Жаңа жыл (Балабақша | Ақшақардың кебісі)

Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
(Сиқыршы шығады)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?
Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен –аман
Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...
деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.
19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы.....
Шығармалар
Толық

Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны

«Қарасаздан ұшқан қарлығаш» деген өлеңінде:
«Мен өзім жайында мынаны айтам:
мен XXI – ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.
Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ...»

деп жазған екен.

Иә, Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ауыл орта....
Шығармалар
Толық

Ата-ананың парызын, өтеу - сенің қарызың

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин



Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан.....
Шығармалар
Толық

Сезім - Мұқағали Мақатаев (+ видео)

Сезбейсің ғөй, сезбейсің ғөй сен мені
Көрмейсің ғой кереметті мендегі
Түсіншеңші сарсам болған пендені
Түсіншеңші ақыл-ойын кем бе беді
Неге бұлай, неге жүрміз көңілсіз
Кетем бе деп қапаланып өмірсіз
Шын ғашықпын, шын....

Өлеңдер
Толық