Қалқаман Сарин (Айсұлу)

Арқанын керім кешінде, жаным, кездестік,
Сұлуды көрсем жан емес едім сезбес түк.
Білектей бұрым, беліңе дейін бұралып,
Төгіліп тұрды. Көрініп тұрды көзге ыстық.

Қызарып барып кірпігін Күн де жапты әрең,
Жарық жалғанмен....
Өлеңдер
Толық

Қалқаман Сарин (Айналайын)

Сен жақсы көретін ең жақсы мерейлі мезгіл боп,
Сен жақсы көретін ең жақсы санамда сөз бүрлеп.

Сен жақсы көретін ең жақсы шырайлы Күнге ұқсап,
Сен жақсы көретін ең жақсы....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Қаздар қайтып барады мекеніне)

Қаздар қайтып барады мекеніне,
(Қанаты бар мақұлық кетеді де).
Қаз-қаз басып, қалтырап қария тұр
Дәрмені жоқ таяғын көтеруге.
Қарашаның қалықтап желіменен,
Қаздар кетті қоштасып көліменен,
Қайтқан құстың.....
Өлеңдер
Толық

Тұманбай Молдағалиев (1935 - 2011)

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылында туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. 1956–1959 жж. «Пионер» журналында әдеби қызметкер, 1959–1971 жж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор болған. 1971—1973 жж. «Балдырған» журналында жауапты хатшы, 1973–1984 жж. «Жалын» альманахының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1984–1986 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды. Қазір «Балдырған» журналының бас редакторы.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы басылды. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қалқаман Сарин (Ай)

Түн. Бұлыңғыр бір мұңға боялды көк,
Мен отырмын, ой – сергек, ояу – жүрек.
Алабұртып аспаннан іздегенім -
Үнсіз ғана сырласар аяулым ед...

Әппақ, әппақ арманым Айға асығып,
Қайтып жерге түседі қайғы асынып.
Жұбатады жанымды....
Өлеңдер
Толық

Фариза Оңғарсынова (Ақжайық)

Қыстағы байсалдылық былай қалып,
Жайықтың суы жатыр ылайланып.
Бұлқынған сағынышпен жүректердей,
соғады жарға толқын шыр айналып.

Толқынын Ақжайықтың тамашалап,
қиялдар жетелейді қарасам-ақ.
Кейде үнсіз, кейде....
Өлеңдер
Толық