Ой, кідігай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қызықты қыздай дәурен өтті бізден,
Ой, қартайсаң да қыз кетпейді көңілімізден.

Қайырмасы:
Ой, кідігай,
Қызықты-ай,
Қыздар-ай!

Бір кезде қыздар төрем деуші-ақ еді,
Ой, бір құдай берген шығар пейілімізден.....
Өлеңдер
Толық

Ақылбайдың әні (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бір ән тауып Әлекең бер деген соң,
Матай да алыс бірталай жер деген соң.
Он минутта ойыма осы ән түсті,
Қапаш-құпаш қолымда сермеген соң.

Қайырмасы:
Ай, аққудай, аққудай,
Ай, аку, дариға-ай!....
Өлеңдер
Толық

Іңкәр-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ер тоқымнан кетпейді аттың қағы,
Талаптанбай ашылмас ердің бағы.

Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.

Тәуекелге беліңді бек байлайсың,
Ер жігіттің арымас арғымағы.

Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.....
Өлеңдер
Толық

Райхан гүл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көйлек,қызыл қамзол, лағыл маңдай,
Аузың бал, тілің шекер,нәзік таңдай.
Халіңнің қасіретінен берші хабар,
Жолыңа сарп етейін жиған малды-ай.

Қайырмасы:
Ахау,құрбым,қыз - қызыл гүл,
Лағылша жазғы таңғы райхан гүл!....
Өлеңдер
Толық

Көк ала тай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көк ала тай, көтерші иегіңді,
Өлсең тауып қояйын сүйегіңді.
Жаным сүйген жан сәулем деп жүргенде
Қандай жеңгең айнытты жүрегіңді.

Қайырмасы:
Уа, жаным сүйген қалқам-ай,
Қалды құмар тарқамай.
Арманда өткен жан сәулем,
Іштегі сырды айта алмай. ....
Өлеңдер
Толық

Бұрылтай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Таңбасы жоқ, ені жоқ бұрылтайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құба жонға шоқытып шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың.

Қайырмасы:
Ахау,бикем, жар-жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Қош-есен бол, құрбым-ай,
Құрбылықпен жүрдім жай.
Ахау, айдай,....
Өлеңдер
Толық

Ғайни (Қазақ ауыз әдебиеті)

Есімнен еш кетпейді Ғайни атың,
Өртеген жүрегімді перизатым.
Бұлақтай көгал қуған таудан құлап.
Бересің кімге арнап бал ләззаттан?!

Қайырмасы:
Ғайни-ау, сәулем,
Жүрегім менің бүйтіп сенің әурең.....
Өлеңдер
Толық

Шәпибай-ау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дегенде Шәпибай-ау, Шәпибай-ау,
Атымды талға байлап, келдім жаяу.
Атымды талға байлап келсем жаяу,
Шәпи қыз отыр екен ұйқылы ояу.

[Қайырмасы]
Ахоу, қайран жар ай, (3)
Пай-пай-пай!
Бөде үй, бөде үй,
Арман-ай!....
Өлеңдер
Толық

Өтесің, қайран заман-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дегенде ырғи-қырғи,ырғи-қырғи,
Қанаты құйрығынан ұзын қырғи.
Барынды оралыңның ойна да күл,
Барады өтіп заман сырғи-сырғи,
Өтесің, қайран заман-ай!

Базардан алып келген алтын сақа,
Күлмесем,ойнамасам ішім қапа.
Барында оралыңның ойна да күл,....
Өлеңдер
Толық