Самарқан Түркістанұлын әйелі Үриланың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінгенде атың көкжарқын,
Айтайын, жұртым, сөз нарқын.
Суға да малтып жүргенде,
Болмаған екен бір жақын.
Мінгендей атың бозойнақ,
Боз ойнақ тұрар өзі ойнап.
Алты қырға шыққанда
Суға да ақты-ақ көзі ойнап.
Өзенді ағаш ырғалған,
Өңімнен кім бар құр қалған?
Салулы төсек, салқын үй,
Мінеки, жұртым, тұл қалған.
Биссимилла деген сөз басы,
Ойлайды әркім өз басын.
Өз басымды ойласам,
Тиылмайды-ау көз жасым.....
Өлеңдер
Толық

Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ бүркей салдым басыма,
Жер ортаға келген шағымда.
Басымнан бағым тайғаны,
Жаратқан Алла осы ма?!
Арман да арман арманның,
Ақ бүркей басқа салғаным.
Тасып тұрған көңілім,
Жасып бір шіркін қалғаның.
Опасыз дүние жалған-ай,
Ақ бүркей басқа салған-ай!
Салмасқа бар ма амалым,
Шырағым сынып қалған-ай!
Құдірет басқа салған соң,
Басымнан бақты алған соң.
Амалым бар ма көнбеске,
Ақылшым сенен қалған соң?!
Ақ бүркей салып жылайын,
Жылатқан соң құдайым. ....
Өлеңдер
Толық

Кәрімді Ырысалдының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жаз жайлауын айтайын,
Сарғазардың саласы.
Қыс қыстауын айтайын,
Қара судың жағасы.
Сымға тартқан күмістей,
Он саусақтың саласы.
Көрсетумен ұсталды-ау
Қу сатқынның баласы.
Көре алмаған дұшпанның
Енді қанды-ау табасы.
Әуеден ұшқан лашын,
Лашын жаяр құлашын.
Табындағы тарланның
Тас айырды-ау турасын.
Жаны ашыған ағайын
Жыламай қайтып шыдасын.
Елі-жұртым, ағайын,
Мұңымды кімге шағайын. ....
Өлеңдер
Толық

Жарын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінгенде атым кер шұбар,
Тебінген сайын тер шығар.
Тең тұсың сенің келгенде,
Теңселіп үйден кім шығар.
Үйге бір жапқан туырлық,
Заманым кетті қуырылып.
Құрбың сенің келгенде,
Кім шығар үйден суырылып.
Үйге бір салған уықпын,
Әр пәлеге жуықпын.
Айналайын, Құдай-ау,
Сәтсіз де күні туыппын.
Үй артында сырығым,
Ұстаған жерде сынуын.....
Өлеңдер
Толық

Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әуелі Алла жаратқан,
Пендеге күнін санатқан.
Он сегіз мың ғаламды
Бір өзіне қаратқан.
Әуелі, Алла пайғамбар,
Моллалар кітап жайғандар.
Әкемнен жұрты айрылып,
Жүрегімде арман бар.
Көңілімнен шуақ жел есед,
Жас-кәрімен кеңесем.
Мақтанып, әке, жүруші ем,
Тәубәм бір көппен теңесем.
Елінің жоқтап зар-мұңын,
Көтерген әкем нар жүгін.
Алатаудай жас әкем,....
Өлеңдер
Толық

Азалы адамдарды жұбатуға айтылған көріс (Қазақ ауыз әдебиеті)

Базардан келген ақ жаулық,
Шетінен алдым қол жаулық.
Жылама күнім, сабыр ет,
Қалғанға берсін денсаулық.
Ақ көйлек кисе, бедер жоқ,
Ойласа, ойда нелер жоқ.
Жылама, күнім, сабыр қыл,
Өткендерден келер жоқ.
Жылама, күнім, жылама,
Жыламасқа бола ма?!
Жылама деген тоқтау сөз,
Жығылған терең тұра ма?!
Сұңқарың ұшты ұядан,
Жалама жартас қиядан.
Жазмыштан адам артылмас,
Жазуы болған сиядан.
Қамшының сабы бояма,
Бендесін Алла қоя ма?! ....
Өлеңдер
Толық

Сәби балалар үшін жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алатаудың көркі—
Төсінен аққан бұлағы.
Ағын судың сымбаты—
Жайқалып шыққан құрағы.
Оркиіктің көркі—
Ойнақтаған лағы.
Сұңқарды сұлу көрсеткен—
Қанатының қияғы.
Тұлпар жүйрік болмағы,
Құрыштай құйма тұяғы.
Қолында перзент болмаса,
Жігіттің болмас сияғы.
Бала деген—адамның
Қойнынан жанған шырағы.
Баласы жоқ пәнденің
Саңырау болар құлағы.....
Өлеңдер
Толық

Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қош енді, әкем, қош енді,
Қоштасқан жерім осы енді.
Қателігім болса енді,
Кешір, әкем, балаңды,
Кеттің-ау, әкем, кеттің-ау!
Көзімнің жасын төктім-ау!
Жел ұшырған қаңбақтай,
Бұл дүниеден өттің-ау!
Кең дүниеге симадың,
Артыңда қалды жиғаның.
..........................
Жолдасың болсын иманың.
Әкетті сені бақиға,
Алдамшы тірлік жасаған.
Шаңырағың шайқалып,
Мұртынан сынды босағаң.....
Өлеңдер
Толық

Арманым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қайда жүрсің, хабарың жоқ әлі де,
Зарықтырдың лебізіңе, әніңе.
Мен сияқты жүр ме екен сарғайып,
Жер бетінде ғашықтардың бәрі де.

Қайырмасы:

Қарсы аламын,
Жан самадым,
Аңсағаным, арманым!
Сертім бекем,.....
Өлеңдер
Толық