Экономика | Маркетинг зерттеулер жүйесі сауалнама

Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынас жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдау талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілігін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды бейнелейді.
Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестікті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі.
Ал ол тауарды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады, бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортиментің зерттеу қағидалары

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазақстандағы ауа қауіпті әлеуметтік мәнді аурулар

Оба, чума (латынның pestis сөзінен шыққан, «кенеттен басып кіру» деген мағынаны білдіреді) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа не қан арқылы адамға да беріледі. Чуманың табиғатта өсіп-өніп отыратын ошақтары болады. Жануарға бүргелер арқылы беріледі. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 ж. бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853-1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863-1943) (адамнан; 1897 ж. егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersinia pestis) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады.
Аурудың даму кезеңі 3 күннен 6 күнге созылады. Ауру қатаң әрі кенеттен басталады. Алғашқы белгілері: дененің қатты дірілдеуі, ыстықтың 39-40 градусқа дейін көтерілуі, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы, құсу, тамырдың дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы /пневмония/. Аурулар есінен ажырамағанмен ессіз адамша жатады. Психикасы өзгере бастайды, орнынан ұшып тұрып, қашқысы келеді. Мастар секілді сөйлей алмайды. Қан қысымы төмендеп, жүрек-жұмысын бұзады. Тілі ісініп, тамағы құрғап, миндалі ісініп кетеді. Бауыры ісінеді. Қанды құсық құсады. Қан кетуі де мүмкін.
Оба ауруының аса қауіптілігіне байланысты бұл ауруды тараптауға үлкен күш салынады. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қадағалауымен, ұйымдастыруымен бұл аурудың эпидемиялық түрде және жоғары деңгейде дамуына әрі тарап кетуіне жол бермеуге шара қолданылады.
Оба ауруының тарамауына қолданатын шараның негізгі бөлігі оның табиғи ошақтарында тұрақты әрі кешенді бақылау жұмыстарын жүргізіп отыру.
Егер ауру байқалған жағдайда ауырған адамдарды тез арада емханаға жатқызып, олармен қатынаста болған адамдарды дәрігерлік бақылауға екшеп алу керек. Ауруды таратып отырған көзін іздейді. Оны тапқаннан соң, ол объектіні зарарсыздандырып, сол мекеннің жалпы тұрғындарын бақылауға алады. Карантиндік шараларды анықтайды және жүргізеді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қадырғали Жалайыридың Жами Ат Тауарих атты шежіресінің тілі

Қадырғали туындысы тілінің лексикалық негізін қыпшақ тобына жататын түркі сөздері құрайды. Мысалы, осы тұстағы өзге түркі ескерткіштерінде ау, ел / ал, ев / еу болып келетін сөздер мұнда аң (аңға чықты, аңға атланды), қол, үй түрінде қыпшақша, оның ішінде қазақша тұлғада жұмсалған. Сол сияқты бөлек, билеу (ел билеу), күйеу, біреу, ақча, башлық, йақа (жаға), йарылқа, қыр, ой урушты, ұчрады, чапты дегендер таза қыпшақ сөздері. Тек жеке сөздер емес, тұрақты немесе лексикалық тіркес болып келетін сөздер де қыпшақ тілдеріне, оның ішінде сол кезеңдегі (және қазіргі) қазақ тіліне тән қолданыстар екенін көрсетуге болады. Мысалы, шежіре тілінде кездесетін қыз берді, ел болды, ажабқа қалды, бәнде қылды (тұтқын етті), фарман қылды, кіріфтарлық чекті, хуш келді деген тіркестер беретін мағыналары мен жұмсалатын орындарына қарай қазіргі қазақ тілімен бірдей түседі. Бұл ретте әсіресе образды тұрақты тіркестердің шежіре тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі бірдейлігі өте-мөте көзге түседі. Олардың бірқатары бұл күнде сол мағынада тек қазақ тілінде жұмсалатындығы - Қадырғали шежіресінің тілін қазақ тіліне жақындататын, яғни оны қазақтың жазба әдеби тілі деп танытатын белгілердің бірі. Мысалы, аяқ асты болды, балдызлап берді, бір йашады, ол хатунын йеңгелете (жеңгелей) алды, көңүл қалышты, қыз айттурды, тілегін тіледі, хатун йіберді, хатунны айырды, сөзінден чықмады деген ондаған фразеологизмдердің біз әңгіме етіп отырған шежіре тіліндегі беретін мағыналары мен тұлғалық көрінісі қазақ тілімен дәлме-дәл түседі.
Әрине, Қадырғали жылнамасы тілінде қазақ тіліне тән емес, немесе қазіргі нормаға сай келмейтін сөздер мен тұлғалардың, тұрақты тіркестердің аз емес екендігі сөзсіз. Әсіресе фонетикалық тұлғалануы бөлекше йағмур (жаңбыр), тигәр (тиер), таг (тау), тугды (туды), сығыр (сиыр), төгүрек (төңірек), қатығ (қатты) тәрізді сөздер мен үкүш (көп), біту (жазу), айу (айту), нүң (не), өнгін (өзге), қайу (қайсы) сияқты көне сөздердің жақша ішіндегі сол кездегі (және қазіргі) қазақ авторының ана тіліне тән варианттарымен қатар қолданылғаны байқалады. ....
Рефераттар
Толық

Салауат дұғасы

«Әт-тахият» дұғасынан кейін оқылатын салауат дұғасы: «Аллаһумма салли ‘ала Мухаммәдин уә ‘ала әли Мухаммәд. Кәмәә саллайта ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик ‘ала Мухаммадин уә ‘ала әли Мухаммад. Кәмәә бәәрәктә ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид». Я, Аллам! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазіреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим оның отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән.
Дұғалар
Толық

География | Атмосфералық ауаны тазартудың жолдары

Қала атмосферасының тазалығы – қазіргі таңда адамзатты толғандырып отырған аса маңызды мәселелердің бірі. Бүгінде адамның шаруашылық қызметінің әсерінен бүкіл биосфераның жағдайы алаңдатарлықтай өзгеріске ұшырауда. Қаламыздың көшелеріне жасыл ағаштар отырғызу, өндіріс алаңдарын көгалдандыру, санитарлық қорғаныш жасыл желек қоршаулар жасау өте қажетті экологиялық шаралар болып табылады. Мұндай жасыл аймақтар ластанған ауаның жоғарғы қабатында таралуына және ластаушы заттар қорының жиналуына мүмкіндік бермейді, шаң тозаңдар мен аэрозольды газдардың қалаларға, ауылды жерлерге таралуын бәсеңдетеді.
Бүгінгі таңда Тараз қаласының климаты өте құрғақ және күрт континентальды өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл облыстың Евразия материгінің ортасында, мұхиттардан шалғай орналасуымен түсіндіріледі. Атмосфера циркуляциясының ерекшелігіне байланысты ауа райы көбінесе ашық немесе аз бұлтты болып жиі ауысады, сондай-ақ күн жылуымен жақсы қамтамасыз етілген, кейде ыстық болып келеді. Ауа райының бірден күрт өзгеруі күн мен түн, қыс пен жаз температурасының бірден ауысуынан пайда болады. Облыстың оңтүстік таулы аймақтарының климаты жылы, қысы жұмсақ, ылғалдылығы жеткілікті, ал солтүстік жазық аудандарында қатты құрғақшылық байқалады. Шөлді аймақ 70% алып жатыр.
Облыстың жылдық орташа температурасы 7-100С. Ең суық қаңтардағы айлық орташа температура 5-100С, ал солтүстік және солтүстік батыста 10-140С. Қысқы кезеңдегі абсолютті максимум 40-450С, қиыр оңтүстікте 35-380С аяз. Қысқы кезеңде салыстырмалы түрде төменгі температура көп болмайды. Жылы кезең жоғары температура және құрғақ ауамен ерекшеленеді. Ең ыстық шілде айындағы температура 25-270С, таулы аймақтарда 21-240С болады. Ал шөлді аймақта 470С тең.
Жамбыл облысының территориясынан көп мөлшерде пайдалы қазбалар қоры табылған. Олар фосфаттар, түсті металдар, минералды тұздар, отындық шикізаттар, түрлі құрылыс материалдары. Сондай-ақ республикалық қордың 10 % құрайтын газ кен орны да бар. Республикадағы балансты гипс қорының жартысынан көбі облысқа тиесілі. Республика мен ТМД бойынша ең көп фосфарит қоры Қаратауда шоғырланған. Облыстағы біраз уақытқа дейін негізгі кәсіп орындары тау кен қазушы, тау кен өңдеуші, химиялық өндіріс орындары болды. (АО «Қаратау», ТОО «Қазфосфат», «Минералды тыңайтқыш», ОАО «Химпром», НДФЗ филиалы «Қазфосфат»). ....
Рефераттар
Толық

География | Ауа туралы жалпы түсінік

Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады.
Ал осның бәрі адамның ішіп - жеуге байланысты қажеттіліктерін ғанғ емес, бірінші кезекте күннен күнге еселей өсіп бара жатқан әлеуметтік тұтыныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Ғаламшардың тіршіліктік қорлары мен көздері адамның тамақ ішіп тірі жүруі, өмір сүруі үшін қажет болса, жер қойнауындағы кендер мен қуат қорлары адамның, қоғамның алуан түрлі тауарлық өндірістерінің көзі болып отыр.
Қоршаған ортаның ластануы.
Соңғы елу жылдағы ғылыми-техникалық төңкеріс ықпалымен өндіріс технологиялардың күрт дамуына орай бірнеше жүздеген мың жаңа химиялық, табиғатта бұрын болмаған, өз бетінше тумаған жасанды заттар шығарылып, жан-жақты қолданылу үстінде.....
Рефераттар
Толық

География | Ауаның радиактивті ластануы

Адам іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиактивті заттар өте кең қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауға болатыннемқұрайдылықтың нәтижесінде өте күшті радиациялық ластану болады. Мысалы атом қаруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом станциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір қайықтарды кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде қоршаған ор таның радиактивті нуклеудтермен ластануы өте аз мөлшерде боолады. Осы атомдық энергияны пайдаланатын мекемелерде апат болғанда жағадай өзгеше болады. Радиациялық ластану нәтижесінде түскен радиактивті шөгінділердің өзі бірнеше мыңдаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезеңде әскери өнеркәсіптің радиактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мәселесі тұр. Ол қалдықтар жыл санап қоршағаш орта үшін аса қауіпті болып түсуде.
Радиактивті ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциасы ашылғаннан бастап пайда болды. Атом энергиясын американдықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бұрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт мақсаттарда пайдалана бастады. Атом энергиясын сақтандыру кезінде сақтандыру шаралары қоса жүргізіледі. Өйткені атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті шлак түзіледі. Радиактивті қалдықтарды теңізге, мұхитқа тастауға рұқсат етілмейді. Әрине бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мұхит түбіне радиактивті заттар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлық нормаға дейін радиактивті заттардың концентрациясын азайтатын тазарту қондырғылары салынған. Қалдықтар болондарға салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергиясының мәселелері миллиондаған адамдарды ойландыруда. Атом электростанциядағы апараттарға немқұрайлы қарауға болмайды, олардың ойламаған жерден апатқа ұшыратуы мүмкін. Солардың бірі – Чернобыль ядролық апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясында еш уақытта болмаған апат. Чернобыль апты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған.
Біздің республикамыздағы Семей ядролық сынақ аймағы жайында тоқталып кетсем. Мұнда 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ден астам жер асты және жер бетінде түрлі жарылыстар болып, жарылған заттардың қуаты Чернобыль апаты кезіндегі жарылғыш заттардың қуатынан бір неше мың есе асып кеткен. Осы жарылыстың 27-сі атмосферада, 113-і жер бетінде, ал қалғаны жер астында жүргізілген. Олардың радиактивті қалдықтары жарты миллион адамға зиянын тигізгені белгілі болып отыр. Семей полигонынан басқа Қазақстан жерінде 27 әр түрлі термоядролық сынақтар өткізілетін әскери полигондар болғанын жасыруға болмйды.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақау ысырап және тауарлы материалдық қор қалдықтарының есептері

Ақау көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда маңызды мәселелердің бірі әрі ол басқарушылық жоспарлау мен шығынды бақылаудың ең өткір проблемасы болып табылады.
Шоттардың Типтік жоспарын енгізумен бірге және 52 «Өндірістегі ақау» шотының ішкі бөлімшесін жоюда көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда маңызды болып қалатын бухгалтерлік есеп шотында оның көріну проблемасы пайда болды. Компанияны басқару үшін әлде қайда экономикалық өндірістік процесс және осыған сәйкес бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде өндірілетің өнімде аққау жібермеуді бақылау аса қажет. Ақау белгіленген шектен аспауы керек. Ұйым өнімнің сапасын жақсартуға барынша күш салуы керек, бұл өз кезегінде жалпы шығындарды азайтып, өнімнің өткізілуін жоғарылатады.
Ақау әдетте өнім өндірісіаяқталғаннан кейін көзге түседі (байқалады), оған да сапалы өнімді жасауға кеткен еңбекпен бірдей еңбек күші шығындалады. Алайда, тиімді еңбек өндірісінде жұмысшы материалдарының сапасыздығынан, аспаптардың тозуынан өндірістің қордалы проблемасын құрайтын ақауы бар өнімдерді шығарады.
Ақауға стандартпен белгіленген сапаға, техникалық жағдайға немесе жобалық шешіммен сәйкес келмейтін, нақты (тікелей) тағайындауы бойынша пайдалануға жарамайтын, пайдаланса да оны түзеткеннен кейін ғана жарамды бұйым жатады.
Әлдеқайда экономикалық өндірістік процестің өнімділігін тудырған соң ұйым басшылығы қалыпты деп аталатын ақау нормасын белгілеу керек, яғни ақау нормасын кондициялық (сапалық) өндірістегі шығынның бір бөлігі ретінде қабылдауға басшылық келісті болуы қажет. Бұл ақау өндірістік технологиядан пайда болады. әрі оны болдырмау мүмкін емес, өйткені ол есептік кезенде бақылауға көнбейді.
Ақау – кондициялық емес, яғни ақау деп танылатын сапасыз өнім бірлігі және мүмкін баға бойынша сатылып кетуі де ықтимал. Өңделуі аяқталғаннан кейін ақау деп бөлек немесе толық танылуы мүмкін. Ақау деп танылған бұйымның таза құны бөлінген шығындардың жалпы сомасына (өңдеу сәтіне дейінгі қосу (плюс) істен шығу алу (минус) өткізудің мүмкін құны бойынша шығын) тең.
Ақау – бұл өндірісте пайда болатын өндірілмейтін шығындар. Ол өнімнің шығарылымын кемітіп, оның өзіндік құның артырады.
Ақаудан басқа өндірісте ысырап та болуы мүмкін. Мысалы, бастапқы материалдар шығын кезінде (на выходе) өнімнің бір бөлігі болмайды, жоғалады, буланады, құрғаққа ұрынады немесе экономикалық құны жоқ тұнбаға (шөгіндіге) айналады. (1)
Қалдық – бұл өнімнің бір бөлігі болып табылмаса да белгілі бір құны бар материалдар. Оларды сатуға немесе қайталап пайдалануға болады (яғни өңдеу өнеркәсібіндегі жаңқалар (жоңқа) мен ағаш тақтайлары; металл өңдеу саласындағы құймалар мен болат балқыту).
Ақау, әдетте оның сапасын тексеру кезінде өнім өндірісі аяқталған кезенде пайда болады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақша тауар өндірісі

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.
Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.
Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән. ....
Рефераттар
Толық