Ырыс қашса туыс қоймайды

Бұрын бір жалғыз басты Туыс деген жігіт болыпты. Ойдан орады, қырдан қырады, артып-тартып үйіне екі-үш айда бір келіп, үйіп тастап тұрады. Бірақ та дүниесі артпайды, кеми береді, берекесі болмайды. Қасында жақын отырған бала-шағалы бір әйел көршісі бар екен, оның ешқандай табары жоқ, үй айналасынан алысқа бара алмайды. Бірақ тұрмысы күннен күнге гүлдене береді. Туыс «бұл қалай?» деп сұрап Ақылға барып сынатады......
Ертегілер
Толық

Самарқан хан

Ерте заманда аңшылықпен күнін көрген бір кемпір мен шал болыпты. Бірақ өмір бойы бір перзентке зар болып жүріпті. Күндерде бір күн кемпір жүкті болып, қыз тауыпты. Арасына бір жыл аралатып тағы жүкті болыпты. Бұл жолы ер бала туыпты. Сөйтіп, кемпір-шал баласының атын Самарқан қойыпты. Міне, осымен Самарқан өсіп, ержете бастайды. Әке-шешесі оны жанындай жақсы көреді. Ол бала өскен сайын ақылды болады. Неше түрлі өнер шығарады. Жасы толғаннан......
Ертегілер
Толық

Зеректік

Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шығып:

— Беймезгіл жүрген түйе көздеріңе түспеді ме? – деп сұрады.

Жолаушының біреуі:

— Түйеңнің оң көзі соқыр ма еді? – дейді.......
Ертегілер
Толық

Бақа

Баяғыда Бақа деген бір шал болыпты. Ол өзі «қой аузынан шөп алмайтын» момын екен, еш уақытта да бір адамға «сені ме!» деген қатты сөз айтпапты. Осы мінезіне қарай, Бақаны жұрт келемеждеп «әулие» деп атапты. Бара-бара Бақа деген аты ұмытылып, оған Әулие деген ат тағылыпты.

Бақа бір күні бір топ адамға ілесіп, қалаға шығыпты. Қаладан қайтып келе жатқанда, нөсер жаңбыр жауып, көппен бірге жолдағы бір үйге қонуға душар болыпы. Бұлардың қонған үйіне, ел қыдырып, сауда істеп, жұртты алдап, мал тауып жүрген бір бақалшы саудагер де қонады.......
Ертегілер
Толық

Қыз бен тазша

Бұрынғы өткен заманда бір қыз патша болған екен. Қыз патша күндердін бірінде қол астындағы халқына: «Кімде-кім мені алғысы келсе, жатқан жерімнен қозғамай, үш рет тек сөзбен көтерсе, сол кісіге тиемін», – деп жар салады. Сол уақытта бұл хабарды бір тазша естіп, қыз патшаның үйіне келіп:

— Тақсыр, арызым бар, рұқсат етсеңіз, айтар едім! – деп сұрайды. Қыз патша рұқсат етеді, тазшаның сондағы айтқан арызы мынау екен:

— Бұрынғы уақытта бір молда, бір ......
Ертегілер
Толық

Ат бағушы құл

Бұрынғы өткен заманда бір ханның үш тұлпары болыпты. Бұл тұлпарын өзінің бір өте сенімді құлына бақтырады екен. Хан сейілге шығарында, ханның мінемін деген тұлпарын ат бағушы құлы ерттеп әкеп беріп, кешке тапсырып алып тұрады екен.

Бір күндерде хан уәзірлермен өзара кеңесіп отырып:

— Менің тұлпарымды бағушы құлым өмірінде өтірік айтпайды, мұндай да өтірік айтпайтын адам болады екен, – депті.

Сонда қасында отырған бас уәзірі:

— Тақсыр-ау, өтірік айтпайтын адам баласы бола ма екен? Ол құлыңыздың өтірік айтуына тура келетін істер кезікпей жүрген шығар, – депті.

Сонда хан:

— Ол құлым өліп кетуіне қайыр, бірақ өтірік айтпайды, – депті.......
Ертегілер
Толық

Сапаһи

Ертеде Сапаһи деген кісінің теңдесі жоқ, өте сұлу әйелі болыпты. Әйелінің сұлулығы сонша бір көрген адам екінші көруге құмарланып, сол көргенін ауызбен айтып жеткізе алмайды екен. Ері Сапаһи әйелін өте жақсы көріп, әйелі үйде отырса үйде отырып, тысқа шықса әйелімен бірге тысқа шығып, қашан ұйқыға барғанша әйелінің бетіне қарап мөлиіп отырудан басқа тіршілік етпепті.

Сонымен бірнеше жылдар өткізіпті. Сапаһи басында жақсы ауқатты адам болса да, басқа әрекеті болмаған соң, ақыры кедейлене бастапты. Бара-бара тұрмысы тіпті нашарланып кеткен соң, бір күні әйелі отырып Сапаһиге:

— Қолдағы мал-мүлік, ақша таусылды, жұрт қатарлы істеп жүрген тіршілігіміз жоқ. Енді жанды қалай......
Ертегілер
Толық

Биология | Сүйек сынға шыққан соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек

152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.

153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ

ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ
Жалғанаяқтылар – көпшілігі теңізде, тұщы суда, кейбіреуі топырақта, мүк арасында тіршілік ететін, белгілі дене дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер. Бұлардың денесін плазманелла деп аталатын қарапайым цитоплазмалы жарғақша қаптайды. Жалғанаяқтылар класында 11000-нан астам түр бар деп есептеледі. .....
Рефераттар
Толық

Биология | ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жалғанаяқтылар класына жататын жәндіктер теңізде және тұщы суларда, кейбір түрлері паразит ретінде еркін тіршілік етеді. Топырақта, сондай-ақ батпақты жердегі мүк арасында мекендейтін түрлері де бар. Олардың денесі бр ғана жасушадан тұрады.
Жасушасы қабықшасыз болғандықтан, жалғанаяқтылардың денесінде тұрақты пішін болмайды. Электрондық микроскоппен ғана көрінетін өте жұқа жарғақша немесе плазмалемма жасуша ішіндегі цитоплазма қозғалысынан бірде созылып, бірде қайтадан қалпына келіп, .....
Рефераттар
Толық