтап ұйықтап жатқан жерінен табылды" деп қойған екен. Кішкентайымнан ит атаулысына құмар өскенімнен болар, мен үшін бұл уақиға - интригага толы болды. Бір сәт аялдамастан ішіне жүгінгенім сол - жүрек тебірентер жауапқа кезіге кеттім..

● Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты елдімекендердің бірінде үй шаруасымен айналшықтап қалған анасы - 2 жасар Мәдина есімді қызынан көз жазып қалған көрінеді. Аталмыш жағдайда аянып қалмай....
kz
Толық

Әр елдің "үздік" әзілдері

Осыдан бірнеше жыл бұрын британдық әзілқой зерттеушілер күлкі әлеміне жасаған ұзақ саяхаттан соң, көпшілікке ең "үздік" делінген анекдоттарды таныстырған болатын.
kz
Толық

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776)

Тауасарұлы Қазыбек (1692–1776) – Наурызбай батыр әскерінің мыңбасы. Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Шапырашты тайпасы Асыл руының Әжіке деген атасынан шыққан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған.

Баласының неге болсын қабілетті зеректігін ерте байқаған әкесі Қазыбекті бес жасында Бұхараға апарып, дін оқуынабереді. Кішкентайлылығына қарамай жақсы оқыған......
Рефераттар
Толық

Суды тұрып ішудің зияны қандай?

Сүннет бойынша, суды отырып ішкен дұрыс. Кейбіреулер мұны түсінбей: «Асты, жарайды, отырып ішеміз, ал суды түрып ішсе не болады?» деген сұрақ қоюы мүмкін. Бұл сұрақтың жауабын келесі хадистерден табамыз:

«Ешбірің түрегеліп тұрып сусын ішпеңдер. Кімде-кім ұмытып кетіп....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық