алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Ырыс қашса туыс қоймайды

 Ырыс қашса туыс қоймайды

Бұрын бір жалғыз басты Туыс деген жігіт болыпты. Ойдан орады, қырдан қырады, артып-тартып үйіне екі-үш айда бір келіп, үйіп тастап тұрады. Бірақ та дүниесі артпайды, кеми береді, берекесі болмайды. Қасында жақын отырған бала-шағалы бір әйел көршісі бар екен, оның ешқандай табары жоқ, үй айналасынан алысқа бара алмайды. Бірақ тұрмысы күннен күнге гүлдене береді. Туыс «бұл қалай?» деп сұрап Ақылға барып сынатады, кеңес сұрайды. Ақыл «Бақытқа бардың ба?» – дейді. Туыс бармағанын айтады. Ақыл «Ендеше, сен соған бар, ол тентек менің айтқанымды орындатпайды, бұзып жібереді»,– дейді. Туыс Бақытты іздеп келе жатып, жолдағы бір қара қосқа кіреді. Кірсе бір-шал, бір кемпір, бір бойжеткен ақсақ қыз отыр. Туыс түстеніп кетерінде шал Туысқа аманат тапсырады: «Бақыттан сұрай кел, қызымды қандай адамға берейін?» – дейді. Туыс жүріп келе жатып дария жағасында басы иіліп жерге тиіп тұрған бір бәйтеректің көлеңкесіне дем алады. Бәйтерек те аманат тапсырады: «Басымды жаңа шыққан уақытымнан бері жер тартып жібермейді, бұған не амал қыламын?» – дейді. Бақытқа жетіп, келген жұмысын айтып болған соң, Бақыт Туысқа: «Ақылға бармадың ба?» – дейді. Туыс «Бармадым, бірақ ол әуелі сізге бар, әйтпесе ол менің айтқанымды орындамайды, бұзып жібереді деді», – дейді. Бақыт күліп «рас» депті. Бақыт бәрін де тыңдап болып Туысқа:

— Қайт, бара жатып бәйтеректің басын иіп тұрған бір тұлып алтын бар, соны сен қазып ал, сонда бәйтерек басын көтереді, алтынның жартысын шал мен кемпірге бер де, солардың ақсақ қызын ал, – дейді. Туыс айтқандарын орындайды. Туыстың өмірі содан кейін өркендейді.

«Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген және «Ырыс қашса, туыс қоймайды» деген мақал содан қалыпты.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы